Проблема қою - «Бұрын зерттелмеген, нені зерттеу керек?» деген
сұраққа жауап беру. Проблема қарама-қайшылықтан туындайды. Мысалы,
жоғары мектептің оқытушысының кәсіби іс-әрекетіне деген педагогикалық
талаптар мен олардың арнайы педагогикалық-психологиялық даярлығы
болмауы арасындағы қарама-қайшылық.
Тақырыбы – зерттейтін проблемамызды қалай атау керек екендігін
анықтау.
Зерттеу көкейтестілігі - аталған проблеманы қазіргі кезде не үшін
зерттеу қажеттілігін анықтаумен тікелей байланысты.
Объект – зерттеуде не қарастырылатынын анықтау. Бірақ объект
туралы толық, жан-жақты білім алу мүмкін емес. Сондықтан объектінің қай
жағы, қандай қыры, байланыстары, қызметтері қарастырылады, соны
көрсеткенде зерттеуші зерттеу пәнін анықтайды.
Мысалы, зерттеу тақырыбы - «Сыныптан тыс жұмыстарда білім
алушылардың моральдік жауапкершілігін тәрбиелеу». Бұл тақырып бойынша
зерттеу объектісі - білім алушылардың адамгершілік тәрбиесі. Ал зерттеу
пәні – моральдік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс
жұмыстар жүйесі.
Зерттеу мақсаты – жұмысты орындау барысында алынатын нәтиже.
Зерттеу міндеттері – осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екендігін
анықтау.
Гипотеза – ақиқаттылығы, шындығы әлі анықталмаған, дәлелдеуді
қажет ететін ғылыми болжам, ғылыми тұжырым.
Ғылыми жаңалығы – қандай нәтиже бірінші рет алынып отыр, бұрын
істелмеген не істелді? деген сұраққа жауап беру.
Теориялық маңыздылығы (мәнділігі) - ғылымдағы қандай
тұжырымдамаға (концепцияға), қандай теорияға өзгеріс, жаңалық енгізілді?
Практикалық маңыздылығы – зерттеу барысында алынған ғылыми
білімдер қандай практикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді? деген
сұраққа жауап береді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы (мәнділігі) - алынған
зерттеу нәтижесі қандай практикалық проблеманы шешуге мүмкіндік
беретіні.
Достарыңызбен бөлісу: |