Педагогика теориясы


ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ



бет41/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Жоспар:

  1. Оқыту әдістері мен тәсілдері туралы түсініктер.

  2. Қазіргі дидактикадағы оқыту әдістерін жіктеуге әртүрлі көзқарастар.

  3. Оқыту әдістерінің мәні. Оқыту әдістерін таңдау шарттары.

  4. Оқыту құралдары және олардың қызметі.

  5. Инновациялық және интерактивті оқыту әдістеріне шолу.

  6. Оқыту методтарына қойылатын талаптар.



Оқыту әдістері мен тәсілдері туралы түсініктер. Оқыту әдісі дегеніміз – оқу-тәрбие процесінде күтілетін мақсатқа жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі іс-әрекетін, оқыту үрдісін қалай ұйымдастыру мен өткізу керектігін анықтайды. Оқыту әдістері екі әрекеттің де: а) мұғалімнің оқушыларды білім, білік және дағдымен қаруландыру, б) оқушылардың ғылыми білім, білік, дағдыларды меңгеру үшін қолданатын әдістері болып табылады. Оқыту мұғалімнен зерттеушілік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Ғылыми әлеуеті мол ұстаз ғана пәнді оқушыларға шебер жеткізеді. Пәннің мақсатына қарай оқыту әдістерін таңдауды біледі, қажетті құралдар өз орнында қолданылады.
«Метод» сөзінің грек тілінен аудармасы «зерттеу, әдіс, мақсатқа жету жолы» дегенді білдіреді. Философияда бұл ұғым негізінен «мақсатқа жету әдістері» ретінде түсіндіріледі.
Оқыту әдісі оқытудың мақсаты мен міндеттеріне байланысты. Әдістер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім берудің мазмұны мен қызметіне қарай таңдалады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТД, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет