Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет39/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят № 227
Сабақта тақырыптардың бірін қарастырғанда Сіздің бос уақытыңыз қалды. Бұндай жағдайда не істер едіңіз, не айтасыз және неліктен? Тақырыпты негізге ала отырып, Өзіңіздің іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 228
Сыныпта момын, «елеусіз» жүретін, балалармен достасуға тырыспайтын бала бар. Сырт көзге оған өзінің мұндай жүрісі өзіне ұнайтындай көрінуі мүмкін. Осы баламен жүргізілетін жұмыс бойынша Өзіңіздің жоспарыңызды ұсыныңыз.


Педагогикалық жағдаят № 229
Сыныпта топтық жұмыс жүргізілсе тек бір ғана бала көшбасшылыққа ие болады. Өзге оқушылар да өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге дайын, алайда ол басқаларға бұны жасауға мүмкіндік бермейді, ашуланады, олардың сөздерін бөледі, келемеждейді. Осы жағдайдағы Сіздің әрекетіңіздің жоспарын ұсыныңыз.


Педагогикалық жағдаят № 230
Қоңырау кезінде дәлізбен келе жатып Сіз 4-ші сыныптың екі баласының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Бұл жағдайды Сіздің байқап койғаныңыз да оларды тоқтатпады. Сіз тоқтатуды талап етсеңіз де олар төбелесті жалғастыра берді. Өз іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 231
Оқушыларыңыздың бірі үнемі қоңырау кезінде келіп, өз сыныптастары жайлы «сөз тасиды». Ол кімнің кімнен нені көшіргенін, кімнің үй тапсырмасын орындамағанын, кімді кім кекеткені жайлы айтып келіп отырады. Осы жағдайды шешуге арналған іс-әрекет жоспарыңызды жасаңыз.


Педагогикалық жағдаят № 232
Қоңырау уақытында үшінші сыныптың екі баласы шулап жатыр. Біріне-бірі мініп ойнап жүр. Мұндай жағдайда Сіз не істейсіз?


Педагогикалық жағдаят №233
Оныншы сынып оқушыларының бірі Сіздің көзіңізше өзге әріптесіңіздің, яғни мұғалімнің әрекетіне жағымсыз баға берді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет етесіз және неліктен?


Педагогикалық жағдаят № 234
Сіз - оныншы сыныптың сынып жетекшісісіз. Сабақтарыңызда сыныптағы бір оқушы үнемі басқа нәрсемен айналысып отырады. Ол үнемі мұғалімдерді ызаландырады, дөрекі сөйлейді, олар бұл баланы мүлдем түзелмейді деп есептейді. Сыныпта бұл баланың сотқар және «екіліктің баласы» деген атағы бар. Сіз осы оқушымен қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет