Педагогикалық жағдаят №162
Соңғы сабаққа келгенде мұғалім сыныптың бос екенін көрді. Оқушылар қашып кеткен... Бұл жағдай тағы да қайталанбас үшін не істеу керек?
1. Ата-аналар жиналысын шұғыл өткізу және оқиғаны талқылау.
2. Сынып жиналысын өткізу.
3. Тәртіпті бұзушыларды мектеп директорына алып бару.
4. Оқиғаның себептерін байсалдылықпен ойлау: мүмкін оған оқушы емес, Сіз себепкер болдыңыз.
5. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №163
Назеркенің ұялшақтығы мен сенімсіздігін біле отырып, мұғалім ескертеді:
Жақында сұраймын. Дайындал. Мынау сен өз бетіңмен орындай алатын тапсырма.
Ол қызға мәтіні бар карточка береді, оны оқуы қажет.
Мұғалімнің әрекетін бағалаңыз.
Сіз осы жағдайда не істейсіз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №164
Сізге басқа қаладан досыңыз келді және Сізге қаланы көрсетуді өтінеді. Өзіңіздің бірлескен демалыстағы іс-шараларыңызды жоспарлаңыз және ол туралы айтыңыз.
Педагогикалық жағдаят №165
Сізді кіші мектеп жасыңыздағы оқушыларға тәлімгер етіп белгіледі, өзіңіздің қамқолыққа алғандармен алғашқы кездесуді жоспарлайсыз ба?
Педагогикалық жағдаят №166
Сіз парк арқылы өз жұмысыңызды көрмеге алып бара жатырсыз (оте асығыссыз) және адасып кетіп жылап тұрған 3-4 жастағы баланы кездестіресіз. Сіз осы жағдайда не істейсіз: егер Сіз кешіксеңіз, ол көрмеден жұмысыңызды шығарып тастайды.
Педагогикалық жағдаят №167
Сіздің сыныптың терезесі қызу тіршілік өтіп жатқан көшеге қарайды, адамдардың дауысы, мотордың гуілі мен дүрілі үнемі оқушыларды алаңдатады. Осы тітіркендіргіштерге оқушылардың алаңдамауы үшін Сіз не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №168
Сіз кіші мектеп жасындағы балалармен бірге циркке немесе кинотеатрдың балалар сеансына бара жатырсыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға кездесуіңіз мүмкін? Болашақ педагог тұрғысынан өзінің әсеріңізді сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |