Процестері мен аппараттары


 Экстракция процесін зерттеу



Pdf көрінісі
бет35/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
procester men apparattar

5.4 Экстракция процесін зерттеу 
Тек қана алынатын компоненттерді таңдаулы ерітетін сұйық еріткіш 
(экстаргента) көмегімен қатты заттардан компоненттерлі алу және сұйық 
қоспаларды бөлу процесі экстракция немесе экстрагирлеу деп аталады.
Экстрагирлеуді «қатты дене – сұйық» жүйесінде және «сұйық – сұйық» 
жүйесінде деп бөледі.
Бұл процестерді тағамдық өнеркәсіпте қант қызылшасы жоңқасынан 
қантты, май тұқымдарынан өсімдік майын, көкөністерден тағамдық 
бояғыштарды алуда және сүт қышқылын бөлуде қолданылады.
«Қатты дене - сұйық» жүйесінде экстаргирлеу.
Тағамдық өнеркәсіпте экстрагирлеумен өсімдік текті көптеген жасушалы 
құрылымдардың компоненттерін алады.
Қант қызылшасы жоңқасынан қантты алу мысалында «қатты дене – 
сұйық» жүйесінде экстрагирлеу процесінің теориясын қарастырайық (19-сурет). 
Қызылша жоңқасы (свекловичная стружка) құрамында қызылша шырыны 
бар көптеген микроскопиялық жасушадан тұратын күрделі құрылымға ие. 
Жоңқадан қантты экстрагирлеу жасушалық шырында еріген және жасушаның 
19-сурет. «Қатты дене – сұйық» жүйесіндегі экстрагирлеу процесінің 
сызбасы 


68 
протоплазмалық қабықшасы оны жібермеуімен қиындалады. Сондықтан 
қанттың экстрагирлеуші сұйыққа диффузиялық ауысудан бұрын қызылша 
жоңқасын протоплазма ақуыздары ықшамдалатын температураға дейін (60
0
С) 
қыздыру қажет. Осыдан кейін жасушалық қабырғалар диффузияға шамалы ғана 
әсер етеді.
Жоңқадан қантты экстрациялау сумен жүргізіледі және процесс 
механизмі сызба түрінде келесі тәртіппен көрсетілуі мүмкін. Жоңқада болатын 
қант бетке қарай оның ішінде диффузияланады. Бұл процесс (І процесс) ішкі 
диффузия деп аталады. Гидродинамика заңына сәйкес жоңқа бетінде шектік 
қабат қалыптасады, ол арқылы қант өтіп және аз-кем кедергі жасауы мүмкін. 
Осы қабаттан өтіп қант судың негізгі ағынына түседі. Шектік қабықша арқылы 
қанттың өту процесі және оның суға ауысуы сыртқы диффузия деп аталады.
Осылайша экстракция екі процестен тұрады: ішкі және сыртқы диффузия. 
Экстрация жылдамдығы процесс жылдамдығына тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет