Педагогика кафедрасы



бет3/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#19336
1   2   3   4   5   6   7   8

Луиза Карловна Шлегердің (1863—1942) педагогикалық қызметі 1882 жылы басталып, ал 1905 жылы Москва кедейлерінің балалары үшін тәрбие шараларын жүргізетін «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен тынысы» қоғамдарының белсенді қатысу-шысына айналды. Москваның жұмысшылар тұратын шет аудандарының бірінде балалар бақшасы ашылып, онда Л. К. Шлегер және қоғамның басқа мүшелері ақысыз жұмыс істеді. Олар Фребельдің дидактикалық материалын қайта қарап, балалардың өмір жоспары деп аталып жүрген тәрбие жұмысының негізі етті, онда сол кезде кең тараған еркін тәрбие теориясына үстемдік берді, ойын мен сабақ үстінде балаларға толық ер-кіндік жасалды. Алайда көп ұзамай-ақ олар балаларға ұйымдасқан түрде ықпал ету элементтерін орнатуға мәжбүр болды, ал одан соң ұсынылған деп аталатын және тәрбиешінің жоспары бойынша жүргізілетін міндетті сабақтарды енгізе отырып халықтық балалар бакшасының жұмысын жоспарлауға іс жүзінде көшті. Сонық өзінде тәрбие жұмысы қандай да бірыңғай программаға немесе мақсатқа біріктірілмеді.

Л. К. Шлегердің бірқатар еңбектерінде («Кішкентай балалармен әңгі-ме өткізуге арналған материалдар», «Балалар бақшасындағы практика-лық жұмыс» және т. б.) мектепке дейінгі балалармен әңгіме өткізуді ұйымдастыру методикасы, балаларды зерттеу, жеке-дара жұмыс істеу, се-зім органдарын дамыту үшін арнаулы жаттығулар колдану жөнінде ба-ғалы ақыл-кеңестер бар. Л. К. Шлегер мектепке дейінгі теорияны дамы-туға елеулі ықпал жасады. Ол кеңестік мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасын дамытуға ат салысты.



Елизавета Ивановна Тихеева (1867—1943) мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913—1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург коғамының балалар бақшасын және сол ко-ғамның мектеп комиссиясын басқарды. Е. И. Тихеева К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды, балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программа-ларының үйлесімділіғіне жәые сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.

Өз еңбектерінде («Ана тілі және оны дамыту жолдары», «Қазіргі балалар бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы» «Римдегі балалар үйлері, олардың теориясы мен практикасы» және т. б.) ол өзінің мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытты, сонымен қатар М. Монтессоридің жүйесін мықтап сынға алды. Е. И. Тихеева балалар үйлеріндегіге қарағанда, балалар бакшасындағы атмосфера кеңілді болуға тиіс, бұл ойындарды, жандандыра сөйлеуді және жұмыстың коллективтік түрлерін кең пайдаланған жағдайда мүмкін болады деп есептеді.

Еркін тәрбие теориясын жақтаушыларға қарама-қарсы ол былай дел пайымдады: баланың өсіп жетілуінде жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттер жетекші орын алады; білім-тәрбие беру жұмысына, оның мазмұы мен формаларын жалпы түрде анықтай және тәрбиешіні егжей- тегжейлі шектелмейтін перспективамен қаруландыра отырып, бағыт берерліктей бағдарламаны пайдалану қажеттігін көздеді. Е. И. Тихеева тәрбиешінің жеке басына жоғары талаптар қойды. Ол балалар бақшаларында тәрбиеленушілер күн сайын таңертең ыстық тамақ ішуге, әрбір балалар бақшасының өз кішкене бағы немесе ауласы болуға тиіс деп есептеді.

Сезім органдарының дамуы үшін Е. И. Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі, балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру жөніндегі ұсыныстары қазіргі заманғы балалар бақшалары-нық жұмысында да пайдаланылуда. Ол тіл дамыту методикасын талдау жасауға көбірек үлес косты. Оның тіл дамыту жөнінде ұсынған көрнекі материалы мен кұралдары қазірде де мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста пайдаланылуда.


3-тақырып Балаларды мектепалды дайындыққа бейімдеу әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Жоспары:

Бейімдеу әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің шкалалары

Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгендегі моральді-этикалық сипаттамасы бар ең негізгі талаптар


1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Шетелдік және отандық жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциональдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдейді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыған сәйкес қабылданған жаңа стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және мектепалды даярлық топтарында балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың мазмұны көрсетілген.

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:

- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;

- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, жалпы бүтіндей педагогикалық үрдістерге бағытталуы қажет және негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделу деңгейі бала жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шаралар жайлы нәтижелер жасауға болатынын сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды.

Оның қолданылуын қажет ететін негізгі мынандай мәселелерді атап көрсетуге болады:

І. Психологиялық-педагогикалық үрдістегі диагностика негізінде мектепке даярлықты қалыптастыру. Тәрбиешілер мен мұғалімдер үнемі оқу үрдісін бағалап, орындап және жоспарлап отыруы тиіс. Ол бүтіндей топты немесе жеке баланы мектептегі оқуға бейімдеуде, оқытудың алғы шартын өткізу барысы және нәтижелері жайында ақпараттарды қажет етуі тиіс.

П. Мектептегі оқуға балаларды бейімдеуде, оқытудың алғы шарттары мен дамуының жеке ерекшеліктерінің диагностикасы. (балаларды бағалау). Тәрбиешілер мен мұғалімдер өз уақытында өздері балалардың даму деңгейін үнемі бағалап отыруы қажет.

Ш. Дамудағы артта қалудың түрлі формаларының диагностикасы және оларды түзету жұмыстары дамуда артта қалудың екі негізгі түрі ерекшеленеді: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстары мен байланыстары және клиникалық психологиялық немесе медициналық диагностиканы, терапеяны қажет ететін, негізінде дені сау балалардың дамуындағы жағымсыз сыртқы немесе ішкі міндеттермен байланыста уақытша артта қалуы және жағымсыз мінез-құлықтары. Теориялық диагностика негізінде бұл жерде екі міндетті шешу қажет: ерекше педагогикалық шараларды қажет ететін жағымсыз мінез-құлықтарды түзету жұмыстарын қолдану арқылы қалыпқа келуге көмектесу және күшейту тенденциясы байқалған (профилактикалық шараға қарамастан) балаға қатысты шешімге келу мақсатында диагносикалау мен артта қалу профилактикасы мақсатында дамудың жағымсыз ішкі және сыртқы жағдайларды өз уақытында анықтай білу.



2. Психологтар өздерінің үйрету диагносикасының жұмыстарын саналы түрде, Л.С.Выготскийдің «үйрету кезінде баланы зерттеу» деген принципіне сүйеніп, оны психодиагностиканың тіліне аударғанда, «оның үйретуін талдап, баланы диагностикалау» дегенді білдіреді, яғни даму немесе үйрену үрдісін модельдеу және үйрету барысында талдау. Оқу әрекетінің диагностикалық талдауында екі аспект бар: қабілеттілік аспектісі және ұғыну аспектісі. Алдын-ала және соңғы тесттерді қолданып оқуға кетірген тырысуларын салыстырып және осылардан алынған жетістіктерден нәтиже шығарып, баланың интелектуалды қабілеттілігін білуге болады. Үйрету диагностикасы екі бағытта дамуы керек: әр түрлі заттарды ұғынуға қолданылатын үйретуді шығаратын әдістерді өңдеу керек және сонымен қатар, тек баланың оқуға деген интелектуалды қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге оқудың мотивациясын, араласа істеуін және т.б. ұғыну қабілеттілігін диагностикалауға болатын әдістерді қолдану. Осылармен бірге (баланың білімді ұғып алуының жеке ерекшеліктерін, ептілігін және т.б.) оқыту үрдісінің өзін адекватты бейнелей отырып әдістерді өңдеу керек.

С.Л.Рубинштейн және оның шәкірттері, ойлау психологиясына байланысты ойларын эксперименталды зерттеулерінде көрсете білді. Осындай диагностика балалардың мектептегі оқуға бейімделуінің потенциалды мүмкіндігін, сол сияқты оқу мәліметін жеке ұғып алу қасиетін көрсете білу керек, өйткені оны үйретуге таратқан тырысуларын, сонымен бірге, баланың жеке басын дамыту кезіндегі мақсатында көрсеткен көмегі туралы да пікір айту үшін, осындай тәсілдермен диагностикалаудың жаңа аспектілері пайда болады. Іздену экспериментінің өту барысында үйренудің тесттегі қосымша, мектепке баратын балада үйрену фазасындағы өзгергіштіктердің өлшемдерінде, алдын-ала және соңғы зерттеу тесттеріне қарағанда жоғарғы көрсеткіш байқалады. Түзету шараларын дұрыс таңдаудың маңызды алғы шарты, жағымсыз мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын психодиагносикалық тұрғыда анықтау болып табылатынын айтты.

Оқуға бейімделу үрдісінің тиімділігін диагностика негізінде салыстыру оқу үрдісіне бейімделу, оқу бағдарламасының өту барысының орындалу нәтижелері жалпы тиісті ақпараттарды қажет етеді. Осындай ақпарат оқу үрдісімен басшылық жасайтын, педагогтарға, кеңесшілерге (әдіскерлерге), балабақша меңгерушілері мен мектеп директорларына қажет. Олар балалардың оқуға бейімделуін, мектептегі жағдайға баланың қалыптасуын салыстырудың стандартты тәсілдерін жасауға тиіс, ол өте маңызды міндет, оның шешімі жолында психологтар мен оқытушылар және әдіскерлермен бірге жұмыс жасау қажет.

Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің төрт түрлі шкаласы бар.

1. Атаулар шкаласымен өлшеу кезіндегі жіктемесі сапалы белгілер бойынша жүргізіледі. Мысалы, «дене шынықтыруға қызығушылықтарын», «музыкалық қызығушылықтарын», «математикалық қызығушылықтарын» дифференциялауға болады. Мысалы, балаларда дене шынықтыруға қызығушылықтары айқын көрінетін болса, баланың осы қасиетіне тиісті ойлар жинағының көмегімен жүргізіледі.

2. Рангілі шкалада, топтар мен сыныптарды иерархиалық баспалдақтар бойынша орналастыруға болады, мысал ретінде бағалар шкаласын келтіруге болады. Рангілі шкалада шкалалардың жеке мағаналары арасындағы арақашықтықтар бірдей болмауы мүмкін, сондықтан оқушының үлгерімінің жақсаруына психометрия тұрғысында орта бағалар және орта баға көмегімен түрлі сыныптар арасындағы оқушылар үлгерімін салыстыруға жол берілмейді.

3. Интервалдар шкаласында тек сандық топтастыру ғана бола алады, өйткені шкала мағыналары арасындағы ара қашықтықтарды өлшеу сәйкес бірліктерімен анықталады. Мұндай шкалалар психометрикалық деп те аталады. Ең танымал интервалдар шкаласы, ол бағалаудың стандартты шкаласы болуы мүмкін, мысалы, педагогтар практикасында психометрикалық тұрғыда сенімді мәліметтерді беретін психодиагностикалық әдістер аз кездеседі.

4. Психометрикалық шкаланың басқа түрі ол пропорционалды шкала болып табылады. Интервальдар шкаласына қарағанда ол тіпті нолге тең. Мысалы, бойды өлшеу, шкалада нолге тең болса да, бірақ бойы нолге тең адам болмайды. Өлшеу жүргізілетін шкаланы таңдау, оның зерттеуінің әдіснамалық қиындықтары мен проблема сипаттамасына байланысты.

Диагностикалық әдістерді құрау мүмкіншілігіне өлшеудің бара-бар стандартты шкалаларын қолдану қажет. Психометрикалық шкалаларды жасауда, балалардың алғашқыдағы ішкі орналасуын қалыпты орналасуға қайта құру қажет.

Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің психикалық жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. Педагогикалық диагностика бөлімінде әрбір диагноз мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:

а) мектепке баратын балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының дамуының актуалды деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден;

ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден;

б) алдыңғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден (даму детермикациясы);

в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер аспектісі).

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, мектеп жағдайларына жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың оптималды дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагносика педагогикалық үрдістермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық диагноз негізінде құрылатын мектепке баратын балалар дамуының педагогикалық стратегиясын қарастыруда жауапкершілікті болады.

Психологиялық диагностика – жеке баламен немесе топтың психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау үшін теорияны, әдістемені және әдісті қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың объектісі ретінде психология балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық үрдістерге дейін болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепке баратын балаларға, мектептегі жағдайларға сәйкес мынандай психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу қажет:

- мектепке баратын балалардың психологиялық (танымдық, интелектуалды және т.б.) дамудың динамикасын зерттеу. Әр бала үшін жылдық немесе айлық дамудың көрсеткіштері кіретін психодиагностикалық карта болуы керек.

- әр баланың психикалық және мінез-құлық дамуының жеке ерекшеліктерін, орта стандарттан, нормадан, жағымды немесе жағымсыз жаққа ауытқуын анықтау.

- Мектепке баратын балаларға, мектептегі оқуға бейімделудің және тәрбиелеудің жетістіктерін анықтау мақсатында, практикалық мінездеменің негізінде, дамуға психологиялық эксперименттерді қамтамасыз ету.

- балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігін, бейімделуін және қалыптасуын анықтау, олардың өз уақытында дамуына шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі.

- балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдістерді таңдап алу мақсатында, тәрбиеші, мұғалім мен ата-аналар үшін бала психологиясының күйі туралы жан-жақты хабардар болуы қажет.


3. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:

1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.

2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.

3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.

4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.

5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.

Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды.

Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.

Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.

Психодиагностиканың негізгі құралы – тесттер. Олардың көптігіне байланысты, мынандай негізгі бөліктерге бөлінеді: жеке және топтық (ұжымдық), вербальды және вербальды емес, сапалылығы мен саны, альтернативті мен градуальды, жалпылама және арнайы тестер. «Тест» ағылшын тілінен аударылған мынандай мағананы білдіреді: «тексеру», «сынау», «сыналу».

Интеллект тесттерінің арасында өз уақытында әйгілі Стенфорд шкаласы қолданылды. Сонымен бірге, Д.Векслер шығарған шкалалар кеңінен пайдаланылды. Бұл шкалалар әртүрлі жастағы балаларға арналған, олар жеке қабілеттерді және оның ұқсастығына, арифметикалық әрекеттердің шығарылуына, вербальды есептерді шығаруға, сонымен бірге, есте сақтауға, аяқталмаған суреттерді аяқтауға, конструкциялауға бағытталған. Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға Д.Векслердің шкаласы көп қолданылады. Балалардың үлгерімін тексеруге пайдаланылатын тесттер арқылы, көптеген психологтардың мәліметтерінен оқудың табыстылығын алдын ала білуге болады.

Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды.

Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.

Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.


4-тақырып. Мектеп жасына дейінгі баланың жазу мен оқуға дайындығын қалыптастыру.

Балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері. Баланы мектепке даярлау барысында басты назар аударатын негізгі сәттер.
Жоспар:

1.Балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.



  1. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері.

  2. Баланы мектепке даярлау барысында басты назар аударатын негізгі сәттер.

1. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

2. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

* есте сақтау қабілетін дамыту;

* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:

1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);

2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);

3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);

4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);

5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);

6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.

Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.

Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:

1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;

2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;

3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);

4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.

5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3].

Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4].

Баланы оқу мен жазуға үйрету - мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу мен жазудың нақты мақсаты қойылғанға дейін игере алады. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады дегіміз келеді.

Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?

Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Алайда, тәжірибе жүзінде мұның бәрін білгені өзіне пайдалы, өйткені оқудың қарқынына ілесу қиындап, бала «алдыңғы қатарлы» құрдастары арасында өзін қолайсыз сезінуі мүмкін. Бала өзін «ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін оқушы ретінде сезінбес үшін, ата-аналарына мектепалды даярлыққа айтарлықтай мән беруге тура келеді. Сондықтан да, ерінбестен баламен даярлық сабақтарын өткізіп, үлкен жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен ақша тауып, оны кәсіби мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз баланы апаратын мектеп ішіндегі курстар ең қолайлысы), баланы ерте бастан дамыту мекемелері немесе жеке педогогтар мен психологтарға тапсырған дұрыс болады. Әйтсе де есіңізде болсын, мектепке дайындық бірден жасала салатын нәрсе емес, оны кезең кезеңімен іске асыру керек!

3. Баланы мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер:



  • Жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі — онымен «өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау);

  • әріптер мен сандарды, геометриялық кескіндерді және түстерді, оңға/солға, үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.;

  • мүмкіндігінше – оқи білуді (ең болмағанда буынға бөліп оқу)  және санауды үйрету (ең болмағанда10-ға дейін);

  • міндетті түрде кіші қозғауыштарды дамыту, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны бар). Дәлірек айтқанда, баланың көбірек сурет салуы, конструктормен ойнауы, бірнәрсені жасауы, жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ, тиын, сіріңке, тісшұқығыш сынды заттармен  жұмыс істеуді  меңгеруі керек, олардан картина немесе аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді;

  • есте сақтау қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету (мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі);

  • сараптауды, жіктеуді дұрыс меңгеруге жаттықтыру – бұл баладан бір оқиғаны айтуды, яғни ең алдымен не болғанын, одан кейін қандай жағдай орын алғанын (себептік-жалғаспалы байланыстар) сұрау, түрлі картина бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды қандай да бір белгілеріне қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру.

Алайда, баланың үйренуі оның мүмкіндіктері мен психикалық жетілуіне сәйкес келмейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның үйрену қабілеті баланың танымдық белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата-аналар өз баласына біліммен толтыру қажет бір ыдыс қана деп қарайды. Расында, «оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» дегендей, баланың жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз.

Оның үстіне тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы оқушы деп бағаланғанымен, шын мәнінде ол мектепке дайындығы бойынша, психологиялық, тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті дайын емес те болуы мүмкін. Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа  балаға: коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды меңгеру,ияғни, өзі тұратын қоғамда қабылданған, күнделікті өмірдегі моральдық-адамгершілік қағидаларды пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет