Екінші жағынан, осы қызметтердің кейбіреулері зерттеудің барлық барысына
тән болуы мүмкін.
Диагностика мен мақсат қоюдың қызметі
алдыңғы кезеңде не
істелгендігін, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қандай деңгейге
жеткендігін, мұғалімдердің нені меңгергендерін,
қандай жағдай тудыра
алғандарын, қандай зерттеу міндеттері шешілгендігін саналы түсінуде.
Процедура мен логиканы анықтау
алдыңғы кезең нәтижелерімен
байланысты. Осы кезеңде болжанбаған жағдайды ескеру керек, сонымен
қатар құжаттарды, зерттеу процедураларын
детальді өңдеу керек, олардың
координациялары мен синхронизациялары.
Нәтижені болжау.
Объектіні ойша өзгерту процедурасы. Бұл кезеңде
ойдың констуктивті элементтері, мысалы, қандай-да бір түпнұсқаны
бағыттың конструктивті элементтері көрініс береді, әлі қол жетпеген,
бірақ нәтижесі мүмкін болатын құбылыс елестетіледі. Болжау қызметі жеке
шығармашылықта немесе ұжымдық іс-әрекетте «мозговой штурм», ойындар,
жағдаяттарды талдау түрінде жүзеге асады.
Практикалық өзгерістер қандай да бір жаңалық үшін
орындалған
барлық дайындық жұмыстарын көрсетеді: жаңа пәндер, жаңарған
бағдарламалар, оқулықтар, технологиялар және оқыту мен тәрбие құралдары.
Кадрларды іздеу мен оқытуды ынталандыру педагог-зерттеушілерге
шығармашылық еркіндік беру, өз күштеріне деген сенімсіздікті жоюға,
психологиялық
«кедергілерді»
төмендетуге,
ізденіс
мотивациясын
жоғарылатуға қызмет етеді.
Зерттеу
жұмыстары
моральдік
және
материалдық
ынталандырылады, жас зерттеушілер жеке психологиялық
қолдаумен және
кадрларды жүйелі оқытумен қамтамасыз етіледі.
Нәтижелерді талдау, жалпылау, апробациялау.
Осы қызметті
орындаудағы басты міндет жетістікке жетудің шешуші факторларын
анықтау, дамудың сыртқы және ішкі жағдайларын салыстыру, ой, мазмұн,
құралдар мен нәтиженің өзара байланыстарын салыстыру.
Алдағы жұмысты түзету
алынған мәліметтерді талдау және зерттеудің
аппараттары мен процедураларының тиімділігін бағалаудан барып шығады.
Практикалық жұмысқа, зерттеудің әдістері мен логикасына өзгерістер
ендіріледі.
Зерттеу әдістерінің жиынтығы зерттеудің
кешендік әдістемесін
құрайды және зерттеушінің болжамды тексеруіне мүмкіндік береді.
Тәжірибені, бақылауды, сұрақнаманы зерттеу мен жалпылау педагогикалық
құбылыстар туралы шынайы мәлімет алуға және педагогикалық үдеріске
жаңалық ендіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: