Педагогика теориясы



бет28/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Дидактикаоқыту мен білім беру, олардың мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары және ұйымдастыру формалары туралы ғылым.
В.И.Андреев мұндай анықтама жеткілікті толық емес деп санайды, өйткені біріншіден, білім беру мен оқытудың бір емес, бірнеше жеткілікті негізделген және тиімді теориялары бар: дамушы, проблемалық, модульдік, дифференциалды, компьютерлік және басқа да түрлері мен типтері. Екіншіден, әсіресе соңғы жылдары дидактика білім беру мен оқыту теориясымен бітпейді, оқыту технологиясы деңгейіне дейін барады деген пікірді дидактика жүйелі әрі тиянақты жүзеге асыруда. Сондықтан автор дидактиканың келесі анықтамасы оған сәйкес келеді деп есептейді.
Дидактика – білім беру теориялары мен оқыту технологиялары туралы ғылым.
Сонымен бірге О.Р.Розиқов, Б.Р.Адизов, Г.Н.Нажмиддиновалар Дидактиканың жалпы және жеке түрлерін ажыратып көрсетеді. Жалпы дидактика барша оқу пәндері мағлұмат дәрежелері негізінде оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары, принциптері, методтары, ұйымдастыру формалары нәтижелерін үйренетін ғылым десе, Жеке дидактика нақты бір оқу пәнін оқытудың мақсаты, заңдылықтары, принциптері, мазмұны, методтары, құралдары, ұйымдастыру формаларын үйренеді-деп анықтама береді.
Дидактиканың ғылым ретінде өз пәні бар. Дидактиканың пәні – оқытудың заңдылықтары мен принциптері, оның мақсаттары, білім мазмұнының ғылыми негіздері, оқытудың әдістері, формалары, құралдары.
Жалпы және жеке дидактиканы ажырату. Жалпы дидактика оқу үрдісін оны тудыратын факторлармен, оның өту жағдайларымен, әкелетін нәтижелерімен бірге зерттейді. Ол заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижелерін анықтайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды.
Жеке дидактика әртүрлі пәндерді оқыту үдерісінің заңдылықтарын, мазмұнын, формалары мен әдістерін зерттейді.
Жеке дидактика оқыту әдістемесі деп аталады (оқу пәніне тиісті).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет