Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет29/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №155
Сізге сыныптасыңыз математикадан қорытынды бақылауға дайындауға көмектесуге өтініш жасады.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)


Педагогикалық жағдаят №156
Мақсат алыс ауылда көпбалалы отбасында тұрады. Ата-аналары оған 11 сыныпты бітіруге және орта білім жөніндегі аттестат алуға мүмкіндік бермеді. Отбасына жұмыс қолы керек, сондықтан ары қарай оқу мүмкін емес және ол туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ еді. Бірақ Мақсат оқуын жалғастыруды және оқытушы дипломын алуды армандайды.
Сіз оның арманының орындалуы үшін оған қандай ақыл-кеңес беретін едіңіз? Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №157
Оқушы бұзық іс жасады. Осы жағдайда мұғалімнен Сіз күтесіз:
1. Барлығының басын ашады және әділ істейді.
2. Ақыл айтады.
3. Кәмелекетке толмағандар бойынша инспекцияға алып барады.
4. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы...
Жауапты негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №158
Жағдаятты талқылаңыз: сіз сынып жетекші болған сыныпта бір оқушы басқасына оның ұлтына қатысты жаман атпен тіл тигізді. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.).
Педагогикалық жағдаят №159
Бесінші сыныпқа дінді қатты ұстанатын мұсылман отбасынан жаңа оқушы келді. Ол дағды бойынша мұғалімге басын иіп және жалғаспалы сөздерімен амандасады. Балалар оның «оғаш, ерсі қылығына» күледі. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.).
Педагогикалық жағдаят №160
Оқушы бұзық іс жасады (терезені сындырды, жиһазды бүлдірді, мұғалімге дөрекілік көрсетті). Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)


Педагогикалық жағдаят №161
Жоғары сынып оқушылары географияны оқытудың сапасына көңілдері толмай, сабақта бұл жайлы ашық айтады. Наразылықтан қалжыраған жас мұғалім жол табады: «Жақсы, - дейді ол, келесі сабаққа өздеріңіз келесіздер. Өздеріңе «мұғалім» таңдаңыздар, қалай болатынын көреміз». Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет