8- апта. 3,0 балл
34. 1960- 1990 ж Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы
Б
8- апта
35. 1960- 1990 ж Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы
1960-1980 жылдар аралығындағы білім саласындағы басты міндеттер төмендегідей еді:
-
жалпыға міндетті орта білім беруді жүзеге асыру;
-
мектептегі білім мазмұнын жаңарту;
-
оқу үрдісін жетілдіру және оқушыларға коммунистік тәрбие беру болды.
Жалпыға міндетті орта білім беру үрдісін жүзеге асыру бірнеше кезеңге бөлініп жүргізілді.
Орталық партия комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 10 қарашада “Орта білім беретін мектептің жұмысын жақсарту шаралары туралы” қаулысы қабылданды. Бұл қаулыда жалпы білім беретін орта мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту (жаңа типті мектеп үйлерін салу, жаңа мазмұнды оқулықтар даярлап, басып шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханаларын оқу жабдықтарымен және спорт құралдарымен жабдықтау), жоғары сынып оқушыларын мектепке толық тарту үшін мектеп жүйесін тиімді орналастыру шаралары қарастырылды. Сегізжылдық мектепті бітірген оқушылар оқуын өз еркімен кәсіби-техникалық және орта арнайы білім беру оқу орындарында жалғастыруы көзделді.
Осы қаулыға байланысты оқу-тәрбие үрдісін қайта құру қарастырылды: бұрын ғылым негіздері V сыныптан бастап оқытылса, енді ІV сыныптан бастап оқытылатын болды; мектепте оқытылатын ғылым негіздеріне қосымша оқу жоспарына VІІ сыныптан бастап кейбір пәндерден оқушылардың таңдауымен факультативтік курстар енгізілді.
Кейбір мектептердің жоғары сыныптарында физика, математика, кейіннен химия, биология, гуманитарлық пәндерді саралап оқыту жүргізілді.
Жақсы жабдықталған селолық мектептерде жоғары сынып оқушылары машина, трактор, комбайн және ауылшаруашылық машиналарды жүргізуді игерді. Мектептегі тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыратын педагог штатқа алынды.
Осы жаңалықтардың мектепке енуіне байланысты 1970 жылы Орта мектептің жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжатта сегізжылдық мектеп оқушылары білімдерін мынадай білім мекемелерінде жалғастыратын болды: жалпы білім беретін орта мектепте (онжылдық) (ІX-X сыныптарда); арнайы орта оқу орындарында - техникумдарда (3-4 жылдық оқу); орта кәсіптік-техникалық училищелерде (КТУ) (3-4 жыл); жұмысшы және ауылшаруашылығымен айналысатын жастар мектебінде (ІX-XІ сыныптар). Осы оқу орындары толық орта білім мен кәмелеттік аттестат берді.
Қорыта келгенде, жастарға орта білім беру халық шаруашылығында жұмыс жасай алатын кәсіби даярлықпен ұштастырылды.
1970 жылы жалпы білім беретін мектептердің, техникумдердің, орта кәсіби-техникалық училищелердің, жұмысшы және ауылшаруашылығымен айналысатын жастар мектебінің ІX-X сыныптарында сегізжылдық мектепті бітірушілердің 78,8 пайызы оқыды. Орта мектепті бітірушілердің саны бес жылда (1965-1970) екі есе өсті.
70-ші жылдары ғылым мен халық шаруашылығының жетістіктерін ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің барлық сатыларындағы ғылым негіздері жаңа мазмұнда құрылды.
Бастауыш сыныптағы оқу бағдарламалары оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталды. Оқу материалдары оқушылардың ойлау қабілеті мен қорытынды жасау мүмкіндіктерін дамытуға, өз ынта, қызығушылығымен дәйектерді бақылай отырып, шешім іздеу мақсатын қойды. Бастауыш сынып бағдарламалары мұғалімдерді оқушылардың өзіндік жұмыстарын және оқу қызметін ұйымдастыру мәдениетін арттыруға бағыттады.
Оқытудың жаңа мазмұнға өтуі оқу жоспарындағы гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің сағаттарын өзгертті, соңғысының сағаттары көбейді.
1977 жылы қабылданған мектеп құрылысына байланысты үкімет қаулысында оқу бағдарламалары мен оқулықтарын оқушыларға түсініксіз күрделі оқу материалдарынан арылту шаралары ұсынылды. Кейбір пәндер бойынша (физика VІІІ-ІX сыныптар, геометрия VІ- VІІІ сыныптар, тарих VІІІ-X сыныптар) эксперименталды оқулықтар даярланып, сынақтан өткізіліп, талданып, қорытындыланды. Нәтижесінде ғалымдар мен педагогтар жаңа оқулықтар оқытудың теориялық негіздерін бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда төмендетпеуі тиіс деген шешімге келді.
Оқытудың жаңа мазмұнға өту тәжірибесінде байқалған мәселе, тиімді нәтижеге жетудің басты құралы - оқытуды ұйымдастыру мен оқыту әдістері екенін көрсетті.
70-ші жылдары үкімет пен өндіріс орындары, колхоз-совхоздар тарапынан мектептерге материалдық жағынан үлкен көмек көрсетіліп отырды. Мектептердегі оқу кабинеттері тегіс техникалық құралдармен жабдықталды. Теледидар арқылы оқу бағдарламалары, оқу сабақтары ұйымдастырылды.
Оқытудың жаңа мазмұнға өтуі мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне кең жол ашты. Олар сабақты өткізу, сабақта ұжымдық және жеке оқушының оқу іс-әрекетін, оқушының өзіндік ізденісін ұйымдастыруды жетілдіру үшін көп еңбек сіңірді.
Мектептегі оқу жоспарының өзгеруі еңбек тәрбиесі мен оқушыларды еңбекке оқыту, оқушыларға кәсіби бағдар беру мазмұнын да өзгертті.
70-ші жылдары мектеп оқушыларды халық шаруашылығында еңбек етуге даярлауда біршама жетістіктерге жетті. 1979 жылы жоғары сынып (ІX-Х ) оқушыларының 75 пайызы (Украинада 95 пайызы) машина, трактор жүргізуші, слесарь, т.б. мамандықтарын игерді.
Мектеп түлектері арасынан бірден өндіріске, ауылшаруашылығына жұмысқа баратын бастамалар кеңінен өріс алды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары. 1960-1970 ж. ж. әлемдегі ғылыми-техникалық жетістіктер, экономиканы дамытуды және кеңестік қоғамды демократияландыру жағдайында білім мазмұнын өзгерту мәселесін алға қойды. Осыған орай 1960 -1970 ж. ж. жалпыға міндетті орта білімге көшу мектеп саясатының басты мәселелерінің бірі болды.
8- апта. 3,0 балл
36. Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.
1. Жаңаша педагогтардың түсіндіруінше «қиын баланың» пайда болу себебі:
А) педагогикалық басшылықтың әлсіз болуынан
В) баланың құрсақтық және физиологиялық кемістігі болуынан
С) индивидтің дамуының моралдық жағы
Д) әлеуметтік ортаның ықпалы, әсері
2. «Қазақстандағы білім беру ісінің дамуы» (1917 – 2000жж) еңбегінің авторы кім?
А) А.И.Сембаев
В) К.Қ.Құнантаева
С) Г.М.Храпченко
Д) С.Мусин
3. мектептегі үздік бітірушілерді алтын және күміс медалдармен марапаттау туралы мемлекеттік шешім қай жылы қабылданды?
А) 1944
В) 1954
С) 1965
Д) 1970
4. 5 баллдық бағалау жүйесі қай жылы енді?
А) 1944
В) 1954
С) 1965
Д) 1970
5. ҚР-ның 1990-2000 жж білім беру жүйесінің мақсаты:
А) жаңа технологияны ендіру
В) сабақ мазмұнын жақсарту
С) өзіндік жұмыстарды пайдалану
Д) жаппай орта білім
6. ҚР-да Білім туралы заңындағы білім беру принцпі:
А) салауатты өмір салты
В) конкурстар мен байқаулар өткізу
С) мектептер мен шеберханаларын жақсарту
Д) пән үйірмелелрін көбейту.
7. Қазақстанда «Қиын» балаларды тәрбиелеу мәселесін зерттегендер?
А) С.Мусин
В) Л.Керимов
С) С.Ұзақбаева
Д) Қ.Құнантаева
8. Алтынсарин мұраларын алғаш зерттеуші?
А) Ә.Сыдықов
В) Г. Ырысбекова
С) С.Қалиев
Д) Б.Иманбекова
9.Қазақстандағы халыққа білім берудің дамуын (1914-1990) зерттеген ғалым?
А) Қ.Құнантаева
В) Қ.бержанов
С) И.Б.мадин
Д) Ә.Сембаев
10. жеті жастан міндетті оқу қай жылы енгізілді?
А) 1944-1945
В) 1951-1952
С) 1960-1961
Д) 1960-1964
11.ҚР кеңес үкіметінен кейін жазудың қандай түрлерін қолданды:
А) арабша
В) парсыша
С) латынша
Д) кирилициа
12. «ХҮ-ХІХғ» ақын жырауларынынң поэззиясындағы ой пікірлер еңбегінің авторы?
А) Жарықбаев
В) Табылдиев
С) Қалиев
Д) Керімов
13. «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы» жинағының авторы?
А) Жарықбаев
В) Табылдиев
С) Қалиев
Д) Сембаев
14. ҚР-ның конституциясы қашан қабылданды?
А) 2010
В) 1995
С) 1997
Д) 2001
15. ҚР-ның Білім туралы заң соңғы рет қашан қабылданды?
А) 2010
В) 1995
С) 1997
Д) 2001
16. Қазақстанды жалпыға міндетті білім стандарты қашан қабылданды?
А) 2010
В) 2003
С) 2002
Д) 2001
17. ҚР-ның Тіл туралы заң қашан қабылданды?
А) 1991
В) 1994
С) 1997
Д) 2000
18. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қай құжатта көрсетілген?
А) Қазақстан -2030 бағдарламасы
В) Білім труалы заң
С) Білім бағдарламасы
Д) ҚР-дың тәрбие туралы тұжырымдамасы
19. Бәсекеге түсетін Білім жүйесін қайта құру қай құжатта көрсетілген?
А) Қазақстан -2030 бағдарламасы
В) Білім труалы заң
С) Білім бағдарламасы
Д) Ел президенттінің 19 наурыз 2004 жхалыққа жолдауы
20. Қазақстан мектептеріндегі оқыту мазұны мен әдістерінің проблемалары еңбегінің авторы?
А) С.Мусин
В) Г.Храпченков
С) Ә.Сыдықов
Д) Ә.Сембаев
9- апта
37. Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.
Этнопедагогиканың мақсаты – жастарға халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениет түрлерінен білім, білік, дағдыларды меңгерте отырып, олардың ұлттық сана-сезімі мен дүниетану көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
Этнопедагогиканың негізгі міндеті – егеменді еліміздің жастарын ой еңбегіне де, дене еңбегіне де қабілетті, сана-сезімі оянған, ұлттық ар, намыс, ұжданды қастерлейтін, нарық жағдайында өмір сүре білуге икемді, өнегелі, өнерлі, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Қазақтың сан ғасырға созылған халықтық тәрбие қағидалары көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталып, орта ғасыр ойшылдарының еңбектері мен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың толғауларынан, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, билердің шешендік сөз үлгілерінен өзекті орын алған. Оны әсіресе ІХ ғ. өмір сүрген Қорқыт бабаның афоризм сөздерінен айқын аңғаруға болады.
Қорқыт ата – ҮІІІ–ІХ ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі ағысын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, аңыздық кейіпкер, кемеңгер ойшыл. “Қорқыт ата кітабы” – Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан халықтары арасына кең тараған. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ рухани мұра. Сондай-ақ, Қорқыт айтты дейтін ақыл-нақыл, афоризм, ұстаздық ұлағат сөздер көптеп кездеседі. Онда имандылық, ізгілік, қанағатшылдық, әрекетшілдік, тәубешілік мәселелері сөз болады. Мысалы: “Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді…” делінген.
Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынасты, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның жақсы-жаман қасиеттері жайында да келелі ой қозғайды.
Мысалы: “Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас”…, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман…” Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі”, деген мақал-мәтелдер осының нақты айғағы бола алады.
Қорқыттың бір топ афоризм сөздері жастарды ерлікке тәрбиелеуге, тектілік мәселесіне, қонақжайлылыққа, мейірімділікке арналған. Мысалы, “Қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе…”, “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі…”, “Жауға атқан садағың өткір болсын”, “Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық…”, “Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді…”, “Өтірік сөз өрге баспайды…”, “Сөзге берік, шыншыл адамға бұл дүниеге отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз” т.б. Қорқыт әйелдердің бойынан жақсы адамгершілік қасиеттерді көруді аңсайды. Ол әйел қауымын төрт түрге бөледі. Бірі – отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтағы өсіп-өнген жандар. Екіншілері – ынсапсыз, қанағатсыз, есіл-дерті тамақ. Ал әйелдердің үшінші түрі - салдыр - салақ, түске дейін ұйықтайтын, кір-қожалақ, көрпе-төсегі жиналмай шашылып жататын үйдің “иелері”, төртіншілері – адам тілін алмайтын, қасарыспа, кесір, барынша қырсық әйелдер” – дейді. Қорқыт өсиеттерінің тәлімдік мәні аса зор, қай заманда болмасын ескіріп көнермейтін асыл мұра.
ІХ–Х ғасырларда Түркі қағанаты Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б хандықтарға бөлініп ыдырай бастады. Осы жағдайды пайдаланған Араб халифаты Орта Азия мен Қазақстан далаларын жаулап алып, ислам дінін, шығыс мәдениетін таратуға күш жұмсады.
9 апта . 4,5 балл
38. А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
1. „Қиын“ бала дегеніміз
А) тәртібі төмен бала
В) үлгерім төмен бала
С) қайғы –қасірет әкелетін балалар
Д) мінез-құлқында ауытқуы бар балалар
2. Қиын оқушылар неше топқа бөлінеді?
А) тән кемтерлығы және тәрбиеден шет қалған балалар
В) әлеуметтік жағдайы төмен балалар
С) Тәрбиесіз балалар
Д) әлеуметтік қараусыз балалар
3. Қиын балалармен жұмыс істеу формалары?
А) қоғамдық еңбекке тарту
В) тәрбие жұмыстарын жүргізу
С) пайдалы дағдыларды қалыптастыру
Д) сабаққа тарту
Е) барлығы дұрыс
4. Қиын балалардың пайда болу себептері№
А) өкетемдік тәрбиеден
В) ымырашылдықтан
С) дарашылдықтан
Д) дүниеқорлықтан
Е) дұрыс жауабы жоқ
5. Қиын балаға көмек көрсету әдістері :
А) қайта тәрбиелеу
В) қайта ұғындыру
С) қайта оқыту
Д) еріксіз көндіру
Е) барлығы дұрыс
6. Қиын балалар мен жүргізілетін тәрбие әдістері
А) қайта тәрбиелеу
В) өзін өзі тәрбиелеу
С) еркін тәрбиелеу
Д) қайта ұғындыру
Е) тежеу әдісі
7. Егер бала бұзақы болса, онда бұған бола ол кінәлі емес педагогикалық әдістер кінәлі кімнің сөзі
А) Ж.Баласағұн
В) А.С.Макаренко
С) Керимов
Д) Г.Уманов
8. Қайта тәрбиелеу идеясының авторы:
А) Ж.Баласағұн
В) А.С.Макаренко
С) Керимов
Д) Г.Уманов
9. Қайта тәрбиелеудің тәсілдері
А) қайта ұғындыру, еріксіз көндіру
В) қайта құру
С) қайта оқыту
Д) барлығы дұрыс
10.Қиын балаларды ынталандыру әдістері?
А) қоғамдық пайдалы еңбекке тарту
В) мақсатты жұмыс жүргізу
С) талаптар қою
Д) сенімін арттыру
9- апта
39. А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
А.С.Макаренконың педагогика теориясындағы негізгі жүйесі. А.С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж. ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж. ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты еңбектері жарық көрді.
А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты. Ол жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп қарастырды. Бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар және екінші, оқушының жеке даралық сапасын қалыптастыру үшін оның қабілеттері мен бейімділіктерін ескеру керектігін көрсетті.
А.С.Макаренко тәрбиенің басты мақсаты - белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыру деп санады. Оқушыдан өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін, өз абыройын сақтай білуін, жолдастарының пікірімен санасуды, өз пікірін дәлелдей білуін, өмірдің қойған талаптарына сай сыпайы, қатал, қарапайым болуын талап етті. Сонымен бірге, оқушы белсенді ұйымдастырушылық қасиетке ие болып, қойған мақсатына жетуі, өзін ортада ұстай білуі және өзгелерге ықпал ете білу қасиеттерін меңгеруі тиіс. Оқушының көңіл-күйі көтеріңкі, сергек, күреске әзір тұратын, сүйе білетін және бақытты болуға ұмтылуы керек деп түйіндеді.
А.С.Макаренко теориясының өзегі коллектив (ұжым) туралы ілім болды. Ол педагогикаға ”коллектив” деген терминді ендірді, коллективтік тәрбиені ұйымдастыру теориясының негізін қалады. Мектеп коллективінің маңызын барынша жоғары бағалап, коллективтің даму кезеңдерін үшке бөліп, оған сипаттама берді:
бірінші кезең, педагог ұжым мүшелеріне талап қойып, оның орындалуын қадағалайды;
екінші кезең, балалар арасынан белсенділер тобы бөлініп, өз еріктерімен түрлі жұмыстарға қатысады, педагогтың қойған талаптарына қолдау көрсетеді;
үшінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқару деңгейіне жетіп, түрлі оқу-тәрбие, шаруашылық, мәдени мәселелерді шешуге қатысады, ұжым атынан әр оқушыға міндет жүктеледі.
Тәрбиеші ұжымның даму кезеңін ескеруіне байланысты тәрбиеленушілерге тиімді ықпал жасау әдістерін таңдай алады.
А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, барлық ұжым мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерді әр қайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу.
Белгілі педагог еңбектің зор пайдасы адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиені іске асырудың негізгі жолы балалардың өзін тікелей еңбекке араластыру деп санады.
А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Ол «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға ерекше тоқталады, отбасында балалар өмірін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне назар аударады.
9- апта. 4,5 балл
40. Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.
1. Жаңаша педагогтардың түсіндіруінше «қиын баланың» пайда болу себебі:
А) педагогикалық басшылықтың әлсіз болуынан
В) баланың құрсақтық және физиологиялық кемістігі болуынан
С) индивидтің дамуының моралдық жағы
Д) әлеуметтік ортаның ықпалы, әсері
2. «Қазақстандағы білім беру ісінің дамуы» (1917 – 2000жж) еңбегінің авторы кім?
А) А.И.Сембаев
В) К.Қ.Құнантаева
С) Г.М.Храпченко
Д) С.Мусин
3. мектептегі үздік бітірушілерді алтын және күміс медалдармен марапаттау туралы мемлекеттік шешім қай жылы қабылданды?
А) 1944
В) 1954
С) 1965
Д) 1970
4. 5 баллдық бағалау жүйесі қай жылы енді?
А) 1944
В) 1954
С) 1965
Д) 1970
5. ҚР-ның 1990-2000 жж білім беру жүйесінің мақсаты:
А) жаңа технологияны ендіру
В) сабақ мазмұнын жақсарту
С) өзіндік жұмыстарды пайдалану
Д) жаппай орта білім
6. ҚР-да Білім туралы заңындағы білім беру принцпі:
А) салауатты өмір салты
В) конкурстар мен байқаулар өткізу
С) мектептер мен шеберханаларын жақсарту
Д) пән үйірмелелрін көбейту.
7. Қазақстанда «Қиын» балаларды тәрбиелеу мәселесін зерттегендер?
А) С.Мусин
В) Л.Керимов
С) С.Ұзақбаева
Д) Қ.Құнантаева
8. Алтынсарин мұраларын алғаш зерттеуші?
А) Ә.Сыдықов
В) Г. Ырысбекова
С) С.Қалиев
Д) Б.Иманбекова
9.Қазақстандағы халыққа білім берудің дамуын (1914-1990) зерттеген ғалым?
А) Қ.Құнантаева
В) Қ.бержанов
С) И.Б.мадин
Д) Ә.Сембаев
10. жеті жастан міндетті оқу қай жылы енгізілді?
А) 1944-1945
В) 1951-1952
С) 1960-1961
Д) 1960-1964
11.ҚР кеңес үкіметінен кейін жазудың қандай түрлерін қолданды:
А) арабша
В) парсыша
С) латынша
Д) кирилициа
12. «ХҮ-ХІХғ» ақын жырауларынынң поэззиясындағы ой пікірлер еңбегінің авторы?
А) Жарықбаев
В) Табылдиев
С) Қалиев
Д) Керімов
13. «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы» жинағының авторы?
А) Жарықбаев
В) Табылдиев
С) Қалиев
Д) Сембаев
14. ҚР-ның конституциясы қашан қабылданды?
А) 2010
В) 1995
С) 1997
Д) 2001
15. ҚР-ның Білім туралы заң соңғы рет қашан қабылданды?
А) 2010
В) 1995
С) 1997
Д) 2001
16. Қазақстанды жалпыға міндетті білім стандарты қашан қабылданды?
А) 2010
В) 2003
С) 2002
Д) 2001
17. ҚР-ның Тіл туралы заң қашан қабылданды?
А) 1991
В) 1994
С) 1997
Д) 2000
18. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қай құжатта көрсетілген?
А) Қазақстан -2030 бағдарламасы
В) Білім труалы заң
С) Білім бағдарламасы
Д) ҚР-дың тәрбие туралы тұжырымдамасы
19. Бәсекеге түсетін Білім жүйесін қайта құру қай құжатта көрсетілген?
А) Қазақстан -2030 бағдарламасы
В) Білім труалы заң
С) Білім бағдарламасы
Д) Ел президенттінің 19 наурыз 2004 жхалыққа жолдауы
20. Қазақстан мектептеріндегі оқыту мазұны мен әдістерінің проблемалары еңбегінің авторы?
А) С.Мусин
В) Г.Храпченков
С) Ә.Сыдықов
Д) Ә.Сембаев
9 - апта
41. А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясы жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс- әрекетті, қарым- қатыныс дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болады.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет, А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағытылығы тұрғасынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1.Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдардың жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4.Ұжымның өзін- өзі басқару органдары және өкілдері- ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым- бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактііл және негізгі болып екіге бөлінеді.негізгі ұжым- Бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым- бұл студенттер тобы, негізгі ұжым- факультет т.б.
10 апта
42. А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
-
А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
-
А.С. Макаренконың педагогикалық идеяларының маңызы
-
Қиын бала теориясы
-
Қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
-
А.С. Макаренконың педагогикалық жүйесі
-
А.С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
-
А.С. Макаренко тәрбие мәселесі туралы
-
А.С. Макаренконың ұжым туралы ілімі
-
А.С. Макаренко отбасы тәрбиесі туралы
-
А.С. Макаренко және қазіргі кезең
10- апта
43. Орыс педагогтардың тәрбие жүйесіндегі еркін тәрбие теориясы
20-шы жылдары оқу-тәрбие мәселесіне педология ене бастады. Педология – баланың тағдыры биологиялық (тұқымқуалаушылық) және әлеуметтік (өзгермейтін орта) ықпал арқылы анықталады деген тұжырымды ұстанды. Педология оқулықтары басылып, оның мамандары жоғары оқу орындарында даярланды.
Балаларды зерттеудің негізгі құралы тест болды, тест арқылы балалардың «ақыл-ой дамуының толықтығы”, «ақыл-ой дарындылық коэффиценті” анықталды. Мұның басты кемшілігі баланың ерекшелігін зерттеу туралы жасалатын қорытындыда баланың дамуына ықпал ететін тәрбие, білім, оның өзіне тән белсенділігі ескерілмей, біржақты баға берілді.
Осындай зерттеу әдістерінің кемшілігінен, яғни тек тест тапсырмалары арқылы зерттелген, ақыл-ой қабілеттері дұрыс балалардың көпшілігін ақыл-ой дамуы жағынан төмен, оларды арнайы мектептерде оқыту қажет деген ақылға сыймайтын тұжырым белең алды. Сондықтан партияның 1936 жылы 4 шілдеде «Оқу-ағарту халық комиссариаты жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педологияның және педологтардың залалдығы қатты сынға алынды, олардың қорытындылары ғылыми негізде жасалмағаны атап айтылды, сөйтіп, педологиялық ғылымның дамуына тосқауыл қойылды.
Сонымен, 20-шы жылдары жаңа мектепті құру ізденістері - жан-жақты дамыған, әлеуметтік тұрғыдан белсенді тұлға тәрбиелеу мәселесіне бағытталды. Мектептің басты ұстанған бағыты оқу-тәрбие ісін өмірмен тығыз байланыстыру, мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін және шығармашылығын арттыру болды. Жіберілген олқылықтардың бірі - бұрыннан ғасырлар бойы қалыптасқан білім беру жүйесіндегі тәжірибе ескінің сарқыншағы делініп түгелдей жоққа шығару еді, ал оның орнына шетел педагогикасындағы ой-пікірлерге көбірек көңіл бөлінді. Жаңа мектепті қалыптастыру мәселесі өте күрделі болды, кереғар пікірталастар, біріне–бірі қайшы нұсқаулар теориялық ізденістердің дамуына кедергі жасады .
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жаңа оқу бағдарламаларымен жұмыс жасауына олардың кәсіби даярлықтарының төмендігі және басшылыққа алынатын құжаттардың шалалығы қиындық келтірді.
Бұл кезеңдегі жаңа мектептің бұрынғы мектептерде орын алмаған жетістіктері де болды. Олар - оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамыту жағынан көрініс тапты.
10- апта
Достарыңызбен бөлісу: |