МУЗЫКА ТЕРАПИЯСЫ – ПСИХИКАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Бапаева М.К. - пс.ғ.к., доцент, Қожагулова А.А - магистрант (Қазмемқызпи)
Адамның бүкіл өмірі, тыныс – тіршілігі әуенмен, әнмен тығыз байланысты. Мәселен, адамның мәнерлі ырғақпен үйлесімді сөйлеуі, әуез аспаптарының үні, табиғат құбылыстарының таңғажайып тылсым күштері (самал желдің соғуы, жаңбыр тамшыларының дыбысы, үскірік бұрқасын боранның ұйытқуы, т.с.с) оның жан дүниесіне өзіндік әсерін тигізеді. Дүние есігін ашқан сәтінен бастап – ақ адам әуенмен бетпе – бет келеді, өмір табалдырығын әнмен аттайды. Әнсіз өмір мәнсіз.Адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын ғылыми материалистік тұрғыдан түсіндірген ұлы Абай сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін дәл көрсете келе, «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбір ләззат ала алмас едік...» дейді.
Тағы да Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп адамның түрлі көңіл – күйлері, қуанышы мен қайғысы, мұңы мен зары – бәрі де әнмен өрілетін сипаттайды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл – Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен кесек дүниесінің бірі – музыкаға арналған. Оның музыка теориясына арналған бірнеше еңбектері бар: «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың классификациясы» т.б. Ғұлама да музыканың шығуын, оның адам психикасына әсерін материалистік тұрғыдан түсіндіре отыра, «музыканың негізгі мақсаты адамның эстетикалық мұқтаждығын қанағаттандыруға тиісті, оның бір ұшы поэзияға тіреледі, өйткені поэтикалық тіл мен музыка тілі етене болып қабысқан кезде музыканың әсерлігі, эффектісі күшейе түседі...» дейді.
Музыканың адамның психикасын, шығармашылық қабілетін, танымын қалыптастырудағы оңды әсерін психологиялық тұрғыда қарастырған алыс – жақын шет елдік зерттеушілер баршылық. Оқу процесіндегі музыкалық қабілеттілік негізінде айрықша музыкалық қиял, ес, сезімнің дамитынын көрсеткен американдық психолог К.Сишор, вундеркинд балалардың музыкалық қабілеттілігінің даму деңгейін зерттеген неміс психологы Г.Ревеш, музыкалық қабілеттілігін айрықша тыңдай, қабылдай алу ерекшелігімен сабақтастырған ресейлік психолог Б.М.Теплов, музыканы қабылдау, ритмді сезінудің дамуын, ерекше музыкалық есту проблемалары Т.К.Богданова, В.Н.Галич, Ф.Д.Брянская т.б еңбектерінде де көрініс тапқан.
Әуен тіпті жануарларға да әсер ететіні белгілі. Оған бізге жеткен аңыздардағы түрлі оқиғалар куә. Тыныс – тіршілігі, кәсібі төрт түлік малмен байланысты ұлттардың мал соңында жүріп ән салып, сыбызғы тартуы тегін емес. Мысалы, араб түйекештерінің әндерінің желмаяға әсері мен үнділердің сыбызғы тартуы арқылы жыландарды билетуі, қазақ халқындағы «Нар идірген» күйінің шығуына себеп болған, ботасы өлген інгенді күйдің құдыретімен идіргендігі туралы аңыздың тарихы – осы әуеннің, қазіргі психология ғылымында музыка терапиясы деп аталатын әдістің әсерін байқауға болады.
Сол сияқты «Ақсақ құлан», «Аңшының зары» күйлерінің мазмұны, мәні, айтар ойы, музыка тілімен, домбыра аспабының құдыретімен терең сырды, адамның көңіл-күйін мұң зарын ұқтыра білген. Ертеде ел ішінде ақыл – есінен ауысқан, мазасыздық пен үрей билеген адамдарды бақсылар зікір салып, түрлі би қимылдарын жасап, қобыздың сарынымен емдеуге күш салған. Бұл да әуеннің адам психикасына жағымды әсерінің болатынын халқымызда ертеден белгілі болғанын көрсетеді.
Қазіргі кезде ғылыми психологияның бір саласы – практикалық психологияда адамның психикасында байқалатын жайсыздықтар мен көңіл–күйлеріндегі ауытқулардан арылту мақсатында психотерапияның түрлі бағыттарын кеңінен қолданады.
Әлеуметтік – психологиялық тренингтерді жүргізу барысында, релаксациялық жаттығуларды орындауда, сюжетті – ролдік, қимылдық ойындарды ұйымдастырғанда, әңгіме тыңдау, іс-әрекетті орындау негізінде психотерапияның бірі – музыка терапиясын қолдану оңды әсерін тигізеді.
Музыка терапиясы адамның жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын, көңіл–күйін ретке келтіру мақсатында қолданатын психотерапиясының бір әдісі. Балаға музыка арқылы жағымды әсер етудің өзіндік әдіс–тәсілдері бар. Бұл әдісті белгілі бір жүйемен қолдана білу аса маңызды. Ол үшін баланың жас ерекшелігі, дәл сол сәттегі жағдайы, психикалық өзгерістері, оның себептері туралы мәліметпен таныс болу шарт, әйтпесе, кез келген жағдайда музыка терапиясын қолдану өз нәтижесін бере бермейді. Музыка арқылы балаға психологиялық әсер етуде әуенді үш түрлі сипатта қолдану керек: тыныштандыратын әуендер, жігерлілік тудыратын әуендер, босаңсытуға арналған әуендер (релаксациялық).
Алғашқы әуен қалыпты, жайлы психологиялық ахуал тудыратындай болған жөн. Ол үшін жағымды, тыныштандыратындай әуендер таңдалғаны абзал. Екінші музыкалық әуен көтеріңкі эмоцияны, ассоцацияларды тудыратындай әлдеқайда жігерлі болғаны дұрыс. Ал үшінші сипаттағы әуен денені жайлаған мазасыздық пен қысымнан, үрей мен қорқыныштан арылтатын немесе энергия мен оптимизмді тудыратындай әсерде болуы маңызды.
Әр әуенді тыңдау ұзақтығы 3-4 минуттан аспағанын қадағалау керек. Әуендерді тыңдап болғаннан кейін әрқайсысының көз алдында елестеген бейнелер, фантазиялар, ассоциациялар туралы талдаулар жүргізу – адамның музыканы тыңдап, қабылдай алу қабілеті мен түйсіне алу сезімдерін сезіне алумен қатар шығармашылық қабілеттілікті, және эстетикалық сана мен талғамын қалыптастыруға көмектеседі.
Осы орайда балалардың жас ерекшелігін ескере отыра, жоғарыда аталған тыңдалатын үш түрлі сипаттағы әуендерді іріктеп, бір жүйеге келтіріп, арнайы түзету (психокоррекциялық) бағдарламасын жасау қажеттілігі туындайды. (төменде үлгісін беріп отырмыз) Оны балабақша тәрбиешісі, мектеп психологы, арнайы мектеп психологы, практик – психологтар өздері жұмыс жасайтын балалардың ерекшеліктерін ескере отырып жасауларына болады.
І. Тыныштандыратын әуендер: Ықылас «Жез киік» (қобызбен орындалады), Т.Момбеков «Бозінген», Н.Тілендиев «Ата толғауы», С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны» т.б.
ІІ. Жігерлілік тудыратын әуендер: Түркеш «Көңіл ашар», Құрманғазы «Сарыарка», «Адай», Ә.Желдібаев «Ерке сылқым», т.б.
ІІІ. Босаңсытуға арналған әуендер (релаксациялық әуендер) классикалық әуендер: Огинский «Полонез», Бетховен «К Элизе». Қазақ халық әндері: «Асылзат арманда едім, а дариға», «Ахау керім» т.б.
Егер де музыка тыңдауды ароматерапиямен ұштастырса, онда әсері әлдеқайда тиімді болады. Дегенмен де музыка терапия әдістерін қолдану барысында практик – психолог кейде қиындықтарға кездесуі де мүмкін, егер музыкалық білімі, хореографиялық дағдысы мен бейімділігі болмаса.
Әдебиеттер
-
Адамзат ақыл-ойының қазынасы. А.: Таймас. 10 том. Қазақтың психологиялық ой-пікірлері. 2006.
-
Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. А., 1999.
-
Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. Ростов на Дону: Феникс, 2004.
-
Завьялов В.Ю. Музыкальная релаксационная терапия: Практическое руководство. Новосибирск, 1995.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада психиканы қалпына келтіруде музыкамен емдеуді қолдану мәселелері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье изучаются вопросы использования музыки при восстановлении психики.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖОСПАРЛАУ МЕНЕДЖМЕНТІ
Бапаева С.Т. – оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Кез келген ұйымның, атап айтқанда білім беру мекемелері нәтижелерінің сапасы оның сәтті әрекет етуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қызығушылық танытқан барлық жақтардың талаптарын қанағаттандыратын сапаның қажет деңгейіне құрылған, енгізілген және сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің көмегімен жетуге болады.
Алайда көптеген жоғары оқу орындарының, атап айтқанда мемлекеттік және рейтінгі жоғары жоғары оқу орындарының басшылығы үшін сапа менеджменті саласында қызметтерді қалыптастыру қажеттігі көбінде мойындалмауда әрі сол жұмыстың алғашқы қадамдары тек шығынды көздейді. Сапа менеджменті жүйесін қалыптастыруға ынталандыратын ешбір сыртқы себеп те жағдай да жоқ. Қаржыландыру жоғары оқу орындары іс -әрекеттерінің нәтижелеріне тәуелді емес, бітірушілерді еңбекпен қамтамасыз етуге тікелей жауапкершілік жоқ, олардың мансабын арттыруының кері байланысы да жоқ. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары үшін еңбек нарығы мен білім беру қызметтеріндегі бәсекелестік қорқыныш тудырмайды. Жоғары оқу орны өнім мен қызметтерді шығарушы ұйым ретінде персоналдың кәсіби және мәдени деңгейі, басқару жүйесінің құрылымы, шығарылатын өнім мен қызметтер тұрғысында кез келген басқа ұйымға қарағанда күрделірек. Осындай жағдайлардың барлығы академиялық персоналдың әрі орта және жоғары деңгейдегі басшылардың да сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру үрдісіне деген қарсылығын тудыруда. Бұл - үрдістің жетістігін түсінуді ғана емес, сонымен бірге кәсіби білімді, қорларды жұмсау қажеттігін түсінуді әрі ең алдымен кадрлық қорларды сарп ету қажеттігін де мойындауды талап ететін күрделі міндет. Ол міндеттің сәтті жүзеге асуы сапа менеджменті жүйесін құру, енгізу, сертификаттау және пайдалану үрдісін біртіндеп, сатылап ұйымдастыруға тәуелді. Персоналды сапа менеджменті идеяларына тарту рухында тәрбиелеп, оны жоғары оқу орнына енгізудің нәтижелілігін көрсеткен маңызды.
Аталмыш өндірістің жетістігі үшін сапа менеджменті жүйесін құру жобасының қалыптасып, жүзеге асырылуы үрдістің технологиялылығын, жобаның кейінгі менеджментін құруды, жүзеге асыруды, жетілдіру мүмкіндігін, сондай–ақ орайы келгенше нәтижелерін таратуды қамтамасыз ететін деңгейде орындалуы тиіс. Сапа менеджменті жүйесін құру жобасын жасауда ол талаптарды қанағаттандыру үшін қисынды–құрылымды талдаманы пайдалануға болады. Қисынды–құрылымды талдама АҚШ–та 60 жылдардың соңында халықаралық даму Агенттігімен құрастырылған.
Қисынды–құрылымды талдама аналитикалық және жоспарлау фазаларынан тұрады. Аналитикалық фаза үш кезеңнен тұрады.
Қисынды–құрылымды талдаманың негізгі нәтижесі ретінде үлгісі төмендегі суретте кескінделген қисынды–құрылымды матрица танылады (1-сурет).
1-сурет. Қисынды-құрылымды матрица
-
Мәтін
|
Төмендеуге дейінгі көрсеткіш
|
Өлшеу
|
Кемшілік және тәуекел
|
Сонымен, жоғары оқу орындарының сапа менеджментінің жүйесін құрастыруға бағдарлана отыра, жобаның барлық кезеңдерін егжей тегжейлі қарастыруға болады.
1 кезең. Қызығушылық танытқан жақтарды талдау. Аталмыш кезең сапа менеджментінің «Тұтынушыға бағытталған бағдар» атты бірінші ұстанымымен жақсы үйлеседі. Ұйым тұтынушыларына тәуелді, олардың ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін түсінуі тиіс, сондай-ақ оларды алдын ала болжауға тырысуы тиіс. Жоғары оқу орнының шығаратын өнімді немесе қызметті тұтынушылар әртекті. Жоғары оқу орнының іс -әрекетіне қызығушылық танытқан негізгі жақтар төменде (2-суретте) кескінделген. Оған талапкерлерді; білім алушылар мен олардың туысқандарын; тұтынушы мамандарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, техникалық өнімнің, білікті арттыру мен кәсіби қайта даярлауға байланысты қызметтердің нәтижелерін; әрқилы деңгейдегі білімді басқару бөлімдерін; қоғамдық ұйымдарды; барлық деңгейдегі әкімшілік персоналды; академиялық қоғамдастықтың мүшелерін жатқызуға болады.
|
Қызығушылық танытқан жақтар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ішкі тұтынушылар
|
|
|
|
Сыртқы тұтынушылар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қызметтерді
тұтынушылар
|
|
|
|
Мамандарды, қоғамның үйлесімді даушы мүшелерін, ғылыми-зерттеу
нәтижелерін тұтынушылар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әкімшілік персонал
|
|
|
Абитуриенттер
|
|
|
|
Өндірістер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Академиялық персонал
|
|
|
Студенттер
|
|
|
Қоғамдық ұйым
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қамтамасыз етуші қызметтер персоналы
|
|
|
Оқитындардың туысқандары
|
|
|
|
Білім беру министрлігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары біліктіліктегі кадрлерді даярлау қызметтері
|
|
|
ПК жүйесін тұтынушылар
|
|
|
|
Білім беруді басқарудың жергілікті бөлімдері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқалары
|
|
|
Білім беруші жүйелер
|
|
|
|
Басқалары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқалары
|
|
|
|
2 сурет. Жоғары оқу орнына қызығушылық танытқан жақтардың иерархиясы
|
Жоғары оқу орны іс-әрекетінің нәтижелерін тұтынушыларды анықтау үшін және олардың қажеттіліктерін динамикада зерттеу үшін істердің өзекті жағдайы жайлы мәліметтердің жинақталуы, бағалаудың қайсібір әдісін қолдана отырып, кездесулерді өткізген маңызды. Қызығушылық танытқан жақтардың қызығушылықтары қақтығыспауы тиіс, өйткені ондай жәйт жоғары оқу орнында тәуекелдің пайда болуына әкелуі мүмкін. Қызығушылық танытқан жақтарды қызмет етуші топтың «миға шабуыл» түрінде кездесуін ұйымдастыра отырып, талдауға болады. Үлгі кестеде (1 кесте) сипатталған сызбаны оның нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Қызығушылық танытқан жақтарды талдау үшін ҚӘМҚ талдамасы («Қуатты жақтар», «Әлсіз жақтар», «Мүмкіндіктер», «Қатер») жиі қолданылады.
1- кесте.
Қызығушылық танытқан жақтарды талдау нәтижелерінің үлгісі
Қызығушылық танытқан жақ
|
Қажеттіліктер
|
Қатысудың теңбе-тең механизмі
|
Студенттер
|
Сапалы білім беру бағдарламалары.
Жоғары білікті кадрлер
Тәжірибелі дағдыларға ие болуға арналған жақсы өндірістік база;
Қазіргі заманғы және жеткілікті қорлы қамтамасыз ету;
Жоғары оқу орнының тұтынушы мамандармен байланысы;
Жоғары оқу орнының дамыған инфрақұрылымы;
Басқалар
|
Білім беру қызметтерінің және оларды ұсыну үрдісінің жеке компоненттерінің сапасын бағалауға қатысу;
Студенттермен жоғары оқу орны іс-әрекетінің сапасын бағалау нәтижелерін талқылау;
Жоғары оқу орнының өзін-өзі тексеруіне ең жақсы студенттерді тарту; Басқалар
|
ҚӘМҚ талдамасы нәтижелерінің өңделу жоғары оқу орны іс -әрекетіндегі проблемды тұстарын, жетістіктер мен мақтан тұтар жағдайларды, бөліп алуға, үрдістерді оңалту үшін жүзеге асыруға ұсынылған мүмкіндіктерді талдау, назарды орын алған немесе орын алуы мүмкін қатерлерге аудару мүмкіндігін ұсынады. Жоғары оқу орны іс -әрекетін, оның «Өндіріс –мамандарды тұтынушы» ретіндегі қызыушылық танытқан қырынан ҚӘМҚ талдаудың үлгісі кестеде (2 -кесте) келтірілген.
2 –кесте.
Қызығушылық танытқан жақтарды ҚӘМҚ талдаудың үлгісі
Қуатты жақтар
|
Әлсіз жақтар
|
Жақсы негізді даярлық;
Кадрлық әлеуеттің жаратылыстану пәндерінің циклі бойынша спасының жоғарылығы;
Оқу үрдісінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану;
Ғылыми үрдіске ең жақсы студенттерді тарту.
|
Техникалық мамандықтардың қазіргі заманғы материалы базасының жетімсіздігі;
Бітірушілердің менеджмент мәселелерінен даярлығының жетімсіз деңгейі;
Мамандардың тәжірибеде әлсіз даярлығы;
Оқытушылар құрамының орта жасының жоғарылығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатер
|
Мамандарды тәжіребеде даярлау үшін өндірістің әлеуетін пайдалану және материады базаны нығайту үшін мекендегі өндірістердің байланыстарын кең ауқымда пайдалану.
|
Дарынды жастардың жоғары оқу орнында қалу мотивациясының болмауы;
Еңбек нарығын маркентингті зерттеу жүйесінің болмауы жоғары оқу орнындағы мамандықтар қрылымының нарықта тапшы құрылымдарынан ауытқуы.
|
2 кезең. Проблемаларды талдау. Мақсаттың көзделуі және оған жетуге деген ұмтылыстың өзі қайсібір проблеманың бар екендігін айғақтайды. Мақсаттарды дұрыс діттеу үшін проблеманың негізін түсініп алу қажет. Аталмыш кезеңде үш міндетті шешу қажет: қызығушылық танытқан жақтардың негізгі проблемаларын теңестіру; анықталған проблемаларды жоғары оқу орнының проблемаларымен байланысын анықтау; себеп-салдарлы байланыстарды жасау үшін проблемалардың діңгегін құрастыру.
Аталмыш кезеңнің міндеттері қызығушылық танытқан жақтардың кездесулері арқылы, бірінші кезеңде алынған зерттеулердің пікірлері мен нәтижелерін теңдестіре талдау арқылы жүзеге асады. Өзара байланысқан проблемалардың діңгегі осы кезеңнің нәтижесі болуы тиіс. Проблемалардың иерархиясын ұсыну үшін Исикава диаграммасын немесе кросс–диагностиканы пайдалануға болады. Төмендегі суретте (3 сурет) «Өндіріспен әлсіз байланыс» проблемасын талдаудың негізінде құралған проблемалардың діңгегі келтірілген.
|
|
Мамандардың тәжірибедегі даярлығының әлсіздігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өндірістермен тұтынушы мамандармен байланыстың әлсіздігі
|
|
Материалды базаның қазіргі заманға лайықты
болмауы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өндірістер белсенділігінің төмендегі
|
|
Келісімге негізделген және мемлекет тарапынан қаржыланатын ғылыми зерттеу жұмыстар көлемінің төмендеуі
|
|
Ғылыми зерттеу жұмыстарының мемлекет тарапынан аз қаржылануы
|
3 сурет. Проблемалардың дінгегі
|
3 кезең. Мақсаттарды талдау. Проблемалардың талдамасы жоғары оқу орны іс-әрекетінің теріс қырларын сипаттаса, мақсаттардың талдамасы болжамның жағымды қырларын сипаттайды. Аталмыш кезеңдегі мақсаттардың діңгегін проблемалар діңгегінің айнадағы көрінісі ретінде құру қажет. Төмендегі суреттерде (4, 5 сурет) проблемаларды мақсаттарға және мақсаттардың діңгегіне айналдырудың сызбасы келтірілген.
4 –сурет. Проблемаларды мақсаттарға айналдыру
|
|
Мамандарды даярлауда тәжіриблік бағыттылықты арттыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мамандар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді анықтау үшін өндірістермен тығыз байланыстарды орнату
|
|
Мамандардың тәжірибелі даярлығын арттыру үшін материалды техникалық базаны нығайту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары оқу орындарында маркетингті зерттеулер қызметін құру
|
|
Академиялық персоналдың және студенттердің ғылыми белсенділігін ынталандыратын саясат жүргізу
|
|
Мемлкеттің қаржыландырудан тыс іс-әрекетті ынталандыратын бағдарламаны даярлау
|
|
5 сурет. Проблемаларды мақсаттарға айналдыру
|
|
Мақсаттардың діңгегін құру кезеңінде мақсаттардың қалыптастырылуы ақырғы шара емес. Олар қызметтерді жоспарлауда және орындауда итерациялы режимде жүзеге асатын болады. Мақсаттар қол жетерлік (қардылық, физикалық және уақыт қорларында қол жетерлік болуы тиіс), нақты (жүзеге асатын жобаға сәйкес келуі тиіс) және өлшенетіндей (сандық бағалау мүмкіндігін табыс етуі тиіс) болуы тиіс. Мақсаттардың діңгегі жоба енген басқа мақсаттарға қарағанда біршама кеңірек болуы мүмкін. Өзара байланысқан, аталмыш кезеңде және осы жоба үшін өзекті мақсаттарды қамтитын әдісті пайдаланған жөн. Әдетте әдіс негізгі және нақты мақсаттарды, сондай-ақ ықтималды нәтижелерді қамтиды.
Жоспарлау фазасы басқа бес кезеңнен тұрады.
4 кезең. Жүзеге асыру қисынын анықтау. Сапа менеджменті жүйесін құру жобасын жүзеге асыру қисыны оның мақсаттар иерархиясының барлық деңгейлерінде сипатталуын болжайды. Олар: ортақ мақсаттар; міндеттер, нәтижелер; іс-әрекет түрлері (әрекет). Құру қисынын анықтау үшін қисынды-құрылымды сызба анықталуы тиіс. Қисынды-құрылымды сызба жобаны жүзеге асыру үрдісінде, қызмет етуінде және жағдайлар өзгергенде қайта қаралуы және бағалануы тиіс динамикалық құрал ретінде пайдалануы мүмкін жобаны талдаудың, құрастырудың және көркемдеудің құралы болып табылады. Қисынды-құрылымды сызбаны жоспарларды, бюджеттерді құруда пайдаланған ыңғайлы.
Сапа менеджменті жүйесін құру жобаын жүзеге асырудың нәтижелілігі «іс-әрекет – нәтижелер – нақты мақсаттар – ортақ мақсат» үзбелісі бойынша жүзеге асады. Сондай-ақ ол біртіндеп төмендейді. «Іс-әрекет» жоспарлауды ғана емес, сонымен бірге қорларды қамтамасыз ету шараларын да болжайды. Нәтижелер нақты да өлшеулі болуы тиіс. Мақсаттар жоба менеджментінен тыс орналасады, алайда олар қателер мен тәуекел факторларының тиімді мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретіндей анықталуы тиіс.
5 кезең. Кемшіліктер мен тәуекел факторларын нұсқау. Жобаны қадағалау шеңберінен тыс орналасқан факторлардың, кемшіліктер мен тәуекелдердің тұрақты ықпалында ғана жобаны сәтті жүзеге асыруға болады. Кемшіліктердің талдамасы қисынды құрылымды сызба матрицасының соңғы діңгегін толтыруға мүмкіндік береді (6-сурет). Жобаны жүзеге асыруда бір деңгейден келесісіне кемшіліктер анықталғанда мақсаттарға жетуде ғана өтуге болады.
|
|
«Жоғары оқу орны-өндіріс»
өзара әрекеттестігін құру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Маманның тәжірибеге ие болуының бағдарламасы
|
|
Университеттің
кадрлық орталығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тәжірибелі оқыту бөлімінде білім беру бағдарламаларының инвариантты өзегін бөліп алу
|
|
Практикумды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету кешенін құрастыру
|
|
Практикумды ұйымдастыру
|
|
Орталық іс-әрекетінің нормативті-құқықтық базасын құру
|
|
Орталық іс-әрекетін ақпаратты қамтамасыз ету жүйесін құру
|
|
6 сурет. Іс-әрекеттің түрлерін құрылымдарға бөлу
|
|
6 кезең. Көрсеткіштерді анықтау. Мақсаттардың өлшеулілігін қамтамасыз ету үшін көрсеткіштер жүйесі мен қажет ақпаратты теңдестіру үшін оларды өлшеу әдістерін де ерекше бөліп алған жөн. Барлық көрсеткіштер сапа, сан және уақыт өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Көсеткіштердің сапасы мониторингтің, талдау және ресми дәлелдеудің негізінде қалыптасатын нормалар арқылы анықталады. Нормалар процестер жетілген сайын өзгеруі мүмкін. Ары қарай көрсеткіштерді өлшеуге (дербес әдістемені құрастыру немесе танымалдысын пайдалану), оларды мойындалған нормалармен салыстыруға және басқарушы ықпалдарды қалыптастыруға үйрену қажет. Кейде кейбір көрсеткіштерге жету уақыты маңызды сипаттама болуы мүмкін. Әрбір мақсат көрсеткіштердің жүйесімен байланысты болуы тиіс. Бұл кезеңде жоспарланған іс-шарамен тығыз байланысты құралдар мен шығындар жоспарланады.
7 кезең. Іс шаралардың кестесін құру. Қисынды құрылымды сызбаның матрицасын толтырған соң іс-шаралар жоспарланады. Жобаны қисынды ретпен және өзара әрекеттестікте жүзеге асыру әрекеттерін ұсыну үшін кесте құрып, сын жолының талдамасын жүргізеді. Кезеңнің реттілігі төмендегідей адымдармен ұсынуға болады: негізгі әрекеттердің тізімін құрастыру; әрекеттерді міндеттерге бөлу; әрекеттер мен міндеттердің қисынын қалыптастыру және уақыттағы көрсеткіштерін анықтау; көрсеткіштерді әрекеттер мен міндеттерге үлестіру және көрсеткіштің процестегі орнын анықтау; әрекеттерді, міндеттер мен процестерді құрастырушылар мен оған қатысушыларға ұсынылатын кәсіби талаптарды анықтау; қызметтерді, өкілеттіліктер мен жауапкершілікті үлестіру.
Әрекеттер мен мақсаттардың тізімін даярлауда адами, физикалық және қаржылық қорларды, жобаның нәтижелеріне жету тәсілдерін, әрекеттерге теріс ықпал етуі мүмкін тәуекел мен тұрақсыздық факторларын, сондай –ақ сапа менеджменті жүйесін құрустыру жобасын жүзеге асырудың уақыттағы шеңберлерін анықтап алу қажет. Әрекеттердің міндеттер мен тапсырмалар түріне алмасуы бөлшектеу деңгейінде жағымды болуы тиіс. Жоспарлаушы мамандардың нәтижелерді бағалау үшін жеткілікті механизміне, ал орындаушылардың – міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін нұсқаулардың жеткілікті санына ие болғаны маңызды. Әрекеттердің үлгі ретіндегі құрылымы 6-суретте келтірілген.
Іс-әрекеттерді құрылымдарға жіктеген соң міндеттердің реті мен тәуелділіктерін анықтау, яғни іс-әрекет пен міндеттер түрлерінің ұзақтығын шынауы бағалау қажет. Әрекеттер кестесінің құрастырылуы мониторинг мен басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін міндетті түрде жобаны орындау барысының көрсеткіштерін енгізуді талап етеді. Ары қарай кәсіби тәжірибе жобасын жүзеге асыруға қажет кадрлік қорларды бағалау шарасы, тапсырмаларды үлестіру, өкілеттер мен жауапкершіліктердің өлшемін анықтау және әрекеттердің кестесін құру шаралары болжанады.
8 кезең. Қорларды анықтау. Аталмыш кезеңде қорларды анықтау, шығындар жоспарын құру жөнінде істі жалғастыру қажет. Іс-шаралардың тізімі шығында жоспарының форматына көшіріледі. Кезеңнің міндеттерін жүзеге асыру үшін шығында жоспары үшін қадағалау тізімін құру қажет, іс-әрекеттердің түрлері мен міндеттерге сәйкес келетін құралдардың анық та нақты сипаттамасын беру қажет, сондай-ақ шығындардың нақты категориясы ретінде құралдарды ұсыну қажет. 3- кестеде Құралдарды категориялар бойынша үлестурудің үлгісі берілген. Ары қарай апталық, кварталды және жылдық жопарлар мен бюджетке алмасатын шығындардың сандық, бағалық және уақытқа қатысты көрсеткіштерін бағалау қажет. Қаржыландыру бастауларының анықталуы мен шығындар жопарының құрастырылуы қорлады анықтауда маңызды кезең болып табылады. Аталмыш кезеңде сапа менеджменті жүйесін құратыру іс-шарасын жүзеге асырғаннан кейін, жоғары оқу орнында пайда болатын шығындардың жобасын анықтап алған орынды.
Осында ұсынылған әдістемені ұстану арқылы жобаны жүзеге асыруда тәуекел мен тұрақсыздықты төмендетуге және қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға болады.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жоғары оқу орындарында сапа менеджмент жүйесін жүзеге асыру жобасы мен үлгісі баяндалған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается проект и модель реализации системы менеджмента качества в вузе.
Достарыңызбен бөлісу: |