Педагогика тарихы



бет57/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Реферат тақырыптары:





  1. 20–30-шы жылдардағы мектептің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру ерекшеліктері.

  2. П.П.Блонскийдің педагогикалық идеялары.

  3. С.Т.Шацкийдің еркін тәрбие беру тұжырымда-масы.

  4. А.С.Макаренконың ұжымдық тәрбие теориясы.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясына 70 жыл (1933-2003) /Бас редактор Құсайынов А.К. – Алматы: Рауан, 2003.

  2. Джуринский А.Н. История педагогики; Учебное пособие для студентов педвузов. – М.:Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС, 1999. С.381.

  3. Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. - Алматы: Мектеп 1979.

4. Латышина Д.И. История педагогики (История образования и педагогической мысли); Учебное пособие. – М.:Гардарики, 2002. С. 419.
5. Российская педагогическая энциклопедия в двух томах. – М.:Большая Российская энциклопедия, 1993, С.105-106.
6. История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца ХХ века.: Учебное пособие для педагогических учебных заведений /Под ред. А.И.Пискунова. – М.: ТЦ Сфера, 2001. с. 412-422.
7. Коджаспирова Г.М. История образования и педагогической мысли: таблица, схема, опорные конспекты. Учебное пособие. М., 2003.- 224с. [с 161-168]
8. Павлова М.П. Педагогическая система А.С. Макаренко и современность. М., 1980.
9. Хрестоматия по истории советской школы и педагогики.-М., 1972.
10. Бержанов Қ., Мусин. Педагогика тарихы. қысқаша курс. –Алматы: Мектеп, 1984.- 256 б.
14. 1941-1980 ж.ж. аралығындағы Кеңес одағы елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп мәселелері

Ұлы Отан соғысы мектеп қызметіне күрделі өзгерістер әкелді. Бейбіт өмірден соғыс жағдайына көшу, халыққа білім беру органдарын басқару ісіне және мектеп алдына жаңа міндеттер жүктеді: бастауыш, жетіжылдық оқуға тартылатын, оның ішінде эвакуацияға ұшыраған балалардың нақты есебін алу, оларды мектептегі оқуға қамту қажет болды.


Осыған орай Одақ көлемінде мектепте жаппай оқытуға жататын балалардың толық есебі үздіксіз жүргізілді, олардың мектептегі оқуға қамтылуына қатаң бақылау қойылды.
Ұлы Отан соғысы жылдары барлық республикалар өзінің бүкіл экономикасын Отанды қорғау, майданға жәрдем көрсету жұмысына бейімдеді. Кеңес одағының фашистік Германия басқыншылығына қарсы соғысы көптеген материалдық күшті қажет етті, миллиондаған адамдардың бейбіт өмірі үзілді. Мектеп мұғалімдері мен студенттердің, жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі армия қатарына қосылды. Оқушылар завод, фабрикаларда, колхоз бен совхоз егістіктерінде ересек адамдармен қатар қажырлы еңбек етті.
Тылдағы мұғалімдер мен оқушылар қорғаныс жұмыстарына, колхоздар бен совхоздардың ауылшаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмек жию, ауруханаларда жаралыларға дәрігерлік жәрдем көрсету, әскер отбасыларына көмек беру жұмыстарына белсене араласты. Мектепте қоғамдық пайдалы еңбекке араласу жұмысы кең өріс алды.
Ұлы Отан соғысы барысында майдан шебінде ата-анасынан айырылған балалар саны күрт өсті. Соғысқа жақын жердегі балалар тылға көшіріліп, олар үшін мектеп-интернаттар ұйымдастырылды.
Немістер жаулап алған жерлерде, мысалы Украинада, Ресейде мектептер қиратылып, талан-таражға түсіті. Соғыс жылдарында мыңдаған балалар ата-анасынан айырылды. Балаларға деген қамқорлықты мемлекет өз міндетіне алып, олар үшін балалар үйін көптеп ашу жұмысы жүргізілді.
Соғыс жағдайының ауыртпалығына қарамастан, үкімет Орал, Сібір, Орта Азияда мектептер жанынан көптеген интернаттар ашып, мыңдаған балалардың оқу-тәрбиесін ұйымдастырды. Мектептерде, интернаттарда балалар ұжымын қалыптастыруға айырықша назар аударылды, оқушылар, оларды өзін-өзі басқаруға, дене еңбегімен және қоғамдық еңбекпен айналысуға тәрбиеледі.
Қазақстанға көшірілген балалар мекемелері мен оқу орындарына қажетті жағдай жасау істері қолға алынды. Қазақстанда майдан шебінен келген 149 балалар мекемелері мен оқу орындары орналасты.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның балалар үйінде 45 мың бала тәрбиеленді. Олар Ресей Федерациясынан, Украина, Белоруссиядан әкелінді. Мәскеудің бірнеше ауданынан Қазақстанға әкелері майданға, аналары қорғанысқа еңбек етуге кеткен төменгі сынып оқушылары әкелінді. Польшадан келгендер үшін балалар үйлері ашылды. Жергілікті халық келген балаларға зор қамқорлық көрсетті. Мыңдаған балалар жергілікті тұрғындардың отбасына тәрбиеге берілді. Жүздеген баланы жұрт асырап алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет