ошағы жойылғаннан кейін де 3 жыл бойы сақтық вакциналау жүргізіледі. Сиыр, шошқа,
жылқыда шешек байқалған індеттің кең таралу сыңайы болғанда ғана вакцина егеді.
Карантин шешекпен ауырған соңғы қой, ешкі немесе түйе толық жазылған соң, болмаса
өлген немесе сойылған соң 20 күн өткенде алынады. Карантин алғанда қорытынды
дезинфекция жасалып, жануарлардың үстері зарарсыздандырылады. Шектеу сиырдың шешегі
кезінде 20 күн
өткен соң, ал шошқаның шешегі кезінде 14 күн өткенде, карантинді
тоқтатардағы шарттарды орындап барып, алынады.
Құс шаруашылықтарында шешекке диагноз қойылған жағдайда ауырған құстарды сойып,
етін қайнатып содан соң пайдаланады. Барлық жастағы құстарды әкетуге тиым салынады. Сау
емес шаруашылықтың жұмыртқасын тек қана азық-түлікке жаратуға рұқсат етіледі.
Егер шешек
жаппай етек алатындай болса, барлық құсты сойған жөн. Ауру шықпаған шаруашылықта құс
қораларында шартты түрде сау құстарды түгелдей вакцинамен егеді.
Сонымен қатар қатер
төнген аймақтағы барлық құстарды жеке меншіктегісімен қоса вакцинамен егеді. Құс
қораларды 4% күйдіргіш натрийдің ыстық ертіндісімен, формальдегиттің аэрозольді
шашырандысымен, 20 % жаңа сөндірілген әкпен дезинфекциялайды. Мамық
пен қауырсынды
1% күйдіргіш натрийге 3% формальдегидпен зарарсыздандырады. Құстың саңғырығын жинап,
көң қоймасында биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады. Карантинді ауру жойылған соң 2
айдан кейін алады. Оның алдында құс қораларын мұқият тазартып, дезинфекциялайды. Ересек
құс пен балапандарды басқа шаруашылықтарға апаруға карантин алынған соң 6 ай өткеннен
кейін ғана рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: