Қазіргі дидактикадағы оқыту әдістерін жіктеуге әртүрлі көзқарастар. Кез келген мәселенің берілу және қабылдану сипатына байланысты әдістерді келесі түрлерге бөлуге болады:
Оқыту әдістері
Практикалық әдіс
Көрнекілік әдісі
Ауызша баяндау әдісі
Білім беру мазмұнын меңгеруде оқушылардың білім деңгейіне, оқуға қабілетіне, оқу көзіне, дидактикалық міндеттеріне байланысты келесі әдістер орынды қолданылады:
• оқытудың ауызша әдісі;
• оқытудың практикалық жұмыс әдісі;
• оқытудың көрнекілік әдісі;
• проблемалық эвристикалық модельдеу әдісі;
• - проблемалық зерттеу және оқытудың репродуктивті әдісі;
• оқытудың индуктивті және дедуктивті әдісі;
• оқытудағы мадақтау және сөгіс беру әдісі;
• оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі.
Әдістер өз кезегінде келесі топтарға бөлінеді.
Оқу ақпаратын сөз арқылы беру және есту арқылы ақпаратты қабылдау әдістері қандай және оларға қандай талаптар қойылады? Оқытудың ауызша әдістері: а)түсіндіру, ә) мұғалімнің әңгімесі, б) мектептегі лекция, в) кітаппен жұмыс істеу секілді түрлерге бөлінеді.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |