Педагогикалық жағдаят №6
7-сынып оқушысы үнемі тәртіп бұзады. Мектеп әкішілігі мен сынып жетекшісі әңгімелескеннен кейін екініші рет қайталамауға уәде береді. Бірақ, есіктен шыға бере баяғысын тағы бастайды. Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Педагогикалық жағдаят №7
Әйгерімнің есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан ол кез келген мәтінді , әнді, ақпаратты оңай жаттап алады. Мереке кезінде ол тек өз рөлін ғана емес , басқа да балалардың рөлдеріндегі мәтіндерді жаттап алған. Сол мәтінді қайталап басқаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Педагогикалық жағдаят №8
Мынадай жағдайды елестетіңіз: Сіз азық- түлік дүкенінде кезекте тұрсыз. Сіздің алдыңызда жасы 6-7жасар бала сауда жасап тұр. Сатушыға келіп саудадан артылған ақшаны (сдача) алды. Сатушының ақшаны дұрыс қайтармағанын сіз байқап қалдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?
Педагогикалық жағдаят №9
Сіз қоғамдық көлікте келе жатып, қасыңызда отырған жолаушының сөмкесінен бір адамның әмиян алып жатқандығының уәсі болдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?
Педагогикалық жағдаят №10
Сіздің сыныптастарыңыз жаңадан келген мұғалімнің сабағына саналы түрде кешігіп келді. Сыныптастарыңыз рұхсатсыз кіріп, мұғалімнің ашуына тимекші болды. Мұғалім сәл жымиып, өз орындарына отыруларына рұқсат етті. Оқушылар мұғалімнің мұндай әрекетінен сасып қалды. таң қалды.
Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?
Педагогикалық жағдаят №11
Сіз тұрған үйде көрші болып бір-бірімен жақын дос ұл бала мен қыз тұрады. Олардың бір-біріне деген қамқорлығы, достығы айналадағы балалардың қалыңдық пен күйеу жігіт деп мазақтауына себеп болады. Сондықтан олар бір-бірінен алшақтай бастады. Мұндай жағдайда не істер едіңіз?
Ештеңе болмағандай кейіп танытасыз.
Ешкімге көңіл аудармауға кеңес бересіз.
«Мазақтаушылармен» сөйлесесіз.
Сіздің жауабыңыз.
Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |