Павлодар, 2012. Құрастырған мұғалімдер



бет5/14
Дата30.03.2024
өлшемі61.25 Kb.
#497053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
4 сынып.

Астанатаза қала
7-сабақ
Бәйтерек


Сөздік:
Сол жағалауы – левое побережье
Өмір ағашы – дерево жизни
Ескерткіш – памятник
Биіктігі – высота
Ғимарат – сооружение
Самғайды – парит


Мәтінді түсініп оқы.

Бәйтерек монументі


Астана қаласында, Есілдің сол жағалауында «Астана-бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда «Өмір ағашы» – көк аспанға самғайды. Бәйтерек – тек архитектуралық ескерткіш қана емес, еліміздің кешегі мен бүгінгісі, ертеңгісі. Бұл ғимараттың биіктігі – 97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенінің авторы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.


I- тапсырма.
1. Мәтінді оқы, белсенді сөздердің астын сыз. Жаңа сөздердің аудармасын пайдалана отырып сөйлемдерді орысшаға аудар.
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.


II-тапсырма.
1. Мәтіндегі жіңішке сөздерді бір бағанға, жуан сөздерді екінші бағанға жаз.
2. Мәтіндегі ілік септігінің жалғауы бар сөздерді теріп жаз, жалғауларының астын сыз.


III-тапсырма.
1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
2. «Менің Астанам» атты әңгіме құрастыр.
3. Отан туралы 3 мақал-мәтел жаз.
8-сабақ
Думан


Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқы.
Астанадағы ғажайып орындардың бірі – «Думан» ойын-сауық орталығы. Онда мұхит тамшысы бар. Мұхитаралдың су қоры – 3 миллион литр. Оны әзірлеуге 120 грам теңіз тұзы қажет болды. Қазір мұхитаралда 2 мыңнан артық теңіз тұрғындары тіршілік етуде. Онда жыртқыш пиранья, теңіз жұлдыздары, теңіз шаяндары, мұхит кораллдары, итбалықтар, атбалықтар мекен етеді.


Сөздік:
Ғажайып – чудесный
Ойын-сауық – развлекательный
Мұхит – океан
Мұхитарал – океанариум
Қоры – запас
Тіршілік етеді – обитают
Жыртқыш – хищник
1-тапсырма.
Сұрақтарға жауап бер.

  1. «Думан» ойын-сауық орталығы қайда орналасқан?

  2. Мұхитаралдың су қоры қандай?

  3. Онда не бар?

  4. Сен «Думан» ойын-сауық орталығында болдың ба?



2-тапсырма.
Мәтін ішінен септік жалғаулары бар сөздерді тап, астын сыз.


«Тұрғындар» сөзіне фонетикалық талдау жаса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет