Павлодар, 2012. Құрастырған мұғалімдер



бет4/14
Дата30.03.2024
өлшемі61.25 Kb.
#497053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
4 сынып.

Менің елім – Қазақстан
5-сабақ
Ертіс


1. Мәтінді түсініп оқы.
Ертіс.
Қазақстанның ірі өзені – Ертіс. Ол Алтай тауынан басталады. Өзен Павлодар облысын екіге бөледі. Өзен алқабы өте бай және берекелі. Ертіс балыққа бай. Павлодар өлкесінде барлығы бар: жазық дала, аққайың, тоғайлар, қарағай, орман, таулар. Дала жазықтары облысымыздың көп жерін алып отыр. Ежелден қазақтар оны Сарыарқа деп атаған. Бұл жер өте бай.


Сөздік:

Ірі – крупный


Бөледі – разделяет
Алқабы – пойма
Жазық дала – ровная степь
Аққайың тоғай – березовая роща
Қарағай орман – сосновый лес
Ежелден – издавна


I - тапсырма

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

Ертіс қандай өзен?


Ол қайдан басталады?
Өзен алқабы қандай?
Павлодардың табиғаты қандай?
Бұл жер қандай?



  1. Сөздерді буынға бөл.

Өзен, табиғат, орман, қала, ағаш, дала.



  1. Мақал-мәтелді оқы, дәптерге жаз.

Туған жердей жер болмас,


Туған елдей ел болмас.

Туған жер – алтын бесік.




II-тапсырма.

  1. Сөздерден сөйлем құрап жаз.

Тұрамын, облысында, мен, Павлодар. Мен, көремін, жақсы, туған, жерді.




III-тапсырма. Сабақтың тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастыр.


6-сабақ
Ұлттық теңге


Мәтінді түсініп оқы.

Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Халқымыз бұрын да теңгені пайдаланған. Ерте заманда теңге Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған. Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен бастап айналымға енді.Теңге Қазақстан Республикасының бірден-бір заңды төлем құралы.


Сөздік:
Асыл қазына – золотой фонд
Байлық – богатство
Пайдаланған – пользовались
Ерте заманда – в древности
Арнаулы шеберхана – специальные мастерские
Айналымға енді – принято в обращение
Заңды – законное


Тапсырмалар.



  1. Сұрақтарға жауап бер.

Ақша деген не?
Ерте заманда теңге қалай жасалған?
Ұлттық валюта қашаннан бастап айналымға енді?
Қазақстанның төлем құралы не?



  1. «Құралы» деген сөзге фонетикалық талдау жаса.




  1. Мәтіннен көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет