Педагогикалық жағдаят №186
Оқушы нашар оқиды, сабақта жұмыс істемейді, педагогтың сабақтағы ескертулеріне және оқы, тыңда деген өтінішіне: «Мен бәрібір де университетке түсемін және заңгер боламын, менің ағамның қалада үлкен байланыстары бар» деп жауап қайтарады. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №187
Бірінші сабақта оқушы партаға жатып алған, көзі ұйқылы, тіпті ұйықтап отыр. Педагог: «Саған не болды? Сен бүгін қаншада жаттың?» деп сұрайды. Оқушы: «Мен кеш – таңертеңгі үш немесе төртте ме жаттым, есімде жоқ» деп жауап береді. Педагог: «Ал сен немен айналыстың?». Оқушы: «Компьютерде онлайн ойнадым». Осы жағдайда Сіз қалай әрекет етесіз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №188
Педагог: «Дәптерлеріңді ашып, жазыңдар...». Білім алушының біреуінің жазбай отырғанын байқап, педагог: «Ал сен не үшін ешнәрсе жазбадың?» деп сұрайды. Оқушы: «Маған не үшін жазу керек? Мен одан да көңіл қойып тыңдаймын және есте сақтаймын» деп жауап береді. Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №189
Педагог қолындағы телефонын шыр айналдырып отырған оқушыға қарап: «Өтінемін, телефоныңды жинап қой немесе оны өшір!» деді. Оқушы: «Мен өшіре алмаймын. Мен «WhatsApp»-та отырмын. Мен одан ажыраған емеспін және өшірмеймін, мен онымен ұйықтаймын ...». Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №190
Сіз 7 сыныпта сабақ жүргізіп жатырсыз. Оқушылардың біреуі мектепке тышқан алып келді және оны сабақта қатарлар арасына жібереді. Қыздар шырылдап орындықтан және үстелден секіреді, ұлдар қатты күліп қыздыра түседі. Әрекеттің тиімді оңтайлы тәсілін таңдау жоспарын құрылымдаңыз.
Педагогикалық жағдаят №191
Мұғалім: «Мен сенің дәретханада темекі шеккеніңді көрдім». Оқушы: «Сабақта емес қой. Жалпы, дәретхана – бұл жеке территория. Біз онда не істегім келсе, соны жасаймыз». Осы жағдайдағы Өз әрекетіңізді (не істейсіз, не айтасыз және т.б.) жоспарлаңыз және неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |