Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет32/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №177
Әр жолы мұғалім сыныпқа кіргенде, «... оның алдынан ұлы болудың мүмкіндіктері ашылады». Бұл пікірді бекітуге келісу немесе келіспеу жайында өз пікіріңізді дәлелдеңіз.


Педагогикалық жағдаят №178
Антуан де Сент-Экзепюри айтқан: «Дүниедегі ең үлкен сән-салтанат – адамзаттық қатынас». Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №179
Тыңдау біліктілігі – мұғалімнің негізгі сапасы. Оқушылардың мұғалімге білімді бағалау кезіндегі кең таралған шағымы: «Ол мені тыңдамады, барлық уақытта алаңдады». Сіздің пікіріңізше, «жақсы тыңдау» деген не? Жақсы тыңдаушы қандай болуы мүмкін?
Педагогикалық жағдаят №180
Ұлы педагогтардың пікірінше, тәлімгерді таңдау төтенше маңызды мәселе болып табылады. Тәлімгерді қандай белгілер бойынша таңдауға болатынына сипаттама беріңіз.


Педагогикалық жағдаят №181
Сіздің дос қызыңыз өзін төмен бағалау және бағалай алмау салдарынан сыныптастардың бет жүзіне қарамай мазақтаудың және келемеждеудің объектісі болады. Осы жағдайдағы Сіздің әрекетіңіз және ұсынысыңыз.


Педагогикалық жағдаят №182
Сізге «Педагогтың шеберлігі» тақырыбы бойынша интервью алу қажет. Интервью үшін үлгі сұрақтарды құрастырыңыз.


Педагогикалық жағдаят №183
10 сынып оқушылары соңғы сабақтан кетіп қалді. Завуч сынып жетекшісініе осы жағдайды реттеуді ұсынады. Сынып жетекшісінің тәрбиеленушілермен диалогын құрыңыз.


Педагогикалық жағдаят №184
Мектеп маңында жоғары сынып оқушылары қызығушылықпен беріліп футбол ойнап жүр. Бұл уақытта оқу кабинеттері үшін жаңа жиһаздар алып келді. Оқушылардың ойынды тастап, машинадағы жүкті түсіруге көместесуі үшін Сіз әрекетіңіздің тәсілін ұсыңыз.


Педагогикалық жағдаят №185
Сіздің сыныпта әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан оқушы оқиды және сыныптастары оны айналып өтуге және онымен қатынас жасамауға тырысады. Сіздің осы жағдайдағы әрекетіңіз және ұсынысыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет