Педагогикалық жағдаят №500
Сіз өз танысыңызды құрметтемей, оны сыртынан Аю деп атайсыз. Кешке жақын есігіңізге қоңырау шалып, есікті балаңыз ашады: « Әкешім, анашым, бізге Аю ағай келді» - дейді. Сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?
Ештеңе естімеген адам секілді үндемейсіз.
Балаңызды сөгесіз, мұны ойлап тапқан осы дейсіз.
Бәрін әзілге аударып, танысыңыздан кешірім сұрайсыз.
Басқа шешім.
Педагогикалық жағдаят №501
Сіздің сыныбыңызда сыныптастар бос уақытты бірге өткізгілері келмейтін, қарым-қатынас жасағылары келмейтін, өздерінің ортасына қоспайтын бірнеше оқушы бар. Бұл немен түсіндіріледі?
Оқушылардың жағымсыз келбетімен.
Мұғалімнің оларға деген теріс қарым-қатынасымен.
Үлгермеушілік және нашар мінез-құлықтарымен.
Сіз тағы қандай себептерді атап айтар едіңіз? Жағдаятты түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |