Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет31/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №169
Сабақта бірнеше оқушы телефондағы ойындарды ойнап отыр. Педагогтың ескертуіне былай жауап қайтарады: «Сіздің пәніңіз бізге керек емес. Ол өмірде пайдаға аспайды». Осы оқушылармен диалог құрыңыз.


Педагогикалық жағдаят №170
Сіз сыныбыңызбен мұражайға, көрмеге, зоопаркке (таңдау бойынша) экскурсияға барасыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін? Осы экскурсияны жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №171
Сізге мерекелік іс-шараны – Сіздің таныстарыңыздың баласының туылған күнін ұйымдастыру тапсырылды. Өз әрекетіңіздің барысын жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №172
Мынадай жағдайды ойлап қараңызшы: Сіз супермаркетте келушінің біреуінің ақша төлемеуі үшін қандайда бір кішкентай затты тығып жатқанының куәсі болдыңыз. Сіздің әрекетіңіз қандай? Жағдайға түсініктеме беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №173
Оқушылардың көпшілігі оқу сабақтарына педагогты көбірек алаңдататын қазіргі заманғы гаджеттерді (смартфондар, планшеттер және т.б.) алып келеді. Не істеу керек? Осы жағдайдағы Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №174
Ойлап қараңыз, Сіз компьютер, интернет және қазіргі заманғы гаджеттер ... болмаған уақытқа тап болдыңыз. Сізге мерекелік іс-шараны ұйымдастыру қажет. Өз әрекетіңіздің барысын жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №175
Сіз педагог мамандығын шығармашылық мүмкіндігіне, өзіңмен және қоршаған әлеммен үйлесімде болу бақытына қарай таңдадыңыз. Педагогикалық өсиет жобасын құрастырыңыз:
1) «Егер мен педагог болсам, мен ешуақытта ... жасамаймын».
2) «Егер мен педагог болсам, мен барлық уақытта ... боламын».
3) «Педагог болу – бұл яғни ...»


Педагогикалық жағдаят №176
Үлкендерге, ата-анаға, мұғалімге деген құрмет ұлттық мәдениеттің адамгершілік компоненті ретінде қарастырылған. Сіз осындай пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет