Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры


Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. (Методика научно-педагогического исследования



бет61/116
Дата04.03.2016
өлшемі9.06 Mb.
#41143
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116



Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. (Методика научно-педагогического исследования. Theory and techniques of scientific and pedagogical research).

Пререквизиттер: осы пәнді меңгеру үшін, келесі пәндер бойынша алынған білімге мектепке дейінгі педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасына сүйенуіміз қажет: педагогика, педагогика тарихы, мектепке дейінгі психология, мектепке

Постреквизиттер: осы пәнді оқыту барысында алынған теориялық, практикалық білімдері мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық қызметтің негіздерін меңгеруге ықпалын тигізеді.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Ғылыми іс-әрекет. Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері. Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі. Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі. Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау.

Курстың мақсаты: Студенттерді зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығын қалыптастыру. Психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарының орындалу жолдарын, заңдылықтарын меңгерту туралы толық мәлімет бере отырып келесі

Пәнді оқытудың міндеттері:

- психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстары туралы түсініктерді қалыптастыру;

- қазіргі таңдағы мектепке дейінгі балаларды оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі өзекті мәселелерді анықтай білуге;

- көкейкесті мәселенің қайшылығын айқындап, тақырыпты таңдай білуге;

- зерттеу әдістерін теориялық тұрғыда және тәжірибеде қолдана білуге;

- әдебиеттерге шолу жасай білуге;

- аннотация жаза білуге үйрету;

- мәтінді конспектілей білуге төселдіру;

- реферат, курстық жұмыстың әдістемесін меңгерту;

- диплом жұмысын орындау әдістемесін;

- ғылыми қорытынды жасай білуге үйрету.

Әдебиеттер тізімі


  1. Пошаев Д.Қ.Ғылыми–педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент2003.

  2. Безрукова В.С. Как написать реферат, курсовую, диплом. – СИБ,2004.

  3. Загвянский В.И., Поташник М.М. Как учителю подготовить и провести эксперимент. – М., 2004.

Оқытудың тілі: қазақ.

Бағдарлама жетекшісі: Жылқыбекова Г.

Жас ерекшелік психологиясы. (Возрастная психология. Age psychology)

Пререквизиттер: Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасынан «Биология», «Адамтану», «Әдеп және жантану» пәндерімен таныс болу қажет.

Постреквизиттер: Білімгерлердің оқу үдерісінде алған білімдері «Жалпы психология» «Мамандыққа кіріспе», «Жалпы психологиясы» және жас ерекшелік физиологиясы, педагогикасы пәндерін меңгеруі барысында толықтырылуы қажет.

Курстың мақсаты: Жас ерекшелік психологиясы курсында алған тоериялық білімдері негізінде білімгерлердің кәсіптік қабілетін қаруландыру, жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктері жайлы онтогенезді даму ұғымдарын қалыптастыру және сол білімдерді тәжірибеде қолдана білу іскерлігіне дағдыландыру.

Пәннің міндеттері:

- даму және жас ерекшелік психологиясы пәні мен міндеттерін меңгеру;

- пәннің Отандық және алыс-жақын шет елдердегі даму тарихын білу;

- даму жәен жас ерекшелік психологиясының әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздерімен танысу;

- жас кезеңдеріне тән психологиялық құбылыстар мен заңдылықтарды ескере отырып эксперименталды зерттеу, қалыптастыру және түзету әрекеттерінде білімгерлердің танымдық дағдылары мен ептіліктерін дамыту.

Әдебиеттер тізімі:

1. Крайг Г. Психология развития. – СПб.: Питер, 2000. – 992с.

2. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы:ҚУ,1982.-246б.

3. Кулагина И.Ю., Клюцкий В.Н. Возрастная психология. Развитие человека от рождения до поздней зрелости. –М:ТЦ Свера, 2004. -464б.

4. Волков Б.С., Волкова Н.В. Возрастная психология. Ч. 1-2. М: Владос, 2005. –366с., –343с.

5. Жарықбаев Қ., Сангилбаев О. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: С-С,2006,-384б.

6. Педагогика және психология. Қазақ тілінің терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі /Төрағасы А.А.Құл-Мұхамед. Алматы: Мектеп, 2002. -256б.

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Қонақбаева Т.Е., п.ғ.к., доцент м.а. Мордвинцева И.Ю.

Тәрбие теориясы. (Теория воспитания. Theory of Family education)

Пререквизиттер мен постреквизиттер: «Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсы «Педагогика» курсының «Тәрбие теориясы» бөлімінің логикалық жалғасы болып табылады және педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Тәрбие процесі және оның сипаттамасы. Сынып жетекшісі - сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырушы функциялары. Тәрбие әдістері және жұмыс формалары. Жалпы білім беретін мектепте тәрбиенің негізгі бағыттарын жүзеге асыру әдістемесі.

Курстың мақсаты: білімгерлердің тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және технологиясы саласынан білімі мен біліктілігін кеңейту, әрі тереңдету, нақты тәрбие міндеттерін шығармашылықпен шеше білуге қалыптастырады.Бастауыш мектептің сынып жетекшісінің тәрбиелік-кәсіптік қызметі туралы толық мәлемет бере отырып келесі міндеттерді шешеді:

1.Білімгерлерде бүгінгі бастауыш мектептің тәрбие үрдісінің өзекті проблемасы турапы ғылыми түсінік қалыптастыру.

2.Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбие жұмыстарының ерекшеліктеріне сәйкес білімгерлердің педагогикалық іскерлігімен дағдыларын жүйелеу.

3.Білімгерлерде өз бетінше білім алуға,өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілігін тәрбилеу.



Әдебиеттер тізімі

  1. Рувинск Л.И. Методика воспитательной работы.-М., 1989

  2. Осипова М.П. Методика воспитательной работы.-Минск., 1991

  3. Богданова О.С., Петрова В.И. Методика воспитательной работы в начальных классах.-М.,1992

  4. Сейталиева К.Б. Тәрбие теориясы.-Алматы .,1986

  5. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Оқытудың тілі: қазақ.

Бағдарлама жетекшісі: Құрманбекова А.

Шешендік өнердің оқыту әдістемесі. (Методика обучения ораторскому искусству. Methods of teaching public speaking art).

Пререквизиттер: Мектепке дейінгі педагогика, Жас ерекшелік психологиясы, Дүниетану, Өзіңді өзің тану, Қазіргі қазақ тілі.

Постреквизиттер: Жеке пәндерің оқыту әдістемесі, Ұстаздық шеберлік. т.б.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: «Шешендік өнердің оқыту әдістемесі» курсының маңызды бөлімі. Шешендік сөз өнерінің мәні. Сөйлеу техникасы. Шешендік өнер және оның әдіс-тәсілдері. Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу. Ертегі айту. Өлең оқу. Өлең өлшемдері. Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар, нақыл сөздер – халық даналылығының бір жанры. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру. Шешендік өнер әдістемесінің ғылыми негіздері. Балабақшада тіл үйрену заңдылықтары. Балабақшадағы жан-жақты балалардың шешендік өнерін оқыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері.

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып, шешендік өнер әдістемесінің мазмұнын, мақсаттарын қарастырады.

міндеттерді шешеді:

  • білімгерлердің тіл мәдениетін жетілдіру

  • әр топ бойынша берілген көркем шығармалардың мазмұнын талдау.

  • Бала тілін дамытуға, ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесінің ерекшеліктерін меңгерту.

Әдебиеттер тізімі

  1. Ақанов К.А. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000.

  2. Баймұратова Б. Балабақшада жүргізілетін сабақтар және оны ұйымдастыру, А.1978.

  3. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті, Алматы, 1971.

Оқытудың тілі: қазақ.

Бағдарлама жетекшісі: Керімбаева Р.

3 КУРС


5 семестр- 17 кредит

Цикл

код

Пән атауы

кр

цикл

код

Пән атауы

кр

Міндетті компонент - 13 кредит

Таңдау компонент - 4 кредит

Жалпы білім беру пәндері

МOKDR 3208

Методическое обеспечение

1

База-лық пәндер


PE 206

PО 206


ОА 206

Педагогическая этика

Психология общения

Основы акмеологии


2

Spc 1(6)211

Мамандық

(мамандандыру бойынша)



1

PPO

I231
IVMOMP231



Психолого-педагогические основы игры

Игра-ведущий метод организации массового праздника



2

Базалық пәндер


KhMOD 3301

Қалың жұртшылықтың мәдени-тынығуын ұйымдастыру

2

ODR

3302


Организация досуга за рубежом

2

KRKTK 3209
KRAKBB 3209
КК3209

Қазақстан Республикасында көптілді тұлғаны қалыптастыру

Қазақстан Республикасында және әлемде көптілді білім беру

Қазақстан құқығы


2

PD3303

Педагогика досуга

3

VPD

3304


Возрастная педагогика досуга

2

MVRD

3305


Методика воспитательной работы досуга

2

6 семестр-15 кредит

Міндетті компонент – 9 кредит Таңдау компонент – 6 кредит

Жалпы білім беру пәндері

ІІ3204

История искусств

2

Базалық пәндер


SR333

KRR333


Сценическая речь

Культура речи.Риторика



3



МOKDR 3208

Методическое обеспечение

2

PVCY

334


TPPVM (R)334


Практикум по выразительному чтению

Теория и практика проведения внешк.мероприятий



3


UVRKҺK

3210


Учебно-воспитательная работа в худ.коллективах

2

Spc 1(6)211

Мамандық

(мамандандыру бойынша)



1

БП

KhMOD 3301

Қалың жұртшылықтың мәдени-тынығуын ұйымдастыру

2














Педагогикалық этика (Педагогическая этика).

Пререквизиттер: осы пәнді меңгеру үшін, келесі пәндер бойынша алынған білімге сүйенуіміз қажет: психология, педагогика, ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері, баланың мәдени-тынығуын ұйымдастыру.

Постреквизиттер: осы пәнді оқыту барысында алынған теориялық, практикалық білімдері мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық қызметтің негіздерін меңгеруге ықпалын тигізеді.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Қазақстан Республика-сының білім беру жүйесінің негізі. Педагогикалық маман-дықтың жалпы сипаттамасы. Педагог кәсібі және оның қоғамдағы алатын орны. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның қоғамдағы орны. Педагог тұлғасын қалыптастыру және кәсіби дайындау. Педагог іс-әрекет субъектісі. Педагогтың шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті - педагогикалық шығармашы-лықтың басты компоненті. Қарым-қатынас -педагогикалық қызмет үрдісінің ерекше түрі. Педагогикалық маман дайындау жүйесі. Білімгерлердің өзіндік білм алу жұмыс-тарын жүзеге асыруы мен өзін-өзі тәрбиелеуі – педагог кәсібінің басты міндеті.

Курстың мақсаты: Білімгерлердің болашақ мамандықтарына, педагогикалық кәсібне қызығушылығын арттыру арқылы толық мәлімет бере отырып келесі

Пәнді оқытудың міндеттері:

- білімгерлерді мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтың кәсіби шеберлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

- педагог еңбегінің әлеуметтік маңызы туралы мағлұмат беру;

- білімгерлердің өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру;

- болашақ маманның шығармашылығын дамыту туралы түсініктерін дамыту;

- білімгерлерлің ғылыми еңбектерін ұйымдастыру.



Әдебиеттер тізімі

  1. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую специальность. Ростов-на-Дону, 2002.

  2. Введение в специальность /Под ред. Л.И.Рувинского. М., 1988.

  3. Абдуллина А.О. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. – М., 1990

  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2004

  5. Введение педагогическую культуру /Под ред Е.В.Бондаровского. Ростов-на-Дону, 1995

Оқытудың тілі: қазақ.

Бағдарлама жетекшісі: Жылқыбекова Г.

Қарым-қатынас психологиясы (Психология общения. Psychology of the contact)

Пререквизиттер: Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасынан «Қоғамтану», «Әдеп және жантану» пәндерді жете меңгерілуі шарт.

Постреквизиттер: «Жас ерекшелік психологиясы», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология».

Курстың міндеті:

- курс білімгерлігінің кәсіптік бағыттылық деңгейін және олардың психология төңірегіндегі өзіндік білім мен педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік қызығушылығын арттыру:

- оқытушы мамандығын терең түсінудегі психологиялық білімінің маңыздылығы;

- болашақ оқытушының тұлғалақ және өзіндік жоғары деңгейлеріне сай келетін жалпы психологиялық мәдениетін арттыру.

Курстың мақсаты: Білімгерлерге тұлғаның даралық ерекшеліктері, психиканың көріністері, іс-әрекет барысындағы тұлға дамуы, қарым-қатынас ықпалы туралы құнды деректер беру және психологияның негіздерін меңгеруге үйрету.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Алдамұратов А.Ж. Жалпы психология. Алматы: Білім, 1996

  2. Жарықбаев Қ.Б. жалпы психология. Алматы, Эверо, 2004

  3. Жалпы психологиясына кіріспе. Алматы, 2007.

  4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.

  5. Немов Р.С. Психология. М.;Владос, 1999.

  6. Рубенштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб.: Питер, 2000

Оқыту тілі: қазақ

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы доцент Жылқыбекова Г.

Акмеология негіздері. (Основы акмеологии. Akmeology bases)

Пререквизиттер: әлеуметтік психология, психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке кіріспе

Постреквизиттер: жаңа тұрпатты психологтың кәсіби құзыреттілігі

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Пән акмеология саласында негізгі акмеологиялық зерттеулер мен оның қазіргі жай-күйі жайлы студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған

Пәннің мақсаты:

- Психология мен оған сабақтас ғылымдар жүйесінде адамның психикалық және кәсіби дамуы жайлы білімдерін жинақтау және жалпылау;

- диагностика, коррекцияны психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету түрлі теориялар мен әдістерге бағытталу.

- маманның кәсіби мәнді қасиеттерін оңтайландыруды қамтамасыз ету.



Пәннің міндеттері:

- студенттерді дамытудың міндеттер тобын анықтау, оларды диагностикала, жүйелеу және талдау, міндеттердің әр тобына қатысты перспективті шешімдер қабылдау;

- арнайы білім беру жағдайында қолданылатын міндеттердің әр тобын шешу тәсілдерін жобалау;

- акмеологияның пайда болуының негізгі ғылыми алғышарттарын оқыту;

- акмеологиялық заңдар, заңдылықтар, әдістер мен технологияларын оқыту;

- табысты дамудағы адамды тұлға және маман ретіндегі сипаттамасын анықтау;



Негізгі әдебиеттер:

1. Разина Н.А. Акмеологический подход к развитию профессионализма современного педагога. –М., 2010.

2.Акмеология. Учебник под общ.ред. Деркача А.А.- Москва: РАГС, 2002

3.Кузьмина Н.В., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Акмеология качества профессиональной деятельности специалиста.-СПб, Коломна, Рязань, 2008



Қосымша әдебиеттер:

1. Бранский В.П., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Социальная синергетика и акмеология. Теория самоорганизации индивидуума и социума.-СПб, 2001

2.Ильин В.В., Пожарский С.Д. Философия и акмеология. -СПб: Политехника 2003

Оқыту әдістері: рефлексия, дәстүрлі әдістер, тренингтер.

Оқыту тілі: қазақ, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.У., Бизақова Ф.А.

Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. (Психолого-педагогические основы игры. Psychological and pedagogical bases of game)

Пререквизиттер: Мектепке дейінгі балаларының физиологиясы және гигиенасы, жас ерекшелігі және педагогикалық психология.

Постреквизиттер: Мектепке дейінгі балаларының даму психологиясы, гылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі, педагогикалық шеберлік.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Болашақ тәрбиешінің мектепке дейінгі тұлғалық дамуының психологиялық себеп салдарын айқындаудың тиімді әдістері мен әдістемелерін меңгеруі қамтамасыз етіледі және бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуының жағымды педагогикалық шарттарын ұйымдастырудың баламалы әдістемелері үйретіледі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын қалыптастырудағы әлемдік және отандық психологиялық және педагогикалық диагностикалау әдістерінің қолдану аялары анықталынады.

Әдебиеттер тізімі

1. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.

2. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика Алматы.1982.

3. Балбөбек бағдарламасы-Алматы 2000.

4. М.Жұмабаев Педагогика Алматы,1994.

Оқытудың тілі: қазақ,



Бағдарлама жетекшісі: Жылқыбекова Г.Т.

Қазақстан Республикасында көптілділік тұлғаны қалыптастыру. (Формирование полингвальной личности в РК. Formation of polilingual personality in Republic of Kazakhstan ).

Прекреквизиттер:Қазақ және орыс тілі мен әдебиетінің мектеп курсы.

Постреквизиттер: Курстан алған білім, қазақ және орыс тілдерін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша әдет-дағдыларын қалыптастырып, базалық білімін жетілдіреді.

Пәннің мақсаты - білімгерлерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, жиі кездесетін тілдік лексиканы, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету

- қазақ, орыс тілдеріндегі көптілді педагог кадрларды дайындауға бағыттау;

- қазақша, орысша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;

- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;

- әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын қалыптастыру;

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стильдердің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету.

Пәннің міндеті - білім саласының әр түрлі салалары бойынша терминдерді игеру жолдарын қалыптастыру, пікірлесуге, әңгімелесуге, мазмұндауға, көркем оқуға, сауатты жазуға, өмірден мол мағлұмат беруге үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:


  1. М.Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.

  2. Мараковская, Тәжімұрат. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы.

  3. Терминқор қалыптастыру көздері мен термин жасам тәсілдері.Астана-2005ж.

  4. Т.К.Қазыбек. Аударматануға кіріспе. А.,2004ж.

  5. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас.А.,2005ж.

  6. Практический курс русского языка. Л.К. Жаналина, М.Ш. Мусатаева. Алматы, 2005

  7. Учебное пособие «Республика Казахстан» С.А. Мамекбаева и др. Алматы, 1991 г

  8. Словари. С.И. Ожегов и др.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Г.Шалқарова. Салыстырмалы грамматика. А., 2007ж.

  2. А.Омарова. Қазақша сөйлеу этикеті. Астана, 2006ж.

  3. Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелелрі. Астана, 2011ж.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі .

Оқытушылардың аты-жөні:

  1. Мыңайдарова Мария Естайқызы

  2. Уралбекова Әлия Әрпішқызы

  3. Естаева Тоқжан Естайқызы

  4. Мыханова Жанар Бахытқызы

  5. Тәженова Гүлсара Серікқызы

  6. Шаханова Эльмира Аманжолқызы

  7. Мұқашева Алшагүл Меделханқызы

  8. Қалматаева Бақыткүл Мәмбетбайқызы

  9. Құттымұратова Назым Алиевна

  10. Сарсембаева Айгүл Асанқызы.



Қазақстан Республикасында және әлемде көптілді білім беру. (Полилингвальное образование в Республике Казахстан и мире. (Polylingval Education in the Kazakhstan and the wold)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет