Павлодар облысы ақсу қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі0.73 Mb.
#891
1   2   3


1.4 Кадрларды даярлау

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жоспарланады.

1. 2015-2017 жылдар кезеңі ішінде Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражат және мемлекеттік тапсырыс шегінде 80 адамды оқыту жоспарланады. Оқу Павлодар және Ақсу қалаларының оқу орындарында өткізіледі.

2. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру және жастар тәжірибесін ұйымдастыру есебінен қалада әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы мақсатты топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 2015-2017 жылдар кезең ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 240 адамды, жастар тәжірибесіне – 60 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланады.

3-кесте
Қаланың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыру

адам

Атауы

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Кәсіби даярлау

20

20

20

Қайта даярлау




10

10

Жалдамалы жұмыскерлерді оқыту










Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды жұмысқа орналасуда жәрдемдесу

Әлеуметтік жұмыс орындары

80

80

80

Жастар тәжірибесі

20

20

20

Қалада Жаяу Мұса атындағы колледжі (жобалық қуаттылығы 1200 оқушы – 1200 оқытылуда), қара металлургия Ақсу колледжі (жобалық қуаттылығы 425 оқушы – 444 оқытылуда) бар. Осы оқу орындарында қаланың қажет ететін кәсіпорындары үшін бірінші кезекте Ақсу ферроқорытпа зауыты және «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ үшін кадрларды даярлау жүргізіледі. Кейін қала құраушы кәсіпорындарда жұмысқа орналастырумен оқушыларды мақсатты жинау орташа 160 адамды құрайды. Негізгі мамандықтар – металл қорытушы, құюшы, пісіргіш, электр, қараушы, темір ұстасы - КиП-тің жөндеуші және операторы.


1.5 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеді және 32 адамды (2011 жылы – 328 адам) құрады. Еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі АӘК алушылар санынан 37,5%-ды құрайды (2011 жылы – 37,8%). АӘК төлеудің орташа мөлшері 2014 жылы 2619 теңгені (2011 ж.-2475 теңге) құрады.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақсу қаласында 2458 мүгедек өмір сүреді, олардың ішінен 2322 еңбекке қабілетті жаста, жұмыс істейтін мүгедектер – 136 адам.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың жұмысқа орналасу мониторингіне сәйкес 7 мүгедек жұмысқа орналасуға мұқтаж.

Мүгедектер тобының бөлігінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру болжамы 2015 жылы – 5 адам, 2016 жылы – 4 адам, 2017 жылы – 3 адам.

4-кесте



Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Мүгедектер саны

2641

2537

2461

2408

2388

2391

2378

Жұмысқа қабілетті жастағы мүгедектер саны

1712

1701

1699

1706

1711

1729

1736

Жұмысқа орналасуға үміткерлер мүгедектер саны

9

9

7

7

5

4

3

Жұмыс істейтін мүгедектер

54

53

97

170

175

180

184

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

2011 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде қалада мүгедектер үшін қол жеткізуді қамтамасыз етуге қолданыстағы 135 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мүлігін түгендеу және паспорттау жүргізілді.

Олардың ішінен 128 объектіде пандустар, шақыру бастырмасы орнатылған. Бейімделу іс-шаралары 2014 және 2015 жылдарға жоспарланды және Ақсу қаласының аумағын дамытудың бағдарламасына енгізілді.

Одан басқа, бейімделу элементтерін кейіннен орнату арқылы 2015 жылы 7 білім және мәдениет объектілері үшін (Дөнентаев ОМ, Гагарин ОМ, № 2, № 12 бөбекжай-бақшасы, лицей мектебі, Айнакөл ауылының МСО, Сарышығанақ ауылының МСО) ЖСҚ әзірлеу үшін 5,6 млн. теңге қарастырылды.

2015-2017 жылдар кезеңінде тұрғындардың және мүгедектердің шағын мобильді топтарына қол жеткізу үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ғимараттарға жөндеу жүргізу жоспарлануда, мысалы 2015 жылы 7 әлеуметтік саласындағы объектіде тосқауылсыз аймақтарды құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жыл сайын Ақсу қаласының қалалық бюджет есебінен мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған орындарда жол белгілері орнатылуда, барлығы 2011-2014 жылдар ішінде 120 жол белгісі орнатылды.

Қалада барлығы 76 жаяу жүргiншi өткелi, 11 бағдаршам бар. Барлығы 6 бірлік бағдаршамның дыбыстық сигналдары, 5 дана көлемінде «Мүгедек» белгілері орналастырылды.


1.6 Әлеуметтік инфрақұрылым

Денсаулық сақтау және білім беру. Денсаулық сақтау саласында 31 медициналық ұйым мен мекеме жұмыс істейді.

Қала және жақын жердегі елді мекендердің тұрғындарына:

- Ақсу орталық аурухана 200 төсек-орынға, стационарлық орын алмастыру көмегі 40 төсек-орынға және емхана 40 төсек-орынға;

- туберкулезге қарсы аурухана 50 төсек - орынға;

- күндізгі стационармен Қалқаман ауылының ауруханасы 10 төсек - орынға;

- жобалық қуаттылығы ауысымына 75 келушіге Ақсу кентінің дәрігерлік амбулаториясы медициналық көмек көрсетеді.

2015 жылғы 1 қаңтарға 10 мың тұрғынға дәрігермен қамтамасыз ету 20,0, орташа медициналық қызметшімен – 58,8, орташа облыстық көрсеткіш барысында 31,6 және сәйкесінше 79,1 құрады.

Тұрғындардың сапалы медициналық қызмет көрсетуге қанағаттану деңгейі 85%-ды құрайды.

2015 жылдың басына қаланың 13 мектепке дейінгі ұйымында балалар саны 2958 адамды құрады.

2011-2014 жылдар ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 3 бірлікке ұлғайды, бұл (2-ден 6-ға дейінгі жастағы) балаларды 74%-дан 95%-ға дейін мектепке дейінгі білім берумен қамтуды мүмкіндік берді.

2015 жыл басына Ақсу қаласының білім беру жүйесі 35 күндізгі жалпы білім беру мектептерін қамтиды (балалар саны – 9356 оқушы).

Бұған қоса, қалада қосымша мектептен тыс білім беру мекемелері – балалар шығармашылық үйі, балалар өнер мектебі және жас натуралистер стансасы жұмыс істейді. Осы ұйымдар 1153 оқушыны сауықтыру іс-шараларымен қамтиды, бұл олардың жалпы санынан 12,3%-ды құрайды.



Мәдениет және спорт. Мәдениет мекемесінің жүйесі 17 кітапхана, 2 мәдениет үй, 15 клуб түріндегі мекеме, мұражай, мұрағаттан тұрады. Қалада 139 клуб түріндегі бөлімше жұмыс істейді.

2 балалар спорт мектебі жұмыс істейді, ондағы спортпен шұғылданатын балалардың саны 2,0 мың адамға жетті. Барлығы 414 спорт имарат, соның ішінде 4 спорт кешені, стадион, 41 спорт зал, бассейін, 18 ату тирі, 308 жазық құрылыстар, 7 хоккей корты, 3 бильярд, 28 спорт алаңы, шаңғы базасы, 2 теннис корты бар.


1.7 Өрт қауіпсіздігі

Ақсу қаласына Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша, № 1 мөлтек ауданындағы, 1б мөлтек ауданынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан № 11 өрт бөлімі (11-ӨБ) қызмет көрсетеді. Өрт депосын салу қажет.

Ақсу қаласының әкімшілік ауданында Павлодар облысы Май ауданы шекарасына дейін 42 шақырым қашықтықта, сондай-ақ Қалқаман селолық округінің шекарасына дейін 2 ауылдық округтің елді мекендері орналасқан, нақты айтқанда: Еңбек ауылы, кіші Еңбек ауылы, М. Омаров атындағы ауыл, Құркөл ауылы, Дөнентаев ауылы, Сырлықала ауылы, Евгеньевка ауылы, Сольветка ауылы, Үштерек ауылы.

Жоғарыда аталған елді мекендерде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің мекемесі жоқ, сондай-ақ өрт бекеті жоқ. 2013 жылы Қызылжар ауылында өртке қарсы бекет құрылды. Өрттерді сөндіру ауылдық округ әкімдіктерінің ерікті өртке қарсы құрылымдармен жүргізіледі.

Қала аумағында 97 өрт гидранты бар, олардың ішінен 9 гидрант істен шыққан. Соңғы жылдар ішінде өрт гидранттарын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. «Ақсу су арнасы» МКК теңгерімінде тұрған су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайды.
1.8 Экологиялық жағдай

Ақсу қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асырушы бір кәсіпорын «Горкомхоз-Ақсу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады, жарғы капиталы «Ақсу қаласының ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімі» тұлғасында мемлекетпен 100% мөлшерінде қалыптастырылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бөлігінде бәсекелес орта қала аумағында жоқ.

Осы полигон биік тиелген полигондар санатына жатады. Барлық қатты тұрмыстық қалдықтарды қаттап тастау, тығыздау, оқшаулау бойынша жұмыстар полигонда механика арқылы орындалады. Мына техника пайдаланылады: қоқыс тасушы - 9 дана, трактор - 8 дана, жүк тиегіш - 3 дана. Полигон Ақсу қаласының батыс бөлігінде, тұрғын аймақтан 3,5 шақырым, ауылшаруашылық жайылымнан 5 шақырым қашықта, ағаш отырғызу орнынан – 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Меншік түрі-коммуналдық.

Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 115/14 шешімімен тұрғын үй қорының объектілері және Ақсу қаласының тұрғын емес ғимараттары үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жиналу нормасы бекітілді.

ҚТҚ арнайы аумақтарда қатталады, бірақ полигон негізінде жер асты сулар мен топырақтардың су сүзбесіне еніп кетуді болдырмайтын іріктеу бекетіне қарсы қорғаныс қалқан қарастырылмаған. Жекешелегіш сыйымдылыққа су сүзбені жинау үшін дренаж жүйесі, қоқыс газын газсыздандыру жүйесі жоқ, ҚТҚ тығыздау үшін заманауи әдістер мен техникалар қолданылмайды. Ақсу қаласының қолданыстағы полигонында бұдан әрі ҚТҚ көму көптеген экологиялық және санитарлық-гигиеналық проблемаларды тудырады. Соған байланысты, «Ақсу қаласының құрылыс бөлімі» ММ «Павлодар облысы Ақсу қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу» жобалық - сметалық құжаттаманы әзірледі, 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 16-0018/12 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар, осы жобаның бағдарлы құны 362,2 млн. теңгені құрайды. Жаңа полигонның негізгі элементтері: ҚТҚ тығыздау телімі, шаруашылық аймақ, инженерлік имарат және коммуникация болып табылады. ҚТҚ полигонын қолданыстағы полигонмен қатар орналастыру ұсынылады.
2. Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау. SWOT талдауы
Қала бюджетінің кірістер бөлігі 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 57,3 млн.теңгеге ұлғайды. Салық төлемдері бойынша 51,1 млн.теңге сомасына артуы орын алды, салықтық емес – 23,3 млн. теңге. Кірістердің маңызды бөлігі бюджетаралық трансферттер есебінен қалыптасады: 2013 жылы - 41,5% және 2015 жылы - 35,5% Ақсу қаласының трансферттердің жалпы көлемімен салыстырғанда.

5-кесте
2013-2017 жылдардағы жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары


млн. теңге

Кірістер мен шығыстар

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2015 ж.

жоспар

қаңтар-қыркүйек

(нақты)

Кірістер, барлығы

8312,1

8135,3

8369,4

6145,0

6632,9

8369,4

6510,1

соның ішінде:






















жеке кірістер

4858,9

5027,0

5401,2

6130,2

6632,9

5401,2

3855,4

Трансферттер және қарыздар және бюджеттік кредиттерді өтеу

3472,4

3128,0

2982,6

14,8




2982,6

2654,6

бюджеттің жалпы кірісіндегі жеке кірістердің үлесі, %

58,4%

61,7%

64,4%

99,7%

100%

64,4%

59,2%

Шығыстар, барлығы

8289,8

7843,4

7573,7

4591,0

4999,4

7573,7

5881,4

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

395,9

314,3

337,7

308,5

333,1

337,7

232,1

қорғаныс

23,7

34,6

39,7

33,0

35,6

39,7

24,3

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

32,5

26,2

25,6

14,9

16,0

25,6

22,3

білім беру

2916,0

3503,3

3963,3

2705,2

2921,6

3963,3

3091,4

мәдениет және спорт

596,9

415,5

408,2

373,7

403,5

408,2

300,3

ТҮКШ

1510,6

1690,4

799,9

431,2

465,6

799,9

618,3

ауыл шаруашылығы және жер қатынастары

116,5

142,1

150,6

93,6

101,0

150,6

98,1

өнеркәсіп, сәулет, қала салу және құрылыс қызметі

77,4

60,8

37,6

34,6

37,3

37,6

24,6

көлік және коммуникация

105,0

158,0

154,4

140,8

152,0

154,4

117,3

отын-энергетикалық кешен

48,6

60,4

156,8

61,0

65,8

156,8

40,6

әлеуметтік қорғаныс және қамсыздандыру

391,7

384,2

439,7

304,6

328,9

439,7

299,9

өзгелер

2075,0

1053,6

1060,2

124,5

134,4

1060,2

1012,2


Ақсу қаласының SWOT ТАЛДАУЫ


Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

1. Өңір қуатты энергетикалық базаға ие.

2. Еңбек ресурстарының бар болуы.

3. Табиғатты қорғау іс-шараларына бағытталған қаражатты ұлғайту беталысы.

4. Құрылыс индустриясында оң өсу қарқыны.

5. Ертіс өзені және Қ. Сәтпаев атындағы каналдың бар болуы.



1. Шығынды кәсіпорындардың бар болуы.

2. Төмен технология және өнеркәсіп, ауыл шаруашлық, көлік, коммуналдық салалардағы жабдықтардың жоғары деңгейде тозуы.

3. Халықтың тұтынушы тауарларын шеттен әкелудің жоғары тәуелділігі.

4. Жұмыссыздықтын жоғары деңгейі әсіресе ауылда.

5. Ұсақ тауарлы өнімдердің басымдығы, инновациялық қол жетімдерді әлсіз енгізу.

6. Коммуналдық желілердің тозуы жоғары дәрежеде.

7. Күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет ететін мәдениет, білім және денсаулық сақтау объектілерінің бар болуы және МТБ нығайту.


Қатерлер

Мүмкіндіктер

1. Өнім, металлургия, электр энергиясын өткізу нарықтарын қысқарту.

2. Табиғи тозу себебі бойынша жабдықтардың істеп шығып қалу мүмкіндігі.

3. Өңірде экологиялық жағдайдың нашарлау қаупі.


1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

2. Өндірістік қуаттылықтың маңызды қорының бар болуы.

3. Коммуналдық қызмет көрсету нарығында бәсекелестік саланы дамыту.

4. Азық-түлікті өндіруде, жұмыстар мен қызметтерді орындауда мемлекеттік сатып алуларды орналастыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерге преференциялар ұсыну.

5. Жоғары білікті мамандарды өңірлерге тарту.

6. Қала экономикасында жаңа өнімдерді дамытуға байланысты мүмкіндіктермен жұмыспен қамтудың өсімін ұлғайту.




Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және қаржылық жағдайын диагностикалау нәтижелері бойынша қорытынды.

Қуатты энергетикалық базаны және қаланың кен өндіруші өнеркәсібін атап өтуге болады.

Қазіргі уақытта қызметтің негізгі бағыттары өндірісті жаңарту болып табылатын тұрақты жұмыс істейтін қала құраушы кәсіпорындар қызметін жүзеге асырады. Бірақ, қала тұрғындарын жұмыспен қамту қала құраушы кәсіпорындардың жұмысынан тәуелді болып отыр (30%-дан аса). Кен өндіруші кәсіпорындардың тұрақты жұмысынан тәуелділікті төмендету мақсатында шағын және орта бизнес салаларын дамыту қажет.

Қаланың негізгі проблемаларының бірі тұрғын үй қорының және энергия, жылу, сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің жоғары тозу дәрежесі болып табылады.

Сондықтан, Ақсу қаласын дамытудың кешенді жоспарын тиімді іске асыру үшін бірінші кезектегі іс-шаралар қаланың экономикалық және инженерлік инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған іс-шаралар болуы қажет. Бұл ретте қалада инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қол жетімді ортаны құру мәселесін есепке алу қажет.

2017 жылға қарай әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту есебінен 2014 жылғы деңгейдегі Ақсу қаласы тұрғындарының қазіргі санын сақтау ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет