Дәріс №2
Тақырыбы:
Ғылыми
зерттеу
және
оның
әдіснамалық
ұстанымдары
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық
негіздері
2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары
3. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
«Әдіснама» педагогикадағы ғана емес, жалпы ғылымтанудағы күрделі,
көпмәнді түсініктердің бірі.
Қазіргі кездегі ғылымтануда әдіснаманы ғылыми зерттеушілік іс-әрекет
әдістері, формалары және оны құру (жүргізу) ұстанымдары туралы оқу деп
анықтайды.
Әдіснаманың басты міндеттерінің бірі –
зерттеу жұмыстарын
әдіснамалық жағынан қамтамасыз ету. Әдіснамасыз кез-келген ғылыми
педагогикалық зерттеулерді сауатты жүргізу мүмкін емес. Қалай дегенмен де
бұл ғылымның нақты мәні - әдіс туралы ғылым деген ұғымдық түсінікті
білдіреді. Педагогикалық әдіснамада зерттеуді ұйымдастыру жүйесі мен
ұстанымдарында процестің құрылымы, мақсаты, мұғалім мен оқушы әрекеті
қолданылатын әдістері, формасы, құралдары жан-жақты қарастырылады.
Кез-келген әдіснама реттеушілік (регулятивтік)
және нормативтік
функция атқарады. Әдіснамалық білімдер дескрептивтік (сипаттаушылық)
немесе прескриптивтік формаларда (іс-әрекетке тікелей нұсқау) түрінде
болуы мүмкін.
Дескриптивтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми
таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар
береді, ал прескриптивтік әдіснама – зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың
жол жобасын белгілеп, көрсетеді.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдердің 4 деңгейін көрсетеді:
1. Философиялық деңгей;
2. Жалпы ғылымилық деңгей;
3. Нақты ғылымилық деңгей;
4. Зерттеуді жүргізу деңгейі.
Философиялық деңгей – танудың жалпы ұстанымдарын анықтайды.
Философиялық білімдер әдіснамалық функция атқарады.
Жалпы ғылымилық әдіснама – барлық
немесе бірнеше ғылымдарда
қолдануға болатын теориялық тұжырымдар. Мысалы, қоршаған шындықтағы
құбылыстар мен процестерді бір-бірімен байланыста,
тұтас объект ретінде
жүйелілік тұрғысынан қарастыру.
Нақты ғылымилық әдіснама – арнайы бір ғылым саласында
қолданылатын
зерттеу принциптері, әдістер жиынтығы. Педагогика
ғылымынан оған келесі мысалды келтіруге болады.
Зерттеу пәнін тұлғалық
тұрғысынан қарастыру. Оның мәні: кез-келген процесті,
индивидтің
жағдайын, қасиеттерін оның тұлғалық ерекшеліктерін ескерусіз дұрыс түсіну
мүмкін емес.
Зерттеуді жүргізу әдістемесі – ақиқат, шын білімдерді алуды
қамтамасыз ететін әдістер және процедуралар.
Педагогика әдіснамасына В.В.Краевский келесі анықтама береді:
Достарыңызбен бөлісу: