Педагогика кафедрасы


Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі



бет6/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#19336
1   2   3   4   5   6   7   8

Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі жеке адам дамуы процесінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбиесі құралдары мен әдістерін таң-дап алуда комплексті көзкарасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет мотивтерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн.

Балалар бақшасында және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип педагогтан барлық тәрбие жұмысын жүйелі түрде, тәрбие міндетін бүкіл топқа тұтас және әр балаға өз алдына біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ тәрбие міндетін неғұрлым толық шешуді камтамасыз ететін жағдай жасау қажет: қандай да болса адамгершілік қасиетті калыптастыру үшін баланың сол қасиеті бейнеленетін кылықтарын жүйелі жаттықтыру қажет, сондай-ақ оны тәрбиелеуші адамдардың талаптарының бірдей болуын камтамасыз ету керек. Әйтпесе балаларда өз мінез-құлқын саналы басқару емес, тек үлкен адамдардың бұйрығына бағына білу ғана қалыптасады.

Балаларды құрбы-құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл принципімен де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін жәңе баланың мінез-құлық тәжірибесін есепке алу керек. Бұл принципті жүзеге асыру педагогтан ол жастағы баланың психо-физиологиялык ерекшеліктерін және әрбір торбие-ленушінің дамуының жеке-дара ерекшеліктерін терең білуді талап етеді.

9-тақырып. Балалардың еңбек тәрбиесі.

Мектеп алды даярлық топ балаларының еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.

Мектеп алды даярлық тобында еңбек тәрбиесінің міндеттері.

Балалар еңбегін ұйымдастыру дың негізгі формалары.

Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары.

Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі.



Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастагы еңбек тәрбиесі туралы тусініктерін тереңдету. Еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерімен және ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің ең карапайым түрлеріне үйретудің қажет екенін талай рет атап көрсетті, осы арқылы олар материалдардың қасиеттерімен танысатынын, әр түрлі аспаптармен жұмыс істеуге дағдылана бастайтынын ескертті. Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлык, нәтижеге жетуге ынталылық көрсетеді, олардың бойында шама-шарқына қарай ересектерге қолқабыс тигізу ниеті қалыптасады.

А.С.Макаренко еңбек тәрбиесі туралы дәрістерінде балалардың тұрмыстық еңбегінің қарапайым түрлерінің маңызды ролін ашып берді, сол еңбекте олардың мінез-құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Еңбек ете білетін балалар еңбек бейнетінің қадірін біледі, басқа адамдардың да еңбегін кұрметтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды.

Н.К.Крупская сияқты, А.С.Макаренко да балалардың ұжымдық еңбегіне айрықша мән берді, мұндай еңбек үстінде оған катысушылардың өзара жауапкершілігі пайда болады. «Бірлескен енбек, ұжымдағы жұмыс, адамдардың еңбектегі көмегі және олардың еңбектегі ұдайы өзара тәуелділігі ғана адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра алмақ,-деп жазды ол.

Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты.

Бұл өзара байланыс әр түрлі формада көрінеді: ойын ересектердің еңбегін бейнелейді; ойында еңбек іс-әрекеттерінің элементтері көрінеді; еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі.

Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті басшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жай ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып кояды. Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат қою, өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру, істі нәтиже алғанға дейін жеткізу қабілеттері дами бастайды.

Мектепке дейінгі ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пайдалы нышандар айқын көріне бастайды. Егер басқалар үшін маңызды екенін түсінсе, олар сырттай тартымсыз еңбектің өзіне де ықыласпен қатысатын болады.

Еңбек үстінде балалар күнделікті өмірде: өзіне-өзі қызмет көрсетуде, шаруашылық-түрмыс кызметінде және т б қажет болатын алуан түрлі дағды мен іскерлікке үйренеді. Баланың ересектер көмегін керек етпеуі іскерлік пен дағдының жетілуі емес. Оның дербестігі қиыншылықтарды жене білушілігі, жігерлі әрекет жасау қабілеті дамиды. Бұл оны қуапышқа бөлеп, жаңа іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге құлшындырады.

Еңбек процесінде балалар маңайындағы заттардың қасиеттерін практика жүзінде біледі, өсімдіктердің өсуі мен өзгеруін бақылайды, жануарларды көреді, олардың тіршілік жағдайымен танысады және т.т. Олар көрген нәрселерін теңестіреді, салыстырады, «неге» деген шексіз сүрауларға өз бетімен жауап табуға тырысады. Олардың әуесқойлығы, тануға құштарлығы дамиды. Еңбек балалардың ақыл-ойы дамуының маңызды кұралына айналады.

Еңбек кызметінде эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Балалардың қандай істі болсын ұқыпты орындап, өзінің қолға алғанын әдемі жасау іскерлігі қалыптасады.

Еңбек балаларды дене кұрылысы жағышан да шынықтырады, өйткені оның көптеген түрлері таза ауада атқарылады. Балалар күш салуға, киыншылықтарды женуге кабілеттенеді. Адамгершілік қаснеттерін калыптастыру үшін ецбек іс-әрекетінің ерекше м.аңызы бар.

Мектепке дейінгі педагогика балаларды енбекке тәрбиелеудің мынадай негізгі міндеттерін бөліп көрсстеді: ересектердің еңбекпен таныстыру және оған кұрметпен қарауга тәрбиелеу; қарапайым еңбек іскерлігі мен дағдыларына үйрету; еңбекке ыкыластылыкка, еңбек суйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық-бағыттау мотивтеріне, ұжымда және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.

Балаларға еңбек іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділігін белгілей отырып, тәрбиеші олардың жас ерекшелігін, ұсынылып отырған еңбектің мазмұнына шамасы келетін-келмейтінін, оның тәрбиелік құндылығын, сондай-ақ оны ұйымдастыруға койылатын саиитарлық-гигиеналық талаптарды ескеруге тиіс.

Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші балалардың бойында шамасы келетін нәрсенің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырады, қажет болғанда дереу барып көмектесіп отырады. Мектепке дейінгі балалардың ұсынылған істі дербес орындауда сәтсіз әрекет жасап, содан қапаланып қалуына жол беруге болмайды, өйткені мұндай жағдайда бала өз күшіне сенбеушілік және еңбектснуге кұлықсыздық пайда болады. Мынаны есте ұстау керек: еңбек кол жеткен нәтижесімен, басқаларға келтірген пайдасымен балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс.

Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметке ыитасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балалар еңбегіпің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және кол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі ез мүмкіндіктері бар.

Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, тө-сегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с.) бағытталған. Еңбек кызметінің бұл түріпің тэрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қа-жеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі кызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.

Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет керсету белгілі киыншылықтарға байланысты (саусак бұлшық еттерінің жеткілікті дамығандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің киындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің онай бәлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесіні тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші осы балалардың өзінде-ак өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуыыа күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттенеді.

Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді.

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріледі. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттерді: балалардың бойында мұнтаздық пеп тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылыктарын түсінуі тиіс.

Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек кызметінін басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде кажет. Бұл енбек үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сактауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге бағытталған. Балалар-топтық бөлмеде немесе учаскеде кандай да болсын тәртіптің бұзылуын байқауға және оны өз инициативасымен түзетуге үйренеді. Шаруашылық-тұрмыстык еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондыктан онда балаларды өз қатарына камқорлықпен карауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.



Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер әсіруін көздейді. Ецбектің бұл түрінің байкағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі.

Қол еңбегі — алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, емен жаңғағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері собығынан, шабдалы сүйегінен), қалдық материалдан, мех, кауырысын, мата қиқымдарын және т.б пайдалана отырып заттар жасау — балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын атрибуттарын: қайықтар, машиналар, кәрзеңкелер, үйлер, мебельдер, жануарлар жасайды. Мұндай норселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды риза ету үшін еңбектсндіреді.

Мектепке дейінгі балалардың балалар бақшасында еңбегі негізгі үш формада: тапсырма беру, кезекші ұжымдық еңбек іс-әрекеті формаларында ұйымдастырылады.



Тапсырма беру — балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, тәжірибесін, сондай-ақ тәрбиелік міндеттерді ескере отырып, тәрбиеші оқтын- оқтын бір немесе бірнеше балаға беретін тапсырма. Тапсырма қысқа немесе ұзақ мерзімді, жеке-дара немесе жалпы, карапайым (күрделі емес бір нақты әрекеттен тұратын) немесе жүйелі әрекеттердің тұтас тізбегін қамтитын неғұрлым күрделі болуы мүмкін.

Еңбек тапсырмаларын орындау балалардың еңбекке ықыласын, тапсырылғап іске жауапкершілік сезімін калыптастыруға көмектеседі. Бала істі ақырына дейін жеткізіп, тапсырманың орындалғаны туралы тәрбиешіге хабарлау үшін алаңдамай, мұқият істеуге, ерік күшін көрсетуге тиіс болады.



Кезекшілік — балалар еңбегін ұйымдастырудың формасы, ол баланың ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған жұмысты міндетті түрде орындауын көздейді. Балалар рет-ретімен кезекшіліктің алуан.түріне тартылады, бұл олардың еңбекке үнемі қатысуын қамтамасыз етеді. Кезекшілерді тағайындау және алмастыру күн сайын жүргізіледі. Кезекшіліктің тәрбиелік зор маңызы бар. Ол баланың ұжым үшін керекті белгілі бір істерді міндетті түрде орындауына жағдай туғызады. Бұл балаларды ұжым алдында жауапкершілікке, қамқоршыл болуға, сондай-ақ оның жұмысының барлығы үшін қажетті екенін түсінуге тәрбиелейді. Кезекшілік бірте-бірте енгізіледі.

Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жатқан ісінің ұжым үшін маңызды екенін үғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға камқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретінде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін алғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйретеді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.

Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді. Ұжымдық еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес екенін, оларды қалай бөлісу керек екенін ескереді.

Ұжымдық еңбек процесінде тәрбиеші балалар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастың сипатына мықтап көңіл бөледі, камкорлықтың, достықтың пайда болуына көмектеседі, қалыптаса бастаған жағдайды ескере отырып, қалай істеу керек екені жайлы акыл айтады. Жұмыс аяқталған соң педагог ұжымдық еңбектің артықшылығын атап керсетеді, бар ықыласымен еңбектенгендерді мақтайды.

Балалардың қоғамдық еңбекке үнемі қатысуы олардың ұжымды тату еңбектеніп, өз инициативасымен жолдасына көмектесе білу қасиетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тәрбиешінің балалар еңбегіне басшылығы. Балалардың еңбек тапсырмаларын орындап, кезекші міндетін атқарып, ұжымдық еңбекке қатыса алатын болуы үшін олар қажетті шеберліктерді меңгеруге тиіс. Мектепке дейінгі балаларды еңбектің барлық түрлері үшін қажетті алуан түрлі еңбек іскерлігіне үйрету сәби топтардан-ақ басталады.

Тәрбиеші нені және калай істеу керек екенін көрсетіп береді, көрсету үстінде жұмыстың тәсілдерін және оны ұйымдастыру әдістерін түсіндіріп отырады. Әрбір жаңа іскерлікке үйрету тікелей көрсетуден басталады.

Балалардың жұмысын педагогтың бақылауы мен бағалауы олардың тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін, оны жаксы орындасам деген ынтасын арттырады.

Тәрбиеші ата-аналармен жұмыстың түрлі формаларын: балалар бақ-шасындағы балалар еңбегін бейнелейтін, еңбектің маңызын және оған басшылық ету әдісін ашатын қыскаша тексі бар фотокөрмелерді; балалардыц ұсақ-түйек кермелерін; «Еңбек тәрбиесін баланың алғашқы жасынан бастау керек», «Енбек — жан-жақты даму құралы», «Мектепке денінгі балаларды енбекке тәрбиелеуде балалар бақшасы мен отбасының бірлігі» деген такырыптардағы стендерді ,және т. б. пайдаланады. Ата-аналар үшін сондай-ақ қысқаша аннотациясы бар ғылыми-көпшілік әдебиеттер, отбасындағы еңбек тәрбиесінің ең үздік тәжірибесі туралы тәрбиешілердің мақалалары іріктеп алынады.

10- тақырып. Экономикалық және эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Экономикалық тәрбие ұғымы.

Экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері.

“Эстетикалық тәрбие”, “Эстетикалық даму”, “Көркемдік тәрбие” ұғымдарына анықтама.

Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеттері мен әдістемесі.

Эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың ақыл – ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымы, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.

Бала ес біле бастағаннан – ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды. Мәселен, жылтыраған ойыншақтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады.

Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлік ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезімі мен тебіренумен тығыз байланысты. әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетеліп отыруы тиіс.

Мектеп дасына дейінгі балаларға тән ерекшелік бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтін заттың шындығына сенетіндінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық нышандары байқай бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын , сезімін, тебіренсін шынайы жеткізуінен көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл – кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл – кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, сурет, би, драмтизация арөылы бейімдеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды. Жағымды эмоция туғызады, дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.

Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.

Эстетикалық талғам – кең ұғым. Ол өнердің терең мағынасын, тамаша шығармаларды түсінуді, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектің тұрмытың, тұрмыстың сұлулығын түсінуді қамтиды.

Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемділігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз.

« Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» , - деп данышпан атамыз Абай ақыл айтақандай, жақсы ән – күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерді дамытады. А.В.Сухомлинский «Музыкалық тәрбие – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегінайтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал – мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде б.з.д. жеткен халық шығармалары күні бүгінге дейін сазды - эстетикалық білім берудің пәрмені болып табылады.

Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз ойы мен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Баланың музыканы тыңдау, қабылдау есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, - саз жетекшінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.

М. Жұмабаев « Педагогика» атты еңбегінде: « бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер...»

Көркем өнер жайлы кемеңгер жазушы ғалым М.Әуезов былай дейді: « заман толқыны тарих теңізінің жағалуында көркем өнердің баға жетпес меруерт – маржандарын қалдырады,. Көркем өнердің міндеті – табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу».

Өмір қозғалыстарын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашан да дара, әрі таңдамалы. Оның негізінде әсемдікке эмоция білдіруі жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі өнердегі, әсемдікке, адамның мейірбан сезіміне үн қосады.



  • эстетикалық қабылдаудың, бағалауын, талғамын, бастапқыда, көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі.

  • Қоршаған ортаны көркемдеуге және мінез – құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруына арналған іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі.

  • әсемдікке ұмтылып, эмоциялық – жағымды ықылас тудыратын және қоршаған дүниеден келеңсіздікке қарсы сезімін ояту әдісі.

  • Талғамы.3 жаста «мені» басталғанан өзіндік талғамы жүріп отырады.

Эстетикалық тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.

Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:

1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.

2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал жауапкершілігі.

3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.




11- тақырып. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Экологиялық тәрбие ұғымы.

Экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері.

Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері.



Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастағы экологиялық тәрбие берудегі теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Мектепке дейінгі жастағы экономикалық тәрбиесінің теориялық негіздерін нақтылау. Студенттердің мектепке дейінгі жастағы экологиялық тәрбиесі туралы түсініктерін бекіту, балабакшадағы экологиялық тәрбиесінің мақсат-міндеттерін және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту. Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын түсіндіру. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңыздылығын түсіндіру.
Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Экологиялық тәрбие берудің міндеттері – тәрбие үрдісі негізінде білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі – бізге, ерексектерге байланысты.

Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі” және “өлі” табиғат деген түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың  қауіпсіздігін сақтау  бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі. [3]

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді... Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.

Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.

Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.

Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.

Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.

Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.

Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.

Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.

Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:

- балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;

- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;

-мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;

-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.

Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.

Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

-тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.

Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:

А. балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлықка алуға баулу.

Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет