Шошқа фермаларында ауру негізінен шеттен әкелінген вирус алып жүруші шошқалармен
немесе Ауески ауруынан өлген кемірушілердің
өлекселерімен ластанған жеммен,
зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарымен келеді. Ауру қоздыршуысын көрші сау емес
шаруашылықтардан шұбырып келетін кемірушілер де әкелуі мүмкін.
Ірі шаруашылықтарда ауру әдетте індет ретіңде жаппай білінеді, оның себептері:
шошқаның үздіксіз сапырылыстырылып ферма ішінде орын ауыстыруы және вирустың
жұғымталдығы, ұсақ шаруашылықтарда ауруға 2-3 ұядағы торайлар ғана шалдығып, тез тоқтап
қалады. Ірі бордақылайтын және торай өсіретін шаруашылықтарда жануарлар үздіксіз
келіп
жатқандықтан індеттің қаулауы үздіксіз болып, ауру мал басын жаппай қамтиды, 3-4 апталық
торайларда ауру негізінен зілді өтеді де, әдетте өліммен тынады. Одан ересек торайларда ауру
зілді өткенмен көбі тірі қалады. Ересек торайлар мен үлкен шошқалар жеңіл, әдетте байқаусыз
ауырады да, тек қана серологиялық зерттеу арқылы ғана анықталды. Ауырған шошқалармен
жанасқан басқа мал түліктері де ауруға шалдығуы мүмкін.
Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы
қатаң сауықтыру шаралары
жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтанып, оның энзоотиялық ошағы пайда болады. Індет ошағының
тұрақты болу себептері: ұзаққа созылатын вирус алып жүру, табынды үздіксіз жас
мегежіндермен
толықтыру, шаруашылықтың өзіңде өсірілген төлдің ауруға бейім
жануарлардың санын молайтьш отыруы. Сондықтан бір басталған індет шаруашылықта үздік-
создық бірнеше рет қайталанып, талай жылдарға созылуы мүмкін.
Кемірушілер арасында Ауески ауруы бірнеше қайталайтын
ұзаққа созылатын індет
ретінде байқалады. Әдетте шошқада болатын індеттің алдында тышқандар мен егеуқұйрықтар
жаппай қырылады, және соның салдарынан болған иттер мен мысықтар арасында ауру
байқалады.
Терісі бағалы аңдардың арасында Ауески ауруы зарарсыздандырылмаған
шошқаның
қасапқанадағы тастандысы арқылы аз уақыт қана қаулайды. Ал сиыр мен жылқыда бірең-сараң
малдың ауыруымен шектеледі.
Ауески ауруының қаулауына маусымдылық тән болмаса да, күздің қысқа ауысқан кезінде
жиірек байқалады. Оның себебі бұл уақытта кемірушілердің мал қораларына қарай аууы,
жануарлардың күтімінің нашарлауы, ветеринариялық-санитариялық ахуалдың төмендеуі орын
алады.
Достарыңызбен бөлісу: