Практикалық жұмыс әрекеттері (практикалық әдістер, жаттығулар, зертханалық, жұмыстар, бағдарлама құру, педагогикалық мәселелерді шешу, еңбек әрекеті т.б.) арқылы оқу ақпаратын беру.
Білім берудің практикалық әдістерінің ауқымы кең. Бұл әдістердің мысалына жазбаша жаттығулар, тәжірибелер, зертханалық жаттығулар, жұмыс тапсырмаларын орындау жатады.
Жазбаша жаттығулар кезінде алынған теориялық білімдер практикада тікелей қолданылады. Жаттығу - білімді бекітудің және іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың, оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі методы. Оқыту барысында ғылыми білімдер мен белгілі еңбек әрекеттері игеріледі және жетілдіріледі, олар нақты оқу пәнінің сипатына байланысты мақсатты, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Жаттығу кезінде әрбір жаттығу ескеріледі. Мысалы, ана тілінен грамматикалық талдау, математикадан мысалдар, есептер шығару, жаратылыстану пәнінен химиялық теңдеулер, коэффициенттерді таңдау, есептер шығару, өсімдіктерді түрге бөлу, т.б. Жаттығу барысында бұрын алған білім, білік, дағды, заңдылықтар іс-әрекетте қолданылады.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде оқытуда оқушылардың игерген іскерліктері мен дағдыларын бекітуде-
• жаттығуға берілген тапсырманың мақсаты оқушыларға анық түсіндірілуі керек;
• жаттығу кезінде оқушылар тобының және әрбір оқушының жеке талпыныстары мен қызығушылықтарын ескеру;
• тапсырма бүкіл сынып оқушыларының белсенді әрекетін қамтамасыз етуі керек және жаттығуды белгіленген уақытта орындау талап етіледі.
Жаттығуда оқушылардың жазбаша және шығармашылық жаттығулары ерекше орын алады.
Жазбаша шығармашылық жаттығулар ана тілі, әдебиет, тарих, география пәндерінде де қолданылады. Олар эссе, уағыз, реферат, т.б. жазуда көрініс табады.
Оқушылардың жазбаша жаттығулары графикалық жұмысы, кескіндеме, картаны сызу, сызбалар мен схемалар жасау, кестелер, диаграммалар, графиктер, плакаттар, альбомдар, стендтер, зертханалық жаттығулар, тәжірибелер, оқушыларды оқыту процесінде қоршаған заттар туралы жаңа білім береді және болмыстағы оқиғалар, олардың формасы, көлемі, құрамы, құрылымы, өзгеру және даму заңдылықтары туралы жаңа білім береді. Бұл әдістер оқушылармен жеке және жаппай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |