ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӨНЕРІ
Ислам өркениетінің қай аспектісін қарасақ та, оның
түпкілікті мәні мен жасампаздық негізі Исламның Қасиетті
кітабы Құранға негізделгенін есте сақтау керек. Ислам мәде-
ниеті, шын мәнінде, «Құран мәдениеті». Өйткені оның анықта-
малары, құрылымы, мақсаттары және осы мақсаттарды жүзеге
асыру әдістерінің барлығы біздің
дәуіріміздің VII ғасырында
Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарға Алла Тағала тарапынан уахи
арқылы түсірілген. Бұл – Исламның Қасиетті Кітабынан ала-
тын Түпкі Ақиқат туралы білім ғана емес, табиғат әлемі тура-
лы, адам мен басқа барлық тіршілік иелері туралы, білім тура-
лы, қоғамның салауаттылығы үшін
қажетті әлеуметтік, саяси
және экономикалық институттар туралы, бір сөзбен айтқанда,
әрбір салаға қатысты бірдей әсерлі және айғақты идеялар.
Әрине, бұл 114 сүреден немесе тараудан тұратын шағын кітап-
та әрбір әрекет саласының нақты түсіндірмесі мен сипаттамасы
сөзбе-сөз жазылған дегенді білдірмейді. Онда тұтас мәдениет
пен өркениетке негіз болатын қағидалар қарастырылғанын
ғана білдіреді. Яғни Алланың бұл аяны болмаса,
мәдениеттің
пайда болуы мүмкін емес еді; бұл аян болмаса, ислам діні де,
ислам мемлекеті де, ислам философиясы да, ислам құқығы да,
ислам қоғамы да, исламдық саяси немесе экономикалық ұйым
да болуы мүмкін емес еді.
Негізі мен уәжі, іске асырылуы және мақсаты жағынан ис-
лам мәдениетінің бұл аспектілері Құранның аясын-
да
қарастырылатыны сияқты, ислам өркениетінің өнерін де
Құраннан туындайтын
1
және соған сүйеніп іске асырылатын
эстетикалық көрініс ретінде қарастыру керек. Иә, Ислам өнері
шын мәнінде Құран өнері.
Ислам дінін өнерді жоққа шығаратын немесе тыйым сала-
тын нонконформисті және консервативті дін ретінде қарасты-
ратын мұсылман еместер үшін бұл мәлімдеме таңқаларлық бо-
луы мүмкін. Ия, өнердің белгілі бір нысаны мен түріне ғана
эстетикалық тұрғыдан қатысу,
басқаларынан бойды алшақ
ұстау керектігін айтқан ғұламалар (білімді адамдар) мен үм-
беттердің нұсқауларын дұрыс түсінбеген кейбір мұсылмандар
үшін де бұл түсініксіз болуы мүмкін. Себебі кейбір мұсылман-
дар бұл әрекеттерді ислам өнерімен айналысу туралы емес,
одан бас тарту туралы нұсқау деп ойлады. Бұл екі пікір де ис-
лам өнері мен оның түп-тамырын түсінбеушіліктен туған.
Олай болса, ислам өнерінің Құран арқылы көрінетін бояу-
ларын, иірімдерін, пішіндері мен дыбыстарын қалай қарасты-
руға болады? Мұны түсіндіруге негізделген үш деңгей бар.
І
ДЕҢГЕЙ
Құран ‒
таухидтің немесе трансценденттіліктің
(шеті-шегі жоқ құдірет) анықтаушысы ретінде
Достарыңызбен бөлісу: