Адам санасының дамуы. Сана дамуындағы қоғамдық-тарихи заңдылықтар.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр
Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.
Іс-әрекет психологиясы, іс-әрекеттің негізгі түрлері. Ойын, оқу, еңбек әрекеті.
Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.
Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.