Педагогика теориясы


Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу



бет12/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Педагогикалық зерттеулерде белгілі бір ғылыми әдістер қолданылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері – ғылыми зерттеу мақсатын шешетін амалдар; құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Педагогикада педагогикалық әдістер де, психология, әлеуметтану, физиология, математика және т.б. ғылымдардан алынған әдістер де кеңінен қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді жүргізу кезінде жалпы теориялық әдістер: талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, жалпылау, нақтылау, модельдеу; социологиялық әдістер: сұрақ-жауап, сұхбат, рейтинг; әлеуметтік-психологиялық әдістер: социометрия, тестілеу, тренинг; математикалық әдістер: саралау, шәкілдеу, корреляциялау қолданылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері шартты түрде теориялық және эмпирикалық (практикалық) болып екіге бөлінеді.
Теориялық зерттеу әдістері ғылыми фактілерді нақтылауға, кеңейтуге және жүйелеуге, құбылыстарды түсіндіруге және болжауға, алынған нәтижелердің сенімділігін арттыруға, абстрактілі білімнен нақты білімге көшуге, әртүрлі ұғымдар мен гипотезалар арасындағы байланыстарды орнатуға, ең маңызды және қосалқыларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Кейбір теориялық зерттеу әдістеріне сипаттама берейік.
Талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстанымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән – жайына енеміз.
Синтез – құбылыстың белгілерінің, қасиеттерінің мағыналық (абстрактілі) тұтастыққа ойша жиынтығы. Дегенмен, синтез жай ғана жинақтау емес, мағыналық байланыс. Егер құбылыстарды жай ғана байланыстырсақ, олардың арасында байланыс жүйесі пайда болмайды, тек жеке байланыстардың ретсіз жинақталуы қалыптасады.
Кез келген ғылыми зерттеулерде талдау мен синтез бір-бірімен тығыз байланысты.
Салыстыру – қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады.
Белгілі бір құбылыстарды бір-бірімен салыстыру үшін олардағы нақты белгілерді бөліп көрсету және олардың салыстырылатын объектілерде қалай бейнеленгенін белгілеу қажет. Салыстырудың құрамдас бөлігі әрқашан талдау болып табылатыны сөзсіз, өйткені құбылыстардағы салыстыру кезінде өлшенетін белгілерді оқшаулау қажет. Салыстыру құбылыстардың белгілері арасында белгілі бір байланыс орнату болғандықтан, салыстыру барысында синтез де қолданылатыны анық.
Абстракция – екінші реттік фактілерден бас тарта отырып зерттелетін құбылыстың негізгі ерекшелігі бар зерттеуді шоғырландыру. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар; талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет