Педагогика кафедрасы



бет5/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#19336
1   2   3   4   5   6   7   8

Енбек процесінде заттардың практикалық тексеруі болады: бала заттардың тек сырткы қасиеттерімен және сапасымен танысып коймай, қызмет процесінде ұшыраған өзгерістерімен де танысады: сабын көбіктенеді; қазылған топырақ жұмсақ борпылдақ болады; дымқыл құмды кұрылысқа пайдалану оңай және т.б.

Табиғатта істелген еңбек балаға себеп-салдарлы байланысты анықтауға мүмкіндік береді, құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ұғынуға кемектеседі; өзінің тікелей бақылауы негізінде ол ойын ко-рытып, қорытынды жасайды: өсімдікке су кұйылмаса, ол қурап қалады: күн жақсы түскен жүйекте өсімдік тез, ал көлеңке жерде баяу өседі; күзде өсімдіктер жеміс және тұқым береді, көктемде олардан жаңа өсімдіктер өсіруге болады.

Еңбек, ойын және тұрмыстық қызмет балалардың ақыл-ойының дамуына үлкен әсер еткенімен ақыл-ой тәрбиесінде жетекші роль окытуға беріледі. Оқытудың артықшылығы — оның максатты бағытталуында. Окыту жүйелі, жоспарлы түрде жүзеге асырылады, сол арқылы білім мен дағдыны жинақтауда белгілі бірізділік және беріктік қамтамсыз етіледі.

Мектепке дейінгі балаларды акыл-ойға тәрбиелеуде окытуға жетекші роль беріледі, өйткені оқыту барысында акыл-ой тәрбиесінің барлық міндеттері комплексті түрде шешіледі. Ол балаларға дәйекті білім беруді, оны нақтылауды және жүйеге келтіруді, таным процестерің ойлау белсенділігін дамытуды қарастырады. Оқыту байқағыштықты, білуге кұштарлықты, сол сияқты ақылдың талаптанушылық, зеректілік, сыншылдық сияқты қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды.

Оқыту дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалык тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін де қажет. Балалар бақшасында балалар мәдени-гигиеналық дағдыларға, негізгі қимылдарға үйретіледі, олар мәдениетті, мінез-құлық ережелерін игереді, олардың моральдык қасиеттерді, еңбек, бейнелеу, құрастыру, музыкалық іскерліктері мен дағдылары калыптасады.

Балалар бақшасыида оқыту мектептегі оқытуды ойдағыдай жалғастырудың маңызды алғы шарты болатын себебі, балалар білім, іскерлік және дағды жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен бірге олардың бойында оқу кызметі негіздері де қалыптасады.

Мектепке дейінгі дидактиканы дамытуға Александра Платоновна Усова зор үлес қосты. Өз зерттеулерінде ол балалар бақшасының тәрбие процесіндегі білім беру жүмыстарының ролін көрсетіп, мектепке дейінгі балалардың оқуына және оның қалыптасу ерекшеліктеріне сипаттама жасап, окытудың мазмұны мен әдістемесін ашып берді.

Балалар бақшасындағы оқыту мазмүны, ұйымдастыру формалары мен әдістері жағынан мектептегіден өзгеше болады. Мектепте окушылар ғылыми білімдер, негіздерімен қаруланады. Балалар бақшасының міндеті — мектепке дейінгі балаларға айналадағы заттар мен қүбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. Мектепке дейінгі балалар алатын білім мектептегіге қарағанда шамалы болса да, бұл білім мен дағдылар бөбектің келешекте өсіп дамуына зор әсерін тигізеді. В. Ф. Одоевский мсктепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деп атаған еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы заттармен, олардың арасындағы карапайым байланыстармен, өзара қарым-қатыпастармен, бақыланатын қүбылыстардың негізгі себептерімен танысу кіреді. Оның мақсатына балаларға білім мен дағдылар беру ғана емес, оларды игеру тәсілдерін де үйрену жатады. Балалар бақшасы мен мектептегі оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудың пегізгі формасы — арнайы ұйымдастырылған оқу сағаттары, оның мектептегі сабаққа қарағанда үзақтығы, құрылымы, балаларға қойылатын талаптар дәрежесі жағынан айырмашылығы бар. Балалар бақшасында үйге тапсырма берілмейді, баға қойылмайды: игерілген білім дорежесі жаңаны түсіндіру барысында тексеріледі.

Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістер жағынан да ерекшеленеді. Мүнда көрнекілік әдістер үлкен орын алады, дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері кеңінен колданылады. Жаңа матсриалдарды игеру негізінен белсенді қимыл процесінде: заттармен күрделі кимылдар жасау, әр түрлі ойындар, сурет салу, құрастыру арқылы жүргізіледі. Алайда, мектептегі сиякты, балалар бақшасындағы оқыту да бағдарламалық сипатта болады: бағдарламаның толық орындалуы, білім мен іскерлікті барлық балалардың игеруі торбиеші үшін міндетті болып табылады. Оқыту процесі де ол мектептегі сияқты дидактикалық принциптерге сүйенеді.

Оқыту екі жақты процесс. Ол тәрбиешінің де, балалардың да белсенді қатысуымен ғана табысты болады. Мүнда тәрбиеші жетекші роль атқарады: ол жаңа материалды айтып қана қоймай, оны үйретеді, балалардың танымдық әрекетіне ықпал етіп, оған басшылық жасайды.

Окытудың нәтижесі білімді, іскерлік пен дағдыларды үйренуден де, сондай-ақ баланың жеке басында әрекет барысында болатын өзгерістерден де көрінеді.



Оқу әрекетібаланың білім, іскерлік пен дағдыны,қимыл тәсілдерін игерудегі өз бетінше істейтін әрекеті.

Дидактикалық принциптер дегеніміз оқытуды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші басшылыққа алатын негізгі-қағидала. «Дидактикалык» деген термин гректің «дидактикос», яғни «үйрететш» деген сөзінен шыққан.

Оқыту процесінде тәрбиеші әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. Оқыту әдістері тәрбиешінің жұмыс әдістері, осының арқасында балалар білімді, іскерлікті, дағдыны игеретін болады, сондай-ақ олардың таным қабілеті дамиды. Тәсіл әдістің бір бөлігі.

Тәрбиеші оқуда пайдаланатын оқытудың негізгі әдісін анықтай отырып, оның тиімділігін көтеру үшін алуан түрлі тәсілдерді пайдаланадьі. Мысалы, балалардың көктем туралы білімдерін, жүйеге келтірудің негізгі әдісі ретінде әңгімелесуді пайдалана отырып, оны әр түрлі тәсілдермен: жапырағын жайған бұтақтарды көрсетумен, жұмбақ шештірумен, өлеңдер оқумен толықтырады. Сурет салуды оқытуда тәрбиеші көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың эмоциялық кәңіл күйін туғызу үшін өлең оқиды. Оқыту әдістері көрнекі, ауызша айту, практикалық және ойын әдістері болып бөлінеді.

Мектепке дейінгі оқытуда көрнекілік әдістері үлкен орын алады. Оларды пайдалану көрнекіліктің дидактикалық принципіне сай келеді және баланың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Балаларға жаңа білім түсіндіруде көрнекілік әдістері кеңінен колданылады. Оған табиғи объектілерді (заттарды, құбылыстарды), көрнекі құралдарды (суреттерді, тұлыптарды,) модельдерді, үлгілерді және басқаларды керсету жатады. Оқытудың техникалык құралдарын қолданудың маңызы үлкен.

Ауызша айту әдістері. Көрнекі әдістер сөзбен тығыз байланысты болады, көрсету түсіндірумен сүйемелденеді. Түсіндіру арқасында балалардың кабылдауы анықталады. Мектепке дейінгі балаларды окытуда көрсету мен түсіндіру әрқашан бірдей орын ала бермейді: «кейде көрсету көбірек орын алады, ал екінші жағдайларда түсіндіру негізгі орынға ие болады. Бұл балалардың жасына, олардың қимылды немесе жаттығуды игеру дорежесіне байланысты. Көрсетудің орнын бірте-бірте сөзбен түсіндіру ала бастайды, тәрбиеші кимылды қалай орындау керегін айтады немесе жай естеріне салады. Ол үнемі түсіндіру тәсілдерін пайдаланып отырады: оку басталарда тапсырманың мазмұнын түсіндіреді, керсету барысында әрбір кимылға түсінік береді. Түсіндіру айқын, балаларға ұғымды, әсерлі болуы керек.

Практикалық әдістер. Балалардың алған білімдері ойларыңда қалуы үшін оларды практикалық іске қолданулары керек. Осыған байланысты балаларды оқытуда олардың практикалық ісін ұйымдастыруға көмектесетін, олардың жаңа білімдерді, іскерлік пен дагдыны игеруге жетелейтін әдістер қолданылады.

Практикалық әдістердің маңызды элементі — балалардың алдына нақты міндет қою. Ол дайын үлгі бойынша (не істеу керек) немесе нұсқаулар бойынша (қалай істеу керек) тапсырма орындау болуы мүмкін.

Оқытудың практикалық әдістері кернекілікпен тығыз байланысты: үлгі немесе қойылған шарттар әрқашанда көрнекі болу керек. Дайын үлгі негізінде практикалық іс-әрекет ұйымдастыру оны алдын ала қабылдауды және талдауды талап етеді.

Ойын әдістері. Мектепке дейінгі балаларды окытуда ойын әдістері мен тәсілдері үлкен орын алады, бұлар балалардың оқыту мазмұнына көңілін аударып, танымдық іс-әрекет пен сәбилерге тән ойын арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Оларға дидактикалық ойындар, драмалық ойындар, қимыл ойындары, эпизодтық ойын тәсілдері (жұмбақтар, еліктеу жаттығулары, басқа тапсырманы орындау аралығындағы ойын кимылдары) жатады.

Окыту әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу материалдың мазмұнына, балалардың жас шамасына, олардың даярлық дәрежесіне байланысты.

Егер тәрбиешінің алдына мектеп жасына дейінгі балаларды заттармен, жануарлармен, құстармен таныстыру міндеттері тұрса, оларды көру, бақылау немесе тиісті суреттерді пайдалану неғұрлым дұрыс әдістер болады; егер балалар жануарларды бұрыннан білетін болып, бірақ ол туралы түсінігін нақтылай түсу керек болса да суреттерді пайдалану дұрыс; егер жануарлардың қылықтары туралы түсінікті кеңейту керек болса, көркем әдебиетті пайдаланған жөн.

Тәрбиеші балалардың жасына, дайындық дәрежесіне қарай оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады.

Арнайы ұйымдастырылған оку іс-әрекеті — бұл балалар бақшасында оқытуды ұйымдастыру формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін міндетті олар үшін сабақтың бағдарламалақ мазмұны белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір ұзақтығы көрсетілген. Оқу тәрбиешінің басшылығымен өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады, практикалык іс-әрекеттерді ұйымдастырады, оның барысында балалар алған жаңа білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары бірте-бірте күрделене береді.

Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың касиеті мен сапасы туралы тусінігін калыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бүл түйсік пен қабылдаудыц дүрыс бағытта дамуы. «Сенсорлық» сөзі латынның «Зепзиз»—«сезім», «түйсік», «кабылдау», «туйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, кабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның коршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жакты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлык мәдениеті, оның түйсігі мен кабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Сенсорлық мәдениеттің эстетикалық тәрбие ушін де зор маңызы бар. Түсін, реңкін, формасын және форма мен түстің үйлесімін, биіктігі мен тембірін ажырата білу, бейнелеу және музыка өнері шығармаларын жақсы түсінуге, музыканы тыңдаудан, картиналар және т. б. көруден ләззат алуға мүмкіндік береді.

XX ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлык тәрбие жуйесі балалардың түстер мен реңктерді, формалар мен келемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мүның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді. Алайда бүл кезде сезім органдарының дамуы тіл дамуымен, өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.

Бұл қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға, көлем мен формадағы болмашы айырмашылықтарды сипап анықтау кабілетін калыптастыруға, түстің реңктеріндегі елеусіз айырмашылықтарды тап басуға негізделді.

Мектепке дейінгі шақтағы баланы түсті ажыратып, атауға үйретеді, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа реңк пайда болатыны туралы тусініктерді қалыптастырады, сондай-ақ заттарды түсіне қарай салыстыруға үйретеді, суретті қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын кәре білу кабілетін дамытады.

Мектепке дейінгі шақта балалар «алға-кейін», «жоғары-төмен», «алыс-жақын», «солдан-оңнан» тағы басқадай кеңістікке катысты тусініктерді игереді және оларды өмірдегі турлі жағдайларда басшылыққа алады, заттардың формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.

Бірте-бірте олар уақытты бағдарлайды және уақыт ұғымдарын игереді, уакыттың реттілігі мен ұзақтығын аңғарады. Басында балаға «кеше», «бүгін», «ертең» деген үғымдардың салыстырмалылығын түсіну қиынға соғады. Бұған тәжірибе жинақтау мен мақсатты бағыттағы оқыту нәтижесінде қол жетеді.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайда дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту қабілетін және музыкалық есіту кабілетін дамыту енеді.

Сенсорлық тәрбие сондай-ақ— заттың сапасын сипап байқау арқылы ажырата білуді және оларды: тегіс, мамық, кедір-будыр, жумсақ, катты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т. б. деп дұрыс атай білуді да-мытуды қамтиды. Иіс пен дәм туйсігін дамыту да сенсорлык тәрбиенің бір қыры болып табылады.

Күнделікті өмір процесінде, ойындарда және оқу сабақтары кезінде тәрбиешінің басшылығымен мектепке дейінгі балаларды жан-жақты сенсорлық тәрбиелеу жүзеге асырылады.

Түйсік пен қабылдауды дамыту дұрыс бағыттағы мазмұнды қызмет барысында жүзеге асады. Өнімді іс-әрекст (сурет салу, мүсін жасау, құрау, құрастыру) түйсік пен қабылдауды тек дамытуға жағдай жасап кана қоймайды, сонымен бірге ол форманы, түсті, кеңістікті бағдарлауды меңгеруге қажетсінуді туғызады. Қандай да бір заттың суретін салу үшін оның формасың айқындап алу керек, оның белгілі бір геометриялық фигурамен ұқсастығын анықтау керек үлгі бойынша құрылыс турғызу үшін оны бөліктерге бөліп, детальдарының ішінен керектілерін теріп алуға тура келеді.

Сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі балалардың заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады. Тексеру — бүл нәтижесін кейін қандай да бір мазмүнды қызметке пайдалану үшін арнайы үйымдастырылған қабылдау. Тексеру процесінде балалар көлем, форма, кеңістік қатынастарын, түсті, адам сөзіндегі дыбыстардың музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін бөліп карауға әрі оларды бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.

Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі балалардың сенсорлық эталон туралы ұғымын қалыптастыру болып табылады. Сенсорлық зталон — бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде туған үлгі. Негізгі түстер, геометриялық фигуралар (шар, куб, дөнгелек, квадрат т.б.), нотаға түсірілген музыкалық дыбыстардың түрлі биіктіктері осындай эталондар болып саналады. Егер бала эталондармен және олардың сөздік белгілерімен жақсы таныс болса, онда ол қоршаған дүниені оңай бағдар-лайды; ол өзіне кезіккен заттарды өзге эталондармен салыстыра қарайды, заттың түсін, формасын, көлемін, оның бөлшектерінің кеңістікте орналасуын атайды.

Тәрбиеші балаларды тексеру тәсілдеріне үйретеді. Әуелі олардың алдарына заттың суретін салу үшін оның қандай бөліктерден тұратындығын; құрылыс тұрғызу үшін оның үлгісін талдап карап алу қажеттігін мақсат етіп қояды. Сонан кейін барып балаларды тексерудің негізгі кезеңдерімен таныстырады.

Тексеруге үйрету балалардың жасын ескере отырып жүргізіледі: сәбилерге негізгі түске боялған, артық детальдары жоқ неғұрлым карапайым формадағы (доп, куб, кішкене мұнара) заттар беріледі; ересектер төңіректегі барлық заттарды анықтап, оларға талдау жасайды, сапаларын (түсін, формасын, салмағын, қаттылығын немесе жұмсақтығын, материалдың фактурасын т. б.) көбірек анықтай алады. Тексеру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілген балалар әрбір заттың белгілерін молырақ анықтайды. Осының өзі баланың аналитикалық ойлау қызметі болып табылады, мұның өзі оған затқа, құбылысқа тереңірек үңілуге, олардың нақты, нақты емес жақтарын ажырата білуге, оларды қажетті бағытта өзгерте алуына мүмкіндік береді.

Тәрбиеші сенсорлық тәрбиені іске асыру жолында түрлі мүмкіндіктерді пайдаланады. Мәселен, бейнелеу әрекетінде бала түс пен реңкті игереді, құрастыру әрекетінде форманы, келемді, кеңістік қатынастарды, сырт қасиетін (тегіс, кедір-бұдыр, мамық) ажырата білуі; музыка әуенімен қимылдағанда музыканың екпінін, ырғағын, сипатын ажыратуды үйренеді.

Балаларды төңірекпен, әсіресе табиғатпен таныстыру кезінде сенсорлық торбиеге мол мүмкіндік туады. Әр түрлі заттармен шұғылдана отырып, бала көптеген түсінік алады: ол түрліше түстер, иістер, дыбыстар арасында болады, тек оларға көз салып, тыңдай білу керек. Тәрбиеші серуен кезінде балаларды айналадан кандай дыбыстар естіліп тұрғанын тыңдау үшін тоқтатады.

Сезімдік тәжірибе жинақтағаннан кейін баланың сенсорлық ұғымы кеңейе түседі. Заттың ауыр немесс жеңіл екендігін айту үшін сондай көлемдегі басқа заттардың (ағаш, металл, пластмасса) мөлшерлі салмағы қандай екендігін білу керек. Ал бұл заттың катты немесе жұмсак екендігін анықтау үшін «қатты» немесе «жұмсак» ұғымының артында не тұрғанын білу керек.

Жинакталған тәжірибелерін балалар баска заттар мен кұбылыстарға аударып, оны күнделікті өмірде пайдаланады. Тәрбиеші маңындағы жағдайға карай балалардың түйсігі мен қабылдауын бірте-бірте дамытып отырады.


8- тақырып. Адамгершілік тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.

“Адамгершілік даму”, “Адамгершілік тәрбие”, “имандылық тәрбие” ұғымдарына анықтама.

Адамгершілік тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны.

“Ұжым” және “Ұжымдық” сезімдері ұғымы.

Мектеп алды даярлық тобында балалардың ұжымы мен ұжымдық сезімдерінің ерекшеліктері.

Балалар ұжымының қалаптасу кезеңдері және қалыптасуы.



Мақсаты: Студентердің мектепке дейінгі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесі туралы теорялық түсініктерін тереңдету. Адамгершілік тәрбиесінің мақсат- міндеттерін, мазмұны мен құралдарын және әдіс тәсілдерін меңгерту оны тәжірибеде пайдалана білуге баулу.
Адамның моральдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шақта калыптасады. Балалардың адамгершілік жағынан онан әрі дамуы көп жағдайда осы процестің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, кұрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады, қоғамның моральдық нормасын игереді. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және инициатива көрсету сияқты манызды сипаттарды қалыптастырады.

Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының калыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері — балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-кұлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру.

Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен карым-катынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат табады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін калыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері калыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді.

Мектепке дейінгі ересек жаста қалыптасатын адамгершілік сезімдері негізінде өзінің адамгершілігін, борышын сезіну әділеттіліктің, адамды құрметтеудің бастамасы, сондай-ақ өзіне тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілік тәрбиеленеді.

Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Сонымен қатар мінез-құлық еркіндігінің жеткілікті дамымауы, өз қимылын бақылай білмеуі, олардың адамгершілік мазмұнын түсіне алмауы ұнамсыз қылықтарға апарып соқтыруы мүмкін. Бұл жағдай тәжірибенің қорланып, жиналу процесінде адамгершілік әдетке айналатын мінез-құлықтың адамгершілік дағдылары қалыптасуын бірінші дәрежелі міндетке айналдырады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің керсеткен қызметіне рахмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.

Өмірінің алғашкы жылдарынан бастап-ақ балалар қоғамның мораль нормалары туралы ұғымдарды түсіне бастайды. Оларды мінез-құлықтың адамгершілік дағдылары мен әдеттеріне баули отырып, педагог өзі балаларға істеткізетін белгілі бір іс-әрекеттердің мақсатқа сай келетіндігін, әділдігін, дұрыстығын саналы түрде ұғынуға бағытталған үлкен түсінік жұмыстарын жүргізеді. Педагогтың алдында балалардың адамгершілік, түсініктерін дамыту міндеті тұрады, міне, осынын негізінде мінез-құлық мотивтері қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақта қалыптасатын адамгершіліктің мазмұнына мына түсініктер: коғамдық өмірдегі құбылыстар туралы, адамдарының еңбегі туралы, оның қоғамдык маңызы мен ұжымдық сипаты туралы, патриотизм және азаматтық туралы, құрбы-құрдастар ұжымындағы мінез-құлық нормалары туралы, үлкендерге құрметпен қарым-қатынас жасау жөніндегі ұғымдар жатады.

Қалыптасқан адамгершілік түсініктер мінез-құлық мотивтері дамуының негізі болады, ал бұл мотивтер балаларды белгілі бір іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Нак қылық мотивтеріне талдау жасау педагогқа баланың мінез-кұлқының мәніне енуге, істелген қылықтардың себебін түсінуге және ықпал жасаудың неғұрлым қолайлы әдістерін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу, моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-кұлық мотивтерінің калыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұны балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламаларында көрсетілген. Оған мыналар: Отанға, адамдарына деген сүйіспеншілік және олардың еңбегін құрметтеу, ұжымдық және гуманизм бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды моральдық сапалары кіреді.

Адамгершілік тәрбие беру педагогтың балалармен жүргізетін барлық тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының барысында жүзеге асады. Педагог мектепке дейінгі балалардың дербес іс-әрекеттеріне басшылық ете отырып, еңбегін, ойынын, оқуын ұйымдастыра отырып, оларға тәрбиелік сипат береді. Мәселен, балалардың ойындарын бақылай отырып тәрбиеші сол ойындардың мазмұнын талдайды, оларға қатысушылардың өзара қарым-қатынастары сипатына көңіл бөледі; бейнелеу іс-әрекеті женінде сабақ өткізуді белгілей отырып, балалардың тапсырманы орындағанда суретте қоршаған болмысқа деген өз көзқарасын көрсете алатындай тақырыпты ойластырады; балалардың еңбегіне басшылық еткенде оның айналадағы адамдар үшін маңызын ескереді.

Тіпті күнделікті әдеттегі жайларда да педагог әркашан тәлім-тәрбие береді және оның ықпал жасауы көп жақты сипатта болады.

Адамгершілік тәрбиенің маңызды принциптері:



  1. Балаларды ұжымда тәрбиелеу принципі.

  2. Жеке басын құрметтеу принципі.

  3. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.

  4. Балалар бақшасында және жанұяда балаларға қойылатын талаптардың бірізділік принципі.

  5. Балаларды құрбы-құрдас ұжымында тәрбиелеу жеке дара тәсіл принципі де жүзеге асырылады.

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды принципі балаларды ұжымда тәрбиелеу принципі. Н. К. Крупская коллективте тәрбиелеудің маңызды екендігін атап көрсете отырып, былай деп жазды: «...Мектеп балаларды бірігуге, ортақ мақсат, ортақ міндеттер қоюға және ол міндеттерді жұмыла күш жұмсай отырып шешуге үйретуі тиіс». Бала-ны жолдастық сезімге, айналадағыны құрметтеуге, гуманизм және өзара көмек сезіміне, яғни адамдарының өзара карым-қатынастарының негізгі принциптеріне тәрбилеуде ұжым пәрменді құрал болып табы-лады.

Балаларға ықпал жасаудың құралдары мен әдістерін белгілей отырып, педагог балаға талап қоюды оның жеке басын кұрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципін басшылыққа алады. Бұл адамды құрметтеуге және оның адамгершілігін бағалауға негізделген. Бұл принцип А. С. Макаренконың оқыту жүйесінде педагогикалық нақты көрініс тапты.

Бұл принципті практикада қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет