Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет44/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   146
вирус

Иммунитет. Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет 
қалыптасады. Аурудан жазылған шошқаның қан сарысуында вирусты бейтараптаушы 
антиденелердің титрі 1:32-1:256 шамасында болады. Енесін еміп жүрген торайларда уыздан 
ауысқан коластральді иммунитет болады. Бірақ оның күші мен ұзақтығы шамалы ғана. 
Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа, сиыр және қойдың Ауески 
ауруына қарсы өсіннен алынған құрғақ ВГНКИ вакцинасы қолданылады. Сау емес 
шаруашылықтарда шошқаны екі рет 20-25 күн аралатып егеді. Иммунитет бірінші еккеннен соң 
5-7 күн өткенде қалыптасып, 1,5 жыл бойы сақталады. 
Шошқаны егу үшін сонымен қатар БУК-628 штаммынан даярланған вирус-вакцина 
қолданылады. Ол шаруашылықты тез арада сауықтырып, вирус алып жүруді тоқтатады. 
Терісі бағалы аңдарды, қой мен шошқаның белсенділігін жойған Ауески ауруына қарсы 
өсінді вакцинамен егуге болады. Бұл препарат мүлдем зиянсыз, иммунитет аңдарда 6 ай, қой 
мен шошқада 10 ай сақталады. 
Ауески ауруына қарсы иммуноглобулиндік препараттар арқылы қалыптасқан енжар 
иммунитеттің ұзақтығы 3-4 апта. 
Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу шаралары мал фермаларында және 
оның маңайында індеттің синантроптық және антропургиялық жасырын табиғи ошағы пайда 
болатындай кең территорияда жүргізіледі. Сондықтан ауруды дауалаудың маңызды алғы шарты 
үй және жабайы жануарларды тегіс қамтитын жаппай жоспарлы түрде індеттанулық бақылау 
жүргізу. 
Әсіресе 
мұңдай 
шаралардың 
кемірушілерді 
қамти 
отырып, 
шошқа 
шаруашылықтарының 
территориясында 
іске 
асырылуының 
маңызы 
зор. 
Ондай 
шаруашылықтарда шошқаны вирус алып жүрушілікке биосынама және серологиялық 


реакциялар арқылы тексереді. Сау шаруашылықтағы жануарлардың қанында ауруға тән 
антиденелер болмайды. 
Ауру қоздырушысын әкелмеу үшін асыл тұқымды малдар мен жемшөпті тек қана сау 
шаруашылықтардан ғана алу керек. Жалпы Ауески ауруына серологиялық тексеруден өтпеген 
малдарды бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына мейлінше тосқауыл қойған жөн. Ауруды 
дауалаудағы ең басты шара – кемірушілермен жүйелі түрде күрес жүргізу, иесіз бұралқы иттер 
мен мысықтарды жою. Қасапхана тастандылары мен тамақтың қалдықтарын жануарларға әбден 
зарарсыздандырып барып қана беру керек. Тамақ қалдықтарын пайдаланалатын шошқа 
бордақылайтын шаруашылықтарға шошқаны малдануға өсіретін фермаларды жақын 
орналастыруға болмайды. Ауру шығу қаупі төнгенде шошқаларды жаппай егеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет