Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет56/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146
вирус

(Dermatitis nodularis bovium) 
Ірі қараның нодулярлы дерматиті (ірі қара терісінің түйінді қабынуы) – жіті түрде өтетін 
аса қауіпті вирустық індет. Ауру қызбамен, терінің түйінді қабынуы және некрозға 
ұшырауымен, тері асты клетчаткасының, ішкі органдарының және көзінің, лимфа жүйелерінің, 
тыныс және азық қорыту жолдарының зақымдануларымен сипатталады.
Ауру қоздырушысы ДНҚ-лы бар вирустар тобына, Poxviridae тұқымдастығына, 
Capripoxovirus туыстығына жатады. Бұл аурудың жұғымтал екендігін алғаш 1943-1945 
жылдары Бакстром дәлелдеген. Ал 1959 жылы Александер, Плоурайт және Хайг ірі қара 
терісінің түйінді қабынуын тудыратын вирустарды 3 топқа (BLD, Allerton және Neethling
бөлген. Олар бір-бірінен вируленттілігі, иммуногенділігі және цитопатогенді әсері бойынша 
ажыратылады. Neethling деген түрі залалды түйінді дерматитті тудырады. Neethling вирусының 
жетілген вирионы дөңгелек пішінді, сырты екі бабатты қабықшамен қапталған. Морфологиясы 
жағынан шешек вирусына ұқсас келеді. 
Нодулярлы дерматит вирусы рН 2-10 аралығындағы орталарға төзімді, 20%-ды эфирге, 
1%-ды хлороформ мен формалинге сезімтал келеді. +55
о
С-де 2 сағат, ал 65
о
С-де 30 минут 
аралығында инактивацияланады. Зақымдалған теріде 4 айға дейін сақталады.
Ірі қараның нодулярлы дерматитін балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында жүргізілген зерттеу 
нәтижелеріне негізделген.
Клиникалық балауы. Барлық жастағы мүйізді ірі қаралардағы аурудың жасырын кезеңі 7 
күннен 12 күнге созылады. Жиі жағдайда ауру ағымы жіті, жітілеу, созылмалы түрде және 
симптомсыз өтеді.
Аурудың жіті ағымында малдардың дене қызуы бірде 40-41,5
о
С-ге дейін көтеріліп, қайта 
нормаға түсіп, құбылып тұрады. Азыққа тәбеті төмендейді, көзі жасаурайды, танауынан 
серозды-кілегейлі сұйықтық ағады. 48 сағаттан кейін денесінің барлық жеріндегі тері 
беткейінде томпайған, дөңгелек пішінді, диаметрі 0,2-5 см болатын бөртпелер пайда болады. 
Сосын ұсақ бөртпелер бір-бірімен қосылып, некрозға ұшырап, құрғайды да қабыршақтанып, 
түсіп қалады. Тері бетіндегі түйіндер терінің барлық қабатына, тері асты клетчаткасына және 
бұлшық етіне өтіп кетеді. Мұндай малдардың салмағы төмендейді, сауын сиырларда желінсау 
байқалады, лимфа бездері 4-10 есе ұлғаяды. Ауыздарынан көп мөлшерде қою, созылымды және 
жағымсыз иісті сілекей ағады. Көздің молдір қабығы лайланып, жартылай немесе толығымен 
көзі көрмей қалады. Кейбір жануарлардың сіңірлерінің қабынып, некрозға ұшырауынан
буындарының зақымдалуынан аяқтары ақсайды. Аурудың асқынған түрінде трахеяда, 
жұтқыншақта түйіндер пайда болып, өкпе ісініп, асфиксия немесе бронхопневмония әсерінен 
малдар өледі (10% кейде 95%-ға дейін).
Жітілеу түрінде тері бетінің зақымдалуы онша байқалмайды, дене қызуы аз уақыт 
көтеріледі, мал күйзеледі, азыққа тәбеті болмайды. Кей жағдайда екіншілік бактериалдық 
инфекцияның әсерінен жұғымтал түйінді дерматит асқынады. Бұл кезде трахеит, пневмония, 
жыныс мүшелерінің зақымдалуы, уақытша бедеулік, желін безі ұлпаларының атрофиялануынан 
мен индурациялануынан некротикалық желінсауға ұшырауы және артрит байқалады. 
Сауығып келе жатқан жануарлардың терісіндегі ісіктер мен түйіндер басылып, жарақат 
орындарының жүні түседі, терісі жарылған және құрғаған терілері жаңарып, жүн өсе бастайды. 
Процесс асқынған жағдайда терідегі түйіндер қатайып, бір жыға немесе одан да ұзақ уақытқа 
дейін өзгермей тұра береді.
Патологоанатомиялық балауы. Жануарлардың тері қабаттарында, тері асты клетчаткасы 


мен бұлшық еттерінде түйінді ісіктер, қанталаулар, некротикалық ошақтар мен жаралар 
болады. Регионарлық лимфа бездері ұлғайған, ісінген, қанталаған, кескенде шырынды болып 
келеді. Ауыз бен мұрын қуыстарында, көмейінде, кеңірдегінде, бауыры мен талағының 
капсуласында, үлкен қарын мен ұлтабардың кілегейлі қабаттарында түйіндер мен жаралар 
байқалады. Өкпесі ісінген. ішектің кілегейлі қабықтары қанталаған, энтерит белгілері көрінеді. 
Тестикуласы мен қуығында жаралар мен эрозиялар көрінеді. 
Дифференциалдық балауы. Ірі қараның нодулярлы дерматитін аусылдан везикулярлық 
стоматиттен, шешектен, есекжемнен, тері туберкулезінен, ірі қараның обасынан, 
стрептококкоздан, гиподерматоздан, демодекоздан, қышымадан, кенелер мен жыландардың 
шағуынан, дерматомикоздардан ажырату қажет. 
Зертханалық балауы. Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Ауруға шалдыққан 
немесе өлген малдардан патологиялық материал ретінде аурудың бастапқы сатысндағы тері 
түйіндерінің биопсиясы, зақымдалған ошақтары, құрғақ некрозға ұшыраған тері мен тері асты 
клетчаткаларының қабыршақтары, алады.
Гистологиялық және гистохимиялық әдістермен зерттеу үшін патологиялық 
материалдарды формалинге салып зертханаға жібереді. Серологиялық зерттеулерге жіті 
ағымдағы ауру және сауығып келе жатқан малдардан алынған қан сарысуларын алып, 
зерттегенге дейін қатырып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет