Қиянат жасамау – жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесінің нәтижесі.
Қиянат жасамауға тән ерекшеліктер. Жеке тұлғаның даму ерекшеліктері.
Қиянат жасамау, яғни, басқаларға зиян келтірмей өмір сүру – бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет.
Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтың жиынтығынан тұрады. Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.
Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері:
Барлық болмыстың бірлігін жете түсіну;
Қиянат жасамау барлық затқа сүйіспеншілік ретінде көрініс береді;
Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды;
Табиғатқа қатысты – бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, табиғат
заңдарын құрметтеу;
Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді. Ол басқа
адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.
Өзіңе қатысты қиянат жасамау – бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау дегенді білдіреді, яғни:
– өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;
– жаман сөз есту – құлаққа қиянат;
– барлығынан жамандық көру – көзге қиянат;
– жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;
– жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат.
Қиянат жасаудың себептері (мысалдар арқылы):
– сүйіспеншіліктің жетіспеуі;
– рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі;
– өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат;
– әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.
Қиянат жасамаудың практикасы;
-Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу
-Барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну;
-Бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдылықты дамыту
-Қоршаған ортаға қамқорлық жасау;
-Барлық энергия түрлерін бекер шашпау,тамақты, ақшаны электрді және т.б.
-Тілектеріне шек қою
-Нағыз бардың өзара байланысын түсіну
-кешіре білуге үйрену;
Жеке тұлға қоғамдық қатынастарға араласып қана қоймайды, оған қажетті материалдық және рухани құндылықтарды жасап шығарады, соның арқасында қоғамның дамуын алға жетелеуші факторға айналады. Оның басты қасиеті – жасампаздығында. Осыған байланысты экзистенциалды және гуманистік философияның айтуынша, жеке тұлғаға тән басты белгі – шығармашылық әлеуеті. Ол өзгелерге, қоғамға қажетті дүниелерді ойлап шығару арқылы өзінің маңыздылығын түсінеді, өзін жетілдіреді, өзін іске асырады.
Жеке тұлға сонымен қатар, қайталанбайтын даралыққа, ерекше қасиет-сапаларға ие. Оның осы қасиеті мәдениеттің дамуында қайталанбайтын дүниелерді өмірге әкелді. Шығармашылықтың көзі оның даралығында, сол себепті оны қалыптастыруда да осы қасиеттеріне айрықша көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |