Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры


Неміс тілінің тәжірибелік курсы. (Практический курс немецкого языка. Practical course of German language)



бет102/116
Дата04.03.2016
өлшемі9.06 Mb.
#41143
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116



Неміс тілінің тәжірибелік курсы. (Практический курс немецкого языка. Practical course of German language)

Пререквизиттер: Келесі көрсетілген пәндер «Тіл біліміне кіріспе», «Мәдениет тану», «Қазақстан тарихы», «Философия», «Әлеуметтану», «Негізгі шетел тілі», «Екінші шетел тілі».

Постреквизиттер: Пәнді оқыту барысында алынған білімді өзге тілді, мәдениетті түсіндіруде қолдану.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Берілген бағдарлама 1-курс білімгерлеріне және 90 жылдық Тәжірибелік сабақтарға есептелген. Ауызша сөйлеудегі лексико-грамматикалық құрылымды, интонацияның негізгі түрлерін, текстерді оқудағы сөйлеу қабілеттерін дамытуды негізге ала отырып оқытылады. Әр тақырыпқа 3 сағат есептелген. Әр сабақ бірдей құрылымда өтеді және әр сабақта көптеген жаттығулар, сабақтың қысқаша мазмұны, дыбыстар, грамматикалық түсіндірмелер және интонация нұсқаулықтары, сәйкестендірілген жаттығулар қамтылады. Курстың тақырыптамасы тиісті жүйеге байланысты жасалған.

Курстың мақсаты: Тәжірибелік шет тілі мамандығы бойынша, жалпы европалық А1, А2 деңгейіне сәйкес, пәнді оқытудың негізгі мақсаты 1-ші курстағы ағылшын-неміс тілі мамандығында оқитын білімгерлерді ауызша сөйлеуге уйрету, осы курста қажетті сөздік қорды нығайту, оқу және жазу техникасын үйрету.

Курстың міндеті:

- Неміс тілінде аузша сөйлеуді дамыту

- Жазуға, оқуға және тыңдауға үйрету

- Монологтық және диалогтық сөйлеуге үйрету

- Неміс тілінде қатесіз жазуды үйрету

Әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. А. А. Попов. «Praktisches ltrnen», Москва, Иностранный язык, 2000

2. В.М. Завьялова. «Deutsch». ЧеРо Москва, 1996

3. Regionalgruppe “Mittelasien”. “ Kasachstan in Sicht”. Алматы, 2000

4. Claus Dieter Strom . “Kasachstan im Deutschunterricht”. Астана, Қазақстан

5. Rosa-Maria Dallapiazze. “Tangram 1A”, Max Hueber Verlag, 2000

6. Leonore Dienst. “Daf in 2 B 1”. Hueber. 2001

Қосымша әдебиеттер:

1. W. Hueber. Lernziel Deutsch Grundstufe 1,2 1983. Max Hueber Verlag



Оқу тілі: орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Ахметова М.К.

Қытай тілінің тәжірибелік курсы. (Практический курс китайского языка. Practical сourse of Сhinese language)

Пререквизиттер: Қытай тілінің тәжірибелік курсы

Постреквизиттер: Қытай тілінің тәжірибелік курсы

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Бағдарлама қытай тілінің тәжірибелік курсы білімгердің сөздік қорын молайтып, сауатты жазуға дағдыландыру мақсатында беріледі. Бағдарлама қытай тілін жаңадан үйренуші білімгерлерге арналған оқулық және жаттығулар кітабы негізінде оқытылады. Берілген оқулықтар оқу, жазу, есту және тыңдау дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделген. Тақырыптар жүйелі түрде беріліп, мәтіндердің мазмұнына сәйкес жаңа сөздерге орын берілген.

Пәннің мақсаты: Қытай әріптерін таныту. Сөздерден сөйлем құрау. Фонетика саласын түсіндіру. Тәжірибелік қытай тілін оқыту арқылы білімгердің сөздік қорын молайту.

Пәннің міндеттері:

- мәтіндерге байланысты сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру, ойындар мен сұхбат жүргізу арқылы білімгерлердің сөздік қорын молайту;

- мәтіндердің мазмұнына сәйкес пікірлесуге, өз ойын еркін жеткізуге, көркем оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Қытай тілі Жалпыға арналған. Шинжияң оқу-ағарту баспасы, 2010.

  2. Қытай тілі оқулығы А Б. Шинжияң халық баспасы 2005

  3. Қытай тілі 301 сөйлем. Бейжің Тіл және өнер университеті баспасы 2010

Қосымша әдебиеттер:

1. Общие знания по культуре Китая 2009

2. 1000 әріптік жиі қолданылатын сөздік Бейжің 2010

3. Қазақша диалогтарды тез үйрену қолданбасы Шинжияң 2010



Оқыту әдістері: Негізінен сұрақ-жауап және жазбаша әдістері қолданылады.

Білім беру тілі: қытай тілі

Бағдарлама жетекшісі: Жанғазы Алтынгүл

Корей тілінің тәжірибелік курсы. (Практический курс корейского языка. Practical сourse of Korean language)

Пререквизиттер: Корей тілінің тәжірибелік курсы

Постреквизиттер: Корей тілінің тәжірибелік курсы

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Берілген бағдарлама білімгердің сөздік қорын молайтып, сауатты жазуға дағдыландыру мақсатында беріледі. Төмендегі оқулықтар оқу, жазу, есту және тыңдау дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделген. Бағдарлама корей тілін жаңадан үйренуші білімгерлерге арналған оқулық және жаттығулар кітабы негізінде оқытылады.

Пәннің мақсаты: Корей әріптерін таныту. Сөздерден сөйлем құрау. Фонетика саласын түсіндіру. Тәжірибелік корей тілін оқыту арқылы білімгердің сөздік қорын молайту.

Пәннің міндеттері:

- мәтіндерге байланысты сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру, ойындар мен сұхбат жүргізу арқылы білімгерлердің сөздік қорын молайту;

- мәтіндердің мазмұнына сәйкес пікірлесуге, өз ойын еркін жеткізуге, көркем оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

Негізгі әдебиеттер


  1. Kim Soyung, Cтихи, Kykjekeekchinxynvon, 2003

  2. Kim Meng Rel, Practice tests, MoonjinMedia, 2005

  3. Lue Yemek, Literature, Korean organization, 2006

Қосымша әдебиеттер

  1. Kim Soo Jung, Korean, Seul University, 2009

  2. Jang Yn A, Beginning Korean 1, En Se University, 2010

  3. Ko Men Gun, Easy Korean 1, Genhi University, 2009

  4. Jung Man Sop, Grammar Korean 1 , Hankook University, 2008

  5. O Men Hi, Culture of Korean, Hankook University, 2009

  6. Hankook Geok Pengkabyon, Testing 1-2 degrees.

Оқыту әдістері Негізінен сұрақ-жауап және жазбаша әдістері қолданылады.

Білім беру тілі - корей тілі

Бағдарлама жетекшісі: Джонг Хен Сук

Түрік тілінің тәжірибелік курсы. (Практический курс турецкого языка. Practical course of Turkish language)

Пререквизиттер: Түрік тілінің тәжірибелік курсы

Постреквизиттер: Түрік тілін оқытудың әдістемесі

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: «Шет тілі: екі шет тіл»і мамандығының 1-курс білімгерлеріне арналған Түрік тілінің тәжірибелік курсы пәні 90 тәжірибелік сағаттан тұрады. Білімгердің сөздік қорын молайтып, сауатты жазуға дағдыландыру мақсатында беріледі. Пән, түрік тілін жаңадан үйренуші білімгерлерге арналған оқулық және жаттығулар кітабы негізінде оқытылады. Аталмыш кітаптар оқу, жазу, есту және тыңдау дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделген. Тақырыптар жүйелі түрде беріліп, мәтіндердің мазмұнына сәйкес жаңа сөздерге орын берілген.

Пәннің мақсаты: Тәжірибелік түрік тілін оқыту арқылы білімгердің сөздік қорын молайтып, сауатты жазуға дағдыландыру.

Пәннің міндеттері:

- мәтіндердің мазмұнына сәйкес пікірлесуге, өз ойын еркін жеткізуге, көркем оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

- түрік халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, өнері жайлы ой-өрістерін толықтыра түсу.

Негізгі әдебиеттер


  1. Adım Adım Türkçe Ders Kitabı 1, Tuncay Öztürk Sezgin Akçay Çağlayan A.Ş. İzmir-Ağustos 2002

  2. Adım Adım Türkçe Alıştırma Kitabı 1, Tuncay Öztürk Sezgin Akçay Çağlayan A.Ş. İzmir-Ağustos 2002

Қосымша әдебиеттер

  1. Adım Adım Türkçe Ders Kitabı 2, Tuncay Öztürk Sezgin Akçay Çağlayan A.Ş. İzmir-Ağustos 2002

  2. Adım Adım Türkçe Alıştırma Kitabı 2, Tuncay Öztürk Sezgin Akçay Çağlayan A.Ş. İzmir-Ağustos 2002

  3. Yabancılar İçin Türkçe Dil Bilgisi 1, Yunus Zeyrek Gazi Üniversitesi TÖMER Ankara-2000

  4. Yabancılar İçin Türkçe Dil Bilgisi, Hamza Zülfikar Ankara Üniversitesi Türkçe Kursu Yayınları

  5. Temel Türkçe Dilbilgisi Fono Özel Eğitim Kurumları San. ve Tic. Ltd. Şti. İstanbul-2008

Оқыту әдістері: Негізінен сұрақ-жауап әдісі қолданылады.

Білім беру тілі: түрік тілі

Бағдарлама жетекшісі: Райымбекова Д.Л.
2 КУРС


3 семестр - 19 - кредит

ПӘНДЕР

Цикл

Код

Пән атауы

Кр

Цикл

Код

Пән атауы

Кр

Міндетті компонент – 15 кредит

Таңдау компонет- 4 кредит

Жалпы білім беру пәндері

Fil 1102

Философия

3

Базалық пәндер

Dpr 1111

Kul 1111


Мемлекеттік тілде іс –қағаз-дарын жүргізу

Мәдениеттану



2

IYa(V) 21204

Екінші шет тілі (А1, А2 деңгей)

3

OBJ 111

Өмір қауіпсіздігі негіздері

1

Vmk 2323

OPO 2323


Мәдениетаралық коммуникацияға кіріспе

12 жылдық мектепте бейінді оқыту негіздері



2

Базалық пәндер

OP 2206

Жалпы психология

2

VYa2314

Тіл біліміне кіріспе

2

BOIYa 2217

Базалық негізгі шет тілі (деңгей В2)

4

4 семестр – 19 кредит

Міндетті компонент – 19 кредит

Таңдау компонент- 0 кредит

Жалпы білім беру пәндері

IYa(V) 21204

Екінші шет тілі (А1, А2 деңгейлері)

3













OET 11108

Экономикалық теория негіздері

2













Soc 2109

Әлеуметтану

2













Pol 2110

Саясаттану

2













Базалық пәндер

OP 2202

Жалпы педагогика

3













Etn 2203

Этнопедагогика

1













IP 2205

Педагогика тарихы

1













TMVR 2208

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

1













BOIYa 2218

Базалық негізгі шет тілі (деңгей В2)

4















Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. (Делопроизводство на государственном языке. Office work in state language)

Прекреквизиттер:Қазақ тілінің мектеп курсы.

Постреквизиттер: Курстан алған білім, іс жүргізу саласындағы сөздіктерді құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті құжаттарды, құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау , құрастыру және рәсімдік ережелерімен жұмыс істеуге үйретеді. Сауатты жазуға және құжаттау барысында ұйымдастыру, техникалық құралдарын қолдану технологиясын меңгеруге көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Аталған курс білімгерлердің құжаттарды сауатты рәсімдеуге және үлгілерді дұрыс толтыруға арналған. Құжаттардың жасалуын, олардың тіркелуін, жіктелуін, қозғалысын, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығымен, сөздік қолданыстарды меңгеру, әдеби тіл нормаларын жақсы меңгеру мақсатында берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, әкімшіліктердің басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланатын ресми қарым-қатынас тілін білуге негізделген.

Пәннің мақсаты: білімгерлерді ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету, іс қағаз үлгілерін күнделікті өмірде дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру, құжаттау және оның іске асуын дұрыс меңгерту.

Пәннің міндеттері: білімгерлер іс қағаздарын толтыруда өз ойларын сауатты, дұрыс жазуға, айтуға баулу, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, граматикалық, орфографиялық, нормаларын жетік меңгеруге үйрету.

Лексика-граматикалық тапсырмалар беріп, ситуациялық тапсырмалармен ойын түрлерін беру арқылы оны практикада қолдануға үйрету.



Негізгі әдебиеттер:

  1. Л. Дүйсенбекова Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы, 2001 ж.

  2. А.Алдашева, Қ.Қадашева Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000 ж.

  3. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы, 2000 ж.

  4. Т.Ташметова, С.Шормақова Ресми іс қағаздар үлгілерін мемлекеттік тілде оқыту. – Тараз, 2003 ж.

  5. Қасымбеков, Әлімқұлов Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1999 ж.

  6. А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі, - Алматы, 2001 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова ,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова ,Қ.Қ. Кадашева Э.Д..Сүлейменова . Ресми –іскери қазақ тілі ( Грамматикалық түсініктеме) - Алматы, 2002 ж.

2. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ. Кадашева Э.Д.Сүлейменова. Ресми – іскери қазақ тілі (Бірінші деңгей, екінші деңгей, үшінші денгей) -Алматы, 2002 ж.

3. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.-Алматы, 2006 ж.



Оқыту әдістері: Ойтүрткі, кластер, рефлексия , дәстүрлі әдістер т.б.

Білім беру тілі: қазақ тілі

Бағдарлама жетекшісі: Тәженова Г. С., Шаханова Э.., Сарсембаева А.А., Әнесова Б., Мұқашева А.М.

Мәдениеттану. (Культурология. Culturology)

Пререквизиттер: мектептегі Қазақстан тарихы, адам және қоғам, құқық негіздері.

Постреквизиттер: философия, әлеуметтану, саясаттану.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Мәдениет ұғымының мәні мен маңызы. Мәдениет ұғымының дамуы, тарихы. Мәдениеттің түрлері. Мәдениет және өркениет. Архаилық мәдениет Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуы мен дамуының басты кезеңдері. Ислам мәдениетінің әлемі.Қазақстан мәдениетінің тарихы. Номадизм мәдениеттің типі ретінде. Қазақ мәдениетінің бастаулары. Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта тұсы мен XX ғ. басындағы қазақ мәдениеті. Кеңестік Қазақстан мәдениеті. Ұлттық мәдениет: өркендеу және даму мәселелері.

Бұл пәннің тақырыптары теориялық материалдарды, адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.



Мақсаты: Мәдениеттің ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, мәдениеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.

Курстың міндеті:

1. Мәдениеттану пәні бойынша ғылыми әдебиеттермен, еректермен жұмыс жасау әдістемесін үйрету.

2. Мәдени сараптама, талдау жасау, түрлі ғылыми тұжырымдамаларды отандық және шет елдік мәдени жүйеде қарастыру.

3. Қоғамдағы түрлі мәдени өзгерістерге бейімделу және бағыт-бағдар алу баулу және үйрету.



Қолданылатын әдебиеттердің тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002.

  2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

  3. Тимошинов В.И. Культурология. А., 2002

  4. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

  5. Драч Г.В. Культурология. Ростов на Дону, 2000

  6. Маркова А.Н. Культурология, М., 1999

Қосымша әдебиеттер:

  1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

  2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

  3. Абай Құнанбаев. Сочинения.-Алматы, 1995.

  4. Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.

  5. Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.

  6. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. Алматы, 1988.

  7. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, 1991.

  8. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

  9. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982

  10. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.

  11. Кравченко А. Словарь по культурологии. М., 2000.

  12. История Казахстана. Народы и культуры. А., 2000-

  13. Учебное пособие по истории Казахстана с древних времен до наших дней в
    3-х томах.

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент Таубаева С.Т.

Мәдениаралық коммуникацияға кіріспе. (Введение в межкультурную коммуникацию. Introduction into intercultural communication)

Пререквизиттері: Келесі көрестілген пәндер: «Тіл біліміне кіріспе», «Мәдениеттану», «Қазақстан тарихы», «Философия», «Әлеуметтану», «Негізгі шетел тілі (ағылшын)», «Екінші шетел тілі».

Постреквизиттер: Пәнді оқу барысында алынған білімді өзге тілді мәдениетті түсінуде қолдану.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Бағдарлама 1 және 2 семестрде 60 тәжірибелік сағатқа есептелген. Білімгерлердің мәдениаралық байланысқа қатысты қабілеттеррін, түсініктерін дамыту мақсатын негізге ала отырып оқытылады. Білімгерлердің мәдениаралық байланысын дамытуға және аудармашылық қабілетінің тереңдеуіне аталған бағдарлама септігін тигізеді. Курста теориялық және тәжірибелік бөлімдер қамтылған. Теория «мәдениаралық қатынас» фнеоменінің тәжірибелік анализі негізінде құрылады. Мәдениаралық оқыту әр түрлі мәдениеттердің байланыс мүмкіндіктерін іс жүзінде қамтамасыз етуге бағытталған. Курстың мәдени-келісімдік мазмұны білімгерлердің назарын «туған - шетелдік» түсінігіне аудару болып табылады. Тәжірибелік сабақтар мәдениаралық байланыстың негізгі аспектілерін түсінуді және айқындауды қамтиды.

Курстың мақсаты: Мәдениаралық коммуникация теориясының негізгі аспектілерін нақтылау. Өз халқының төл мәдениетін терең меңгеріп, өмірдегі маңызын түсіне білу, салыстыратын екі мәдениеттің ұқсастықтары мен өзгешеліктерін, мәдениетаралық байлынста туындайтын әр түрлі ситуацияларда ұтымды жол табуға көмектесетін мінез-құлық стратегиясын үйрену

Курстың міндеті:

- Төл мәдениеттің негізінде жинаған тәжірибесінің мәнін түініп, оның адам мінез-құлқы мен іс-әрекетіне тигізер ықпалын ұғыну.

- Шетел мәдениетін ұстанушылардың іс-әрекетінің түрлі ситуациялардағы сипатына, өнер туындыларына, өзге мәдени қауымдастықтың медикалық ақпаратына, әр түрлі типтегі мәтіндердің мазмұнына интерпретация жасаудың тиімді жолдарын меңгеру.

- Екі мәдениеттің ұқсастығы мен өзгешелігін тани білу



Әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиет:

  1. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация М., 2000

  2. Биркенбил В. Язык интонации, мимики, жестов. СПб: Питер, 1997

  3. Культурология / Под ред. Н.Г.Багдасарьян – М. 2001

  4. Основы теории коммуникации / Под ред. М.А.Василка. – М., 2003

  5. Почепцов Г.Г. Теория коммуникации – М., 2001

  6. Грушевицкая Т.Г. Попков В.Д., Садохин А.П., Основы межкультурной коммуникации: Учебник для вузов / Под ред. Садохина А.П М. 2002

Қосымша әдебиет:

  1. Горелов И.Н. Невербальные компоненты коммуникации. – М. «Наука» 1980

  2. Бороздина Г.В. психология делового общения М: Деловая книга, 1998

  3. Фалькова Е. Межкультурная коммуникация в основных понятиях и определениях, Санкт-Петербург, 2007

Оқыту тілі: орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: Ахметова М.К.

12 жылдық мектепте бейінді оқыту негіздері. (Основы профильного обучения в 12 летней школе. Profile teaching at the 12th school)

Пререквизиттер: Педагогика, Педагогика тарихы. Бейінді оқыту педагогикасы

Постреквизиттер: Педагогикалық шеберлік, Жас ерекшелік педагогикасы.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы» оқу пәні ретінде. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мәні мен мазмұны. 12 жылдық мектепте бейінді оқыту, бағдаралды дайындық. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың халықаралық тәжірибедегі және жалпы білім беру жүйесіндегі даму тенденциялары. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың нобайлары. 12 жылдық мектепте бейінді оқыту нобайларының түрлері. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың мазмұны. 12 жылдық мектепте бейінді оқытуда оқушының жеке білім алу жолы. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудағы тұтас педагогикалық үрдістің сипаты. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың заңдылықтары мен принциптері. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың педагогикалық үрдістегі әдістері мен құралдары. 12 жылдық мектепте бейінді оқытудағы тұлғаның әрекеті және дамуы. 12 жылдық мектепте бейіндіалды дайындық. 12 жылдық мектепте бейінді оқытуда курстарды ұйымдастырудың мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет