АЛҒЫ СӨЗ
Халықаралық ислами ойлар институты Исмаил әл-Фаруки
жазған «Ислам өркениетінің өнері» мақаласын шын жүректен
назарларыңызға ұсынады. Бастапқыда Исмаил әл-Фаруки мен
Лоис Ламиа әл-Фарукидің «Ислам мәдени атласы» еңбегінің
(1986) сегізінші тарауы болып жарық көрген бұл мақала ис-
ламның бүкіл дүниетанымын, оның діни сенім-дәстүрлерін,
құрылымын және әлемде алатын орнын таныстырған іргелі
және беделді еңбектің бір бөлігі ғана болды. Картадағы ил-
люстрациялардан басқа барлық сурет жаңартылған және мақа-
лада басқаша көрсетілмесе, олар түпнұсқадан басқа суреттер.
Мәтіндегі тарауларға сілтеме жасайтын жерлерді түпнұсқадан
табуға болады.
Профессор Исмаил Раджи әл-Фаруки (1921-1986) ‒ палести-
налық-американдық философ, көріпкел және салыстырмалы дін
саласындағы беделді адам. Исламның ұлы заманауи зерттеушісі,
оның білімпаздығы дінді зерттеуді, ислами ойларды, ғылымға
деген көзқарастарды, тарих, мәдениет, білім, конфессияаралық
диалог, эстетика, этика, саясат, экономика және ғылым, мәдени
салаларды қамтитын исламтану ғылымының барлық спектрін
қамтыды.
Әл-Фаруки ХХ ғасырдағы ұлы мұсылман ғұламаларының
бірі болғаны сөзсіз. Бұл мақалада ол исламның мәні мен мағы-
насын әлемге кеңірек таныстыра отырып, таухидты (Алланың
жалғыз екенін) Ислам дінінің іргетасы ретінде және ислам өр-
кениетіне өзіндік ерекшелік беретін алғашқы айқындаушы қағи-
да ретінде көрсетеді.
1981-жылы құрылған Халықаралық Ислами ойлар институ-
ты (ХИОИ) исламдық көзқарастарға, құндылықтар мен қағидат-
тарға негізделген салмақты ғылыми еңбектерге қолдау көрсе-
тетін маңызды орталық ретінде жұмыс істейді. Институттың
соңғы отыз жылдағы зерттеу бағдарламаларының, семинарлары
мен конференцияларының арқасында ағылшын және араб тіл-
дерінде төрт жүзден астам еңбек жарық көрді, олардың көпшілігі
басқа негізгі тілдерге аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |