ПСИХОЛОГИЯ
Психология ғылымы туралы түсінік, басқа ғылымдармен байланысы.
Психология дегеніміз адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен қатар психологияға жануарлармен, адамдарды салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді. Оның негізгі мсазмұны адамның психикалық процесінің қасиетінің, психикалық қалпының қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.және адамның психологиялық ерекшеліктерін, іс-әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психология және оның ерте заманна келе жатқан ғылым. Дүниеге тұңғыш келген жері-* ертедегі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады. «псухе»- жан, «логос»- ілім деген сөз. Жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ біз психологияны жан туралы ілім демейміз, психика туралы ғылым дейміз. Өйткені психология адамның психологиялық процестерін, оның іс-әерекетінің даму заңдылықтары, іс-әрекеттің адамның психикасына тигізетін әсерін зертейді. Бұл ғылым белгілі бір принциптерге негізделе отырып бірнеше салаға тарамдалады. Сол принциптердің біреуі адамның іс-әрекеті. Екіншісі сол әрекеттің даму заңдылықтары, үшіншісі адамның өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы.
Психологияының басқа ғылымдармен байланысы.
Психология өзге ғылым пәндері сияқты бірнеше пәндермен байланысты түрде дамиды. Сондай байланыстың бір түрі анатомия мен физиология. Бұл пән жас дамуының физиология деп аталатын жас даму физиологиясы баланың ана құрсағынан өмірінің соңғы кезеңіне дейін жас даму ерекшеліктеріне сәйкес болып отыратын өзгерістерді, нерв жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Баланың даму кезеңдеріне сәйкес оның бойында жаңаша психикалық сапалар пайда болып ондай сапалар баланың мінез-құлқын, дүние танымын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын күрделендіре түседі. Мұндай өзгерістер баланың 1 жасқа толған кезінде, 3 жасында, 7 жасында, 10-11 жасында және 13-14 жасқа толғанда айқын байқалады. Баланың бойында жаңа пайда болған психикалық сапалар оның мінез-құлқын, әр түрлі іс-әрекеттерін өзгертуге әсер етеіп, олардың елеулі өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Мұндай өзгерістерді психологияда дағдарыс кезеңдері деп аталады. Мысалы, 3 жасар бала ересек адамдардың астқанын істемей қиқарлық көрсетеді. Ұнамсыз көріністері дағдарыс болып келеді. Дағдарыс – тоқырау немесе елеусіз өзгерістерге ұшырауы. Баланың бойында пайда болатын ондағы өзгерістердің, ақыл-есінің дамуының көрінісі. Егер ата-ана баланың дамуына көзқарасы дұрыс болмаса, оның келешегіне үлкен әсер етеді. Педагогика – балалардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда оқу тәрбие арқылы тәрбиелеу. Онымен тығыз байланысты бола тұра дидактикалық принциптеріне байланысты.
Жеке пәндерді оқыту методикасы. Тәрбиешеінің басты мақсаты белгілі бір жүйемен, әдіс-тәсілмен жүзеге асады. Француз психологы Жере Бруно, Жан пиаже өз еңбектерінде баланы еш тәрбиесіз және оқусыз өсіп жетіледі.
балалар психологиясы басқа азаматтық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Жалпы психологияның негізіг принциптерін негізге ала отырып басқа ғылымдармен байланысты. Балалар психологиясы жас даму психологиясының бір тармағы ретінде адамның тарихы даму процесін толық қамтитын және мінез-құлық ерекшеліктерін, заңдарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |