Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»


п — Парсы алфавитінің үшінші әрпі, бұл әріп араб алфавитінде жоқ, сондықтан оны парсы «б» (ба) әрпі деп атайды. па



бет4/23
Дата15.06.2016
өлшемі2.35 Mb.
#136673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

п Парсы алфавитінің үшінші әрпі, бұл әріп араб алфавитінде жоқ, сондықтан оны парсы «б» (ба) әрпі деп атайды.

па, па уа. Пайдың қысқа түрі. Қарпай) патауә, патабә. Шұлғау (аяқты, балтырды орайтын тоқыма бұйым).

пачс, башай. 1. Кішкентай аяқ, аяқ башайлары. 2. Тамаққа пайдаланатын малдың сирақтары. Жалаң аяқ, башайлары үсіп қалыпты (С. Сейфуллин). Аяғын етік қажап, етігінің жұлығынан үлкен башайы шығып тұр (Ғ. Мүстафин).

пачд-пай, башпай (баш-аяқ саусақтары, пай-аяқ деген сөздерден құралып, аяқтың саусақтары деген мағынаны береді). Өнерім болмаса да қалыптасқан, Биге де баурап бердім жалықпастан, Күлмеді сүріншектеп башпайыма Абыржып аяғымды шалыс бассам (Ә. Сәрсенбаев). Нисохап әрі әнші, әрі биші әйел болса керек. Сонысына ерегісіп, күйеуі бір күпі ашу үстінде Нисохапның башпайларын шауып тастапты (С. Ұлығзада).

падшаһ, патша, патса (паш + шаһ, пат + ша). 1. Үлы қорғаушы (тэртіпті, заңды). 2. Шаһтың, король-дің, мэліктің атағы. 3. Кісі атының құрамында кездеседі (Патша, Патшабек, Патшажан). Жеті дәруіш сиса да бір кілемге, екі патша симайды бір елге (Мақал). Қарауға, оп салуға жарайсыздар, Патшаға өздсріңді балайсыздар (Үлбай қыз). Патшаның тәжтағына жазылады біздін ат! (А. Пушкин).

ПадшаҺзадә, патшазада (падшаһ+задә, патша + зада). Патшадан туғат, патша ұлы. Патшазада мұны көріп, мұңсыз кісі таптым деп патшаға хабар береді (Ы. Алтынсарин).— Жігіт Бағдатқа бармақшы болды. Именетін жан жоқ. Барлығы тас болып, иесіз қалған бір сарай. Дүние деген жайнап тұр. Қапша төсенсең көрпе, жастық даяр. Сопың ортасыпда түнді патшазадамен өткіздім («Мың бір түн»).

падшаһи, батсайы, патсайы. Сырт киімге тыс ететін жібек мата, қалың кездеменің бір түрі. Төр алдына төселген қара ала патсайы керпенің үстінде жастыққа шынтақтап жантайған шоқса сақалды, бадырақ көз, қызыл сары кісі алдында шылым, шақшапы жайып тастаған (I. Жансугіров).

падә, пада. Бір қора сиыр. Оңтүстік облыстарымыздың көп жерінде айтылатын пада, мосы, бәдірен, әсел, еге тәрізді сөздердің әдеби тіліміздің лексикасыиан республикамыздың өзге атраптарында қолданылатын сиыр, шелек, қияр, бал, ие деген нұсқасында ірге тепкенін біз әрқайсымыз жақсы білеміз (Ғ. Мусірепов, I. Қеңесбаев). Онан соң бес-алты жыл бақтым пада, жауыр қып құйрығымды мінген тана (Майкөт).

парче, парша, барша. 1. Мата, алтын жалатқан жібек мата. 2. Қссек, тілім. Кірсін дәулет есіктен, Шықсын бейнет тесіктеп. Орамал берсең барша бер! Ол да біздің несіптеп,—деп заулатты Төлепберген (І. Жансүгіров).

парчәлау, паршалау, пәршелеу. (парчд + лау, парша + лау, нәрше + леу). Кесектеу, тілімдеу, бөлшектеу. Ол арыстанша алысты, Өлім соққысып өз үстіне алды. Денесін оқ пәршелесе де Ел намысын қорғап қалды (Ә. Сәрсенбаев). Арықтың арғы бетінде Құлшығаш: бүкшеңдеп қой сойып жатыр, өлгіде көк тер боп атына өңгеріп әкелген. Терісіп сыпырып, бөлшектеп, пәршелеп тастады (Д. Досжанов).

парси, парсы. 1. Парсы, парсылық. 2. Парсы тілі. Жүктегі былғары қапты күміс шапқан сапдықтар, масаты кілемге буылған семіз-семіз теңдер, оюлы сырмақ, түрлі текеметтердің үстіне салынып тасталған парсы кілем, торғын керпелердіц үстіиде қаздай тізілген қопақ (І. Жансүгіров). Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғарап — парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, езіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл түрлі-түрлі зарарлар хасил қылды (Абай).

Іпарә, пара. 1. Сый, сыйлық, тарту. 2. Алым, ауыз бастырық. Ғалиянұр судьяны параға көндіргенше, біз Қоқыштың үйінде жаттық (С. Мұқанов). Былтыр Жұматайдан еңбекақымды даулағанымда жиырма пұт бидай өндіріп, соның он пұтын параға өзің алып қалған жоқ па едің?—деді Дүйсенбай Қожырға (Б. Майлин). Жалын мен оттан жаралған, Сәзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып, пара алған, Бейлі кедей байсыңдар (Абай).

ІІ парә, пара. 1. Кесек, тілім, бөлшек, үзінді. 2. Бірқатар, біршама. Қырық ұл едік ағалар, Құбақанның баласы, Аман болғын, ағалар. Жүрегімнің парасы («Дотан батыр»). Айтушы мен тыңдаушы — көбі надан, бұл жұрттың сөз танымас бір парасы (Абай). Құранның кейбір парасының үстінде ұзақ отырып қап, жалғыз ойларды ойлады (М. Әуезов).

парә-парә, пара-пара, пәре-пәре. Бөлек-бөлек, бытшыт, бөлшек-бөлшек, тілім-тілім. Кір жуып, кіндік кескен, Қара Нұра, Жатқанын қарауытып әне қара, япыр-ау, шынымен-ақ кетеміз бе, Жүрегім болып барад пәрә-пәрә!—деп, Құтыбай сонау қалған мекенге көз жіберіп, айқайға басты (Ғ. Мұстафин).

парахур, парақор (пара + хур, пара + қор). Парашыл, пара алғыш, жемқор. Біреудің еңбегін қанап, пара алып, ел үстінен күп көретін жексұрын парақор немесе жемқор дейміз (Ә. Болғанбаев). Қайырсыз сараң-мальнды, Еріншек есер жарынды, Халыққа емес сынықды, Парақор баспақ биінді,—Ел бүлдіргіш бегіңді, Әперіп сөзбен кегіңді — Ұлы тілмен улат-тым (Дулат жырау). Жолдас болма ұлыққа, Парақорға жолықпа, оған қайта мылтық ат, ісің ақ болса қорықпа (Жаяу Мұса).

(п — қ) парәхурлық, парақорлық (парә + хур + лиқ, пара + қор + лық). Парашылдық, пара алғыштық, жемқорлық. Парахорлық кітап айтатын күнәнің үлкені, ол қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем (М. Әуезов). Парақорлық — адамшылық қасиеттен айырады (X. Есенжанов).



паша, паша (патшаның қысқа түрі). Түркияда ақсүйектерге, мырзаларға, уәзірлерге, уәлилерге (губернаторларға), жоғары дәрежелі әкімдерге мемлекет тарапынан берілетін атақ (титул). Осы тұста Осман паша семсерін де, ақ күмісті, Ай безекті ақ туын да тізе бүгіп тапсырыпты (Ә. Сәрсенбаев).

пак, пәк. Таза, бұзылмаған, кіршіксіз. Асыл, адал, таза жар дегендер Абайдың әлі күнге дақсыз келген жүрегіне, соншалық бір биік, пәк заттай көрінетін (М. Әуезов). Момақан, күнәдан пәк, он алты жас, меруерт тіс, сүйкімді аяқ, қоңырқай қас. Көкіректі көтеріңкі көрсеткендей, Қозғалар қос қыз алма болар-болмас (А. Пушкин).

Накизә, пәкизе. 1. Пәк, таза, кіршіксіз, бұзылмаған. 2. Ауыс, сұлу, сымбатты. Пакізе бір жігітсің сөзің жібек, Атаңыз әр кімдерден озған үдеп. Қатардан өзіңіз де озып жүрсіз, Болмайды сөзіңізді ешкім мінеп (Қадиша).

пал, пал. Күріш, жоңышқа сияқты суармалы егіндерге баптап су беру үшін жердің тегістігіне қарай көтерілген топырақпен шаршыға бөлетін бөгетше.

пай, бай, пай. Аяқ, табан, із мағынасында байпақ, байтаба сияқты сөздердің құрамында кездеседі.

пайастанә, пайастана (пай + астанә, пай + астана). Астана орталығы пайастана сарайында үлкен той басталды, қанттар ұсатылды, дастарханға пісте, бадам, конфет, науат, қапдалаттар себілді (С. Айни).

(п түр) пайбағ, байпақ. (пай + бағ, бай + пақ). Жүннен, киізден жасалған, етік ішінен киетін аяқ киім (мұндағы бағ бау, байлам, байлайтыи зат деген түркі сөзі). Мықшима аягымда былғары етік, Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп, Үлкен кісе белімде жез салдырған, Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп (Абай). Арыстанымның барында Оқалы байпақ кигенім, Оқасын жерге төгілтіп, Әлде неден азғырдың Асыл туған арыстанымды («Ер Тарғын»).

Пайтабә, байтаба (пай + табә, бай + таба). 1. Қоныш байпақ, ағытпалы қоныш. 2. Жүннен тоқылған шұлғау, шұлық.

Пайтәхт, байтақ, байтахт (пай + тәхт, бай + тақ). 1. Астана, патшаның тұратын ордасы. 2. Ауыс. шексіз, кең. Елібай шыңырауқұдық, жерің байтақ. Көп екеп бай.ақ жерде Елібай-ақ (Ерімбет). Шынымен қайрап бақша өткені ме, Жайлаған тілдер өсіп кең байтахт?! (С. Сейфуллин).

пайә, пая. 1. Аяқ, табан, негіз, тірек. 2. Өсімдіктің сабағы. Бірінші рет егілген арпаның әр гектарынан 22 центнерден, одан кейін егілген жүгерінің әр гектарынан 40 центнерден өпім түсті, жүгерінің әр паясы килограмнан салмақ тартты («С. Қ.»).

нат, бәт, пәт. 1. Түк. 2. Түбіт. Әр үйдің жасауы да бай: өрелі текемет, шетіне бәт құндыз ұстаған түс киіз (базар түс киізі), масаты кілем, бітпес (сырмақ), терме алаша (С. Жүнісов).

пахта, мақта. 1. Мақта (тазаланған). 2. Түрлі маталар тоқитын мақтаның талшығы. Бақша болмақ, жай болмақ, Анау тіккен қазықтар. Одан арғы гектарлар Мақта егетін жазықтар (І. Жансүгіров). Қырдың көкше белінде, Ақша қардай көріне, Жатыр шалқып мақта гүл (Қ. Бекхожин).

пахтазар, мақтазар (нахта + зар, мақта + зар). Мақта егісі, мақта дақылын өсіретін арнаулы жер.

(п — а) пәдәр, пәдер (әке). Пәдеріңе лағнет (нәлет). Атаңа нағылет (нәлет). Пәдеріңе нәлет!.. Аулақ!— деді Нұриден хазірет Байғалиға (Ш. Хұсаинов).— Пәдеріңе нәлет, айылымды босатып қойған бұ қайсың?— деді Бексұлтан (Ғ. Сланов).



пәр, пар, пәр. Паруаз, паруана тәрізді сөздердің құрылымында «қауырсын, қанат, қанатты» деген мағынаны білдіреді.

пәрдаз, пардаз. 1. Ысып жылтырату, қырып өңдеу, әдемілеу, ажарлау. 2. Косметика (опа-бояу, беттің әрін, ажарын кіргізетін бояу). Оның табиғи пұры пардазбен (қолдан жасалған, қосымша ажар) он есе арта түсті. Соның үстіне халифа келді. Қарындасы қолынан пардаз берген кәнизәгінің сұлулығына мақтанғандай:— Көріңіз, сұлу, кәнизәкті,—деді ағасына («Мың бір түн»).

нәрдә, перде. Шымылдық, желқабық. Кәкім терезенің пердесін ақырындап қолмен сырып қарап, көпір жақтаң келе жатқан шаналыларды көрді (X. Есенжанов). Наданның көңілін басып тұр. Қараңғылық пердесі, Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы (Абай).

(п — к) пәруасиздиқ, пәруасыздық (пәруасиз + диқ, пәруасыз + дық). Қамсыздық, бейғамдық. Тым құрса пәруасыздықты мына, алақұйын өмірге берсең стті (М. Әуезов).



пәруаз, пәруаз, фаруаз. Қанат қағу, ұшу. Базарын балалықтың Қайта ізденіп, Көңілді неге пәруаздатқан? Еңсеңе келші елімнен түскенді аңдап, Аулақ бол мақшардағы машақаттан (Шораяқтың Омары).

паруай, пәруай, паруайы. Қам, қамқорлық. Қасқырға қара шекпен келді райы, «Өзіме тиер,— демеді,—паруайы» (Шораяқтың Омары). Батыр тұр өткел алып жалғыз өзі, Қан басып мұнарланып екі көзі. Туқ келмей пәруайына өңі қашып. Қатынның сүйектен өтіп айтқан сөзі. («Тәуке мен келіншек»).

пәруанә, пәруана (пәр + уанә, пәр + уана). 1. Көбелек, түн көбелегі. 2. Ауыс. Құрбан, садақа. Сонда тағы да бұған ұмтылып кеп пәруана боп Тоғжан аяғына оралады (М. Әуезов). Сансызбай жылап жөнелді Төлегеннің артынан. Қу бауырды қия алмай, Қайырылып келді қасына, Сансызбайдың Телеген пәруана болды басына («Қыз Жібек»).

пәруанә, пәруана. 1. Тарихи бұйрық. 2. Бұйрықтарға басылатын мөр.

пәруанечи, пәруаншы (пәруанә + чи, пәруана + шы). Кейбір шығыс халықтарында болған бас қызметкерлердің бірі бас хатшы, мөрбасы қызметін атқарушы. Лешкәр паруаншы алдап шақырып Қасым төренің өзінің басын алды (І. Есенберлин).

пәруәр, пәруар. Тәрбиеші, жетекші, сүйеуші, алға бастаушы. Құдайдың сүйген құлының діни паруарларына ешбір нұқсан келтіруге мүмкін емес,— деді ол (Д. Әбілев).

пәруәрдиғар, пәруардиғар. Діни жаратушы, тәңірі, құдай. Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып, Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып. Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар, Паруардигәр жаратқан ііесіп жан ғып! (Абай). Осы ғой Алтын Қыстақ дейтұғын жер, Қеліппіз екеуіміз де пәруардигәр (Қ. Аманжолов).

пәри, пері, пери. І. Ертегілердегі сыйқыршы әйсл. 2. Ауыс. Сұлу. Төре сайтан болғанда көп періште. Бір сайтанды қаққандап пері емес пе? Жазы-қысы жегенің ұрлық еті, Бұл ісің күнде өлгенмен тең емес пе (Сүйінбай). Көше бойындағы қазақтар тізілген ағаштар, шашы жалбыраған ертегілердегі періге ұқсайды (3. Шашкин).

пәризад, перизат (пәри + зад, пері + зат). 1. Періден туған, пері тектес. 2. Әйел кісінің аты. Тіл буынсыз, бой таза гүл, Ақылы артық, ары зор. Ол перизат ойды өзің біл. Не болады болса қор? (Абай). Қос сұлу үлбіреген балғын бөбек, Кездері көл суындай түр мөлдіреп. Беттеріп жел сүймегеи перизаттар, Өскендей күнге күліп, айға еркелеп (Қ. Бекхожин).

пәст, пәс. 1. Төмен (жоғары емес). 2. Ауыс. Нашар, жексұрын, арам, жаман ниетті. Күй шіркін кейде серпіп қылаңдайды, Кейде пәс, кейде сейдін, сылаңдайды (С. Сейфуллин). Теперші әркімнен бір көргеннен соң Қаймығып жүзі пәс боп жасып жүрсің (Нұралы).

пәстә, пісте. Түстікте есетін ағаш және соның көкше түсті кішкентай жаңғақ тәрізді жемісі. Тім түскен көз қарасы, пісте мұрын, Сәніне келтіріп тұр беттің түрін, Сырты сұлу басында ақылы бар, Кім білсіп қандай екен ішкі сырын (С. Торайғыров). Тұнжыр кез, қалам қасты, мұрны пісте, Не һәрі — жәннаттегі, не періште («Мың бір түн»).

пәсәнд, пәсент. Мақтаулы, ұнамды, мақтауға тұрарлық. Халыққа адам жақпайды, Көзіңді керіп мақтайды, «Оздым-ақ жұрттан»,— деп жүргенде, пәсентіңе палау пісіп (Кете Жүсіп).

пошт, пұшт, фушт. Арқа, арт, сырт, кер жағы (документтің). Шомылып терге жүзеді: Жатқызып жалын фуштымен, Құйрығын тарап сүзеді, Алтыннан тағып құйысқан, Ер әбзелін түзеді («Қамбар батыр»).

пәшә, маса. Қос қанатты қан сорғыш жәндік, шыбын-шіркейдің бір түрі. Меңіреудің ішінде бір масаның ызыңы естілмейді (С. Мұқанов). Тәжидің базарға келгендегі ең керекті нәрсесі қымыз бен насыбай. Кейде осы екеуіне де ақшасы болмайды. Ақшасыз кісінің маса құрлы қауқары бола ма? (І. Жансүгіров).

пәшәханд, масахана (пәшә + хана, маса + хана). Масадан сақтайтын жамылғыш, шымылдық, шатыр. Оң жақта үстіне ақ масахана құрған ақ никельді кереует, оның үстінде өрнектері ғажап жабу (С. Мұқанов). Ұлпан оң босағаға құрылған ақ жібек масақананың ішінде, төрт бүктеген батсаны көрпенің үстінде отыр (С. Мұқанов).

пашиман, пұшайман, пышайман. Өкініш, онық окінуші, опық жеуші. Епдеше, ортамыздағы ең әлсіз, сң пышайман бір ғарыпты қайда тастап отырмыз (М. Әусзов). Аттатпадық жарым қарыс Болды ызақор жау пұшайман (Д. Әбілев). Мен қазір бақытты да, пүшәймән да сияқтымын,— деді Анар (Ә. Тәжібаев).

пәкәнә, бәкене. Аласа, тапал, аласа бойлы, ерге-жейлі, қортық. Ол бәкене бойлы, бұжыр бет, қара сұр өңді, жасы алпысты алқымдап қалған кісі екен (А. Тоқмағамбетов, Ә. Жаппарханов). Жүректі жолбарыстай бәкене інің, Қанатын қомдап отыр айтсаң сауын (Т. Әлімқұлов).

пәлас, палас. Алаша, кішігірім кілем. Дедің де: «Ретті сөз, реуі жоқ», Мінгіздің тақ үстіне жайып палас. Көркейді көңілдері кедей таптың, Құс тесек отырғандай, паласыға. Жол-жоба бұлайынша беріп кеткен, Лениннің нұр шашайық мұрасына (Тұрмағамбет).

пәләк, пәлек. Қауын, қияр, қызылша сияқты бақша дақылдарының жапырағы. Қызылшасы, сәбіздері ырғалып тұр тіреліп, Тегенедей асқабағы, пәлектері белге келіп (3. Калауова). Көктемде еңбек етіп өзім салған, Бақшам тұр пәлек жайып бүршік жарған. Құлпырған күн көзінде қызыл гүлдей Жүзіндей арулардың нарттай жанған (0. Шипин).

пәләу, палау, балау. Ет, сәбіз, жүзім қосып, майға пісірген күріш тағам. Палау басып берейін сарбаз асыл, Күпті болып қалмасаң етке тойып (Күйкентай). Ет, палау. жеп, қымыз ішіп болғанпап кейіп жапалған жұрт ат шабысты қарау үшіп қырға шығады (Ы. Алтынсарин).

пәнаһ, пана. 1. Паналайтын орын, таса, үй-жай, қорған. 2. Ауыс. Тірек, сүйеніш, қамқоріиы. Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тыпысы бар, баласы бардың — панасы бар (Мақал). Кеделейлсрдің ақысын, Жегізбеді малдыға, Аманкелді пана боп Жетім-жесір, жарлыға (0. Шипин).

(п — қ) пәнаһлау, паналау (пәнаһ + лау, пана + лау). Қорғалау, тасалау, бас сауғалау. Сәл ашықсақ шыдамсыз бимазамыз, Сәл тойынсақ ауырлап қиналамыз. Күшейсек-ақ әлсізді жаралаймыз, Әлсіресек күштіні паналаймыз (Ә. Тәжібаев).



пәндж, бей. Құрамалы сөздерде «бес, бесінші» дегендей мағына береді.

пәнджшәнбә, бейсенбі (пәндж+шәнбә, бей + сенбі). Қазіргі календарь бойынша аптаның төртінші күнінің аты, 2. Кісі аты ретінде кездеседі.

пәнһан, пінһан. Жасырын, тығулы, бүркеулі, жасырылған, тығылған. Мейірбан перзентімпің мейірі үшін, Келтіргін бір қап гауһар, болса імкән. Шүбесіз шыным осы, ая, тәліп, Көңілімде жоқты пікір зәрре пінһан (Шораяқтың Омары).

пуст, пос. Тері, қабық, нарпос (нарпуст), бөстек (пустдк), алапес (ала пуст) тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.

пустәк, бөстек. Теріше, қабықша. Теріден істелген төсеніш. Көсенің бір әдеті, жаз ел жайлауға шыққанда күн түстен ауып, қоңыржай тартқаннан кейін үйінің көлеңкесіне киіз жайдырып, оның үстіне жылкы терісінен иленген жүмсақ бөстек тесеп, шынтағына жастық тастап отырады (С. Муқанов). Тірелген сапдық, ілінген кілем жоқ, төрге жайғаны жыртық алаша, жаман бөстек, бір жапсарға жұлым-жұлым киіз табандарды үйе салыпты (3. Шүкіров).

I — пул. пұл, Ақша, теңге (айналымда, алусатуда товар құнының өлшеуіші ретінде қолданылатын ақша). Жорға жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінеп құл болады (Мақал). Өз пұлыңмен халың жоқ күнде тояр, Құлдық ұрып асайсың асы бардан (Абай).

II — пул, пұл, бұл. Кездеме, мата. Жаңа бұлмен жадырап сәудегерлер, Диқаншылар жер жыртып, егін егер (Абай). Базарда «теңге» болсаң, бұл боларсың, Диқаны батырдың рас болса, Қолыма су құятын күң боларсың («Айман-Шолпан»).

пулад, болат, полат. 1. Құрыш (күмісше жалтырайтын қатты металл, көміртегі мен темірдің қосындысы). 2. Ауыс. Асыл, мықты, берік. 3. Кісі аты ретінде кездеседі: Болат, Болатбай, Болатбек, Бекболат, Болатжан, Болатқожа). Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады (Мақал). Көкқұтан мойнын созып қаз болмаиды, Шын болат жасығанмен жезі болмайды. (С. Мұқанов).

(п — к) пулсиз, пұлсыз (пул + сиз, пул + сыз). 1. Ақшасыз, пулы жоқ, құралақан, 2. Ақысыз, тегін. Ауыс. Құнсыз, арзан. Ақысыз, пұлсыз оқытқан оқуы, берген тәрбиесі тағы бар. Оның бәрін ұмыту қолдан келе ме? (Ә. Әбішев). Жабыдан айғыр салмады, баласы оның сынсыз деп, Базарға сатсаң пұлсыз деп (Махамбет).



пәһләуан*, палуан*, балуан. 1. Чемпион, атлет, күшті, күрескер. 2. Ауыс ер, батыр, алып. Балуан болсаң белдесіп, Шық күреске сыбан да (Жамбыл). Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса есі шығып бір қуанады (Абай).

пиаәд, пияда. Жаяу. Пияда әскер (жаяу әскер).

пиаз, пияз. Тамақтың дәмін кіргізетін дәмі ащы өсімдік. Пияз тураулы, үстіне бұрыш себілгеи жұмыртқаның жалаң сарысы қуырылып тағы да қойылды (Ж. Сыдықбеков). Махмуд ащы пиязды қышырлата шайнай, күлкісіи тимастан сөйлеп отыр (С. Айни).

пиязгол, пиязгүл. Қоңырау тәрізді үлкен гүлді, тік сабақты пияз текті өсімдік.

пиалә, пияла. Тостаған, кесе, шынаяқ, бокал. Подпосқа бөтелкемеп арақ толды, бір-екі жақсы рюмке дайын болды. Жоқтан-барды сөйлесіп, сауқым салып, Алысты пияланы оңды-солды (Абай). Қыз біраз уақыт жоқ болып кетіп, бір қодында кесеге құйған су, бір қолында падносқа салған пиялада шарап, Қуырылған ет, тағы басқа тамақтар әкелді («Мың бір түн»).

пәйам, паям. 1. Хабар, хабар-ошар. 2. Сәлем. Қожаға Нақып атты біздеп паям, Болғайсыз есендікте әли дауам (Қаңлы Жүсіп).

пир, пір. 1. Қарт, ақсақал адам. 2. Әзірет, қажы, иіиан тәрізді діни қауымның бастыгы, әулие. 3. Кісі аттары ретінде кездеседі: Пірәлі, Піржан. Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз (Абай). Меніц пірім — Сүнінбай, Сөз сөйлегеп сыйыпбай, Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай (Жамбыл).

пирзада, пірзада. Пірден туған, пір текті. Ұстама, пірзадалар, ит пен құсты, Қылмаған атақ мұрас мұндай істі (Әріп).

пирузә, пируза, фирюза. Көкшіл түсті асыл тас. Табиғатта өте қымбат бағалы ғажайып алмас, ақ якут (сапфир), қызыл жақұт (рубин), меруерт, фируза, тағы да басқалары кездеседі (Ә. Нұрлыбаев).

пис*, пес*. Лас, былғаныш, кірленген, арам.

Бұл мінез саған Жүсіп жарамайды, Көрсетпей күн сәулесін тұрған песме (М. Сеңгірбайұлы).



пиш, пиш. Пишқадам тәрізді сөздердің құрамында «алды, алдында, ертерек, бұрынырақ» мағынасын береді.

пиш, пиш. Парсы жазуында қысқа «о» әрпінің орнына жүретін (үтір тәрізді) белгінің атауы.

пишанә, пешене, бешене, пышана 1. Маңдай, 2. Тағдыр, жазмыш (діни ұғымда). Алғы күн ашсын жастың бешенесін, Көгертсе көп алғысы көсегесін (I. Жансүгіров). Соры қалың соққы жеген пышанамыз, Қантіп суып, жалғаннан күсе аламыз. Құр дорімен атқанға өлмейді екен, өмірі мақтаншаққа нысанамыз (Абай).

пишин, бесін, песін. 1. Түс ауа мезгілі, түстен кейін. 2. Түстен кейін оқылатын (екінші) намаз уақыты. Сопы айтты да, шал сабап жүре берді, Бір өзен жатыр екен, соны өрледі. Өзенді өрлегеннен бір айырылмай, Дәл бесінде ұшыратып тауға келді (Абай).

пил, піл. 1. Екі азу тісті, ұзын түмсықты, сүт қоректі, жылы жақта болатын ірі жануар. 2. Шахмат ойынындағы бір фигураның аты. Бес жүз жыл жасайтын пілдің азуы жүзге жақындағанда гана шығады (С. Мұқанов). Піл үстінде барады қолбасшылар, желк-желк етіп шашақты қарулары (С. Мәуленов).

пилтә, білте, пілте. 1. Шам, шырақ сияқты жарық беретін қүралдарды түтандыру, от алдыру үшін пайдаланылатын ширатылған, өрілген мақта жіп. 2. Мылтықты ату үшін дәріге от беру үшін қолданылатын өрілген мақта жіп. Балық майына батырғап білте шам иістейіп, түтеп жапып, аласа жерқазбаиы ала көлеңкелеуге ғана жарап тұр (Ә. Нүрпейісов).

Пилә, пілде. Жібек құрты, оның иірген жібек талшығы, жібі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет