Зерттеу объектісі - бұл қасиеттер мен қатынастардың белгілі бір
жиынтығы. Бұл ғылыми танымның объектісін
объективтілік пен
субъективтінің бірлігі ретінде көрініс беруіне әкеледі.
Педагогикадаға зерттеу объектісі - таным субъектіміне тәуелсіз және
зерттеушінің зейіні аударылған қандай да бір үрдіс, құбылыс, мысалы
төменгі
сынып оқушыларын оқыту, оқу біліктіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру үрдісі, белгілі бір технологияның тиімділігі.
Зерттеу пәні ұғымы өзінің мазмұнына байланысты нақтылау болып
келеді: зерттеу пәнінде дәл қазір терең арнайы зерттеуге алынған объектідегі
қасиеттер мен қатынастар тіркеледі. Бір ғана объектінің әр түрлі
зерттеу
пәндері болуы мүмкін. Пәнге осы жұмыста зерттелетін ғана объектілердің
бірліктері, қатынастары мен байланыстары жатады. Сондықтан да зерттеу
пәнін анықтау ізденіс шеңберін анықтайды.
Зерттеу пәні - зерттелетін нәрсенің
арнайы бөлінген жақтарын,
байланыстарын көруге мүмкіндік беретін көзқарас. Басқа сөзбен айтқанда,
пән - объектіні зерттеудің белгілі бір аспектісі.
Зерттеудің объектісі мен пәні ғылыми үрдістің категориялары ретінде
бір-бірімен жалпы және жеке сәйкестенеді. Объектіде зерттеу пәні ретінде
қызмет ететін бөлік анықталады. Және дәл
соған негізгі зейін аударылады,
себебі зерттеу пәні ғылыми жұмыстың тақырыбын аныктайды.
Зерттеу объектісі - қасиеттер мен қатынастардың жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: