Павлодар, 2012. Құрастырған мұғалімдер



бет7/14
Дата30.03.2024
өлшемі61.25 Kb.
#497053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
4 сынып.

11-сабақ Тәуелсіздік күні


I-тапсырма
1. Мәтінді оқы, аудар.
Тәуелсіздік күні

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойды. Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, демократиялы мемлекет. Қазақстанда 16 желтоқсан – күнтізбедегі қызыл күн. Бұл күні бүкіл халық көшелерге, алаңдарға шығып ән салып, би билеп көңілін көтереді. Қазақстанда көп ұлтты халық тұрады. Бәрі де тату өмір сүреді. Біз Отанымызды мақтан етеміз.




2. Жаңа сөздерді жаттап ал.
Заң – закон
Тәуелсіз – независимый
Егеменді – суверенный
Күнтізбе – календарь
Мақтан етеміз – гордимся
Көңілін көтереді – веселится


3. Мақал-мәтелдерді оқы, дәптерге жаз.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.


Отан – оттан да ыстық.


II-тапсырма.
1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
2. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.


III-тапсырма.
Сөйлемдерді көшіріп жаз, аудар.
Менің Отаным – Қазақстан.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Мен Отанымды сүйемін.



  1. Мәтінді жалғастыр.

Қазақстан үлкен мемлекет. Оның жері кең байтақ.


12-сабақ Жаңа жыл


Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқы.
Жаңа жыл
Бірінші қаңтар Жаңа жыл болып есептеледі. Бұл отбасының мерекесі ретінде өтеді. Үйде шырша орнатылып, арнайы дастарқан жасалады. Дастарқан басында отбасы мүшелері , жолдастар, туыстар жиналады. Жаңа жылды қарсы алады, бір-біріне ақ тілек білдіреді. Әр отбасы кешті өткізуді өзінше ойластырып, жоспарлайды.


Сөздік:
Есептеледі – считается
Дастарқан жасалады – накрывается стол
Жиналады – собираются
Ақ тілек білдіреді – высказывают добрые пожелания
Ойластырып – придумывают
Жоспарлайды – планируют


1-тапсырма.

  1. Сұрақтарға жауап бер.

Жаңа жыл қашан келеді?


Ол қандай мереке?
Үйде не орнатылады?
Дастарқан басында кімдер жиналады?
Олар не істейді?


2. Жаңа сөздерді қолдана отырып, 5 сөйлем құрастыр.
3. Жаңа жылдық құттықтау жаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет