1- жаттығу. Суреттегі адамдарды таныстырып, диалог құрастыр.
Суретте кімдер берілген?
Олар сендерге кімдер болып келеді?
Ата-ана немен шұғылданады? т.б.
2 – жаттығу. Мақал-мәтелдер мен ырым, тыйым сөздерді түсініп оқып, дәптеріңе жазып ал.
Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
Атасы жоқ – қас жетім,
Анасы жоқ – тас жетім.
Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Әкеден – ақыл, анадан мейір.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
Жеті атасын білмеген,
Жетімдіктің белгісі.
3 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді жазып ал.
Жеті жетім:
1. Тыңдаусыз қалған сөз – жетім.
2. Киюсіз қалған бөз – жетім.
3. Иесіз қалған жер – жетім.
3-сабақ
Еңбек
І тапсырма. 4-5 шағын топқа бөлініп төмендегі тақырыптар бойынша сайысуға дайындалыңдар.
Өзін-өзі таныстыру
Бойындағы өнер қасиетін таныту
Күш білімде
Жұмбақ
Мақал-мәтелдер
Актерлік шеберлікті көрсету.
Сурет бойынша мамандықтарды атап шығыңдар?
Сенің болашақта таңдайтын мамандығың қандай?
Нан дастарқанға қалай келеді?
Білетін мамандықтарды атап өтіңдер? т.б.
Бұл кімдер?
Алып жатқан жан-жақты,
Үйлерді кім тұрғызды?
Жарқыратып кім жақты,
Жердегі көп жұлдызды?
Шекарада сақ тұрып,
Көз ілмей кім шығады?
Ерттеп өріске ат мініп,
Қой жайып кім шығады?
Үстіңдегі киімді
Кімдер тігіп береді?
Газет-журнал үйіңді
Қалай тауып келеді?
Ғарышта кім самғайды,
Кім зулатар пойызды?
Достарыңызбен бөлісу: |