Ѳзін бақылау жолы
Жан кѳріністерін үйренудің жолы, бірінші – ѳзін бақылау.
Адам ѳз жанының кѳріністерін ѳзі бақыламаса, жан
кѳріністерімен таныс бола алмайды. Мысалы, ашу, қуаныш
сықылды жанымыздың кѳріністерін бақыласақ қана біз
олардың қандай мінезде екенін һәм араларында қандай
айырма бар екенін біле аламыз. Бірақ бір жан кѳрінісін сол
кѳрініс болып тұрғанда бақылау оңай емес. Себебі ѳзін
бақылау деген сѳз адамның яғни жанның бір уақытта екі іс
істеуі, әрі бақылаушы, әрі бақыланатын зат болуы деген болып
шығады. Бұл істе мүмкіндік аз. Бұған мысал алайық. Менде
ашу деген жан кѳрінісі болып тұр, яғни мен ашуланып
тұрмын. Егерде мен осы ашуланып тұрғанымда осы ашу
кѳрінісін бақылай бастасам, яғни ашудың тууына не себеп
болды, ашу деген қандай нәрсе екен деп ойлай бастасам, сол
ашу бұрынғы күйінде тұра ма? Әрине, тұрмайды. Мұндай
ойға кірісумен ашудың күші кеми бастайды. Осы мен неге
39
ашуланам деп ойлай бастасаң, ашуың біте қалады. Міне, ѳзін
бақылаудың оңай емес екендігі осыдан кѳрінеді.
Әйткенмен де, жан кѳрінісі артық күшті болмаса, ѳзін
бақылауға болады. Мысалы, жеңіл ашуланып отырған адам
сол ашуының себебін тексеріп отыруға мүмкін.
Бірақ ѳзін бақылау деген сѳздің шын мағынасы – ѳткенді
еске түсіру деген сѳз. Мысалы, ашу деген жан кѳрінісін
бақылау үшін біз бұрын ѳткен бір ашуымызды, яғни бұрынғы
бір ашуымыздың не себептен туғанын, қалай күшейгенін,
қандай мінезді болғанын һәм қалай басылғанын еске түсірсек,
сол уақытта біз ашу деген жан кѳрінісін ѳзін бақылаған
жолмен бақылаған боламыз. Ѳзін бақылау деген сѳз – бұл
мағынада бұрын болып озған жан кѳріністерін еске түсіріп
тексеру деген сѳз болып шығады. Адамға ѳзін-ѳзі тексеру,
ѳзіне-ѳзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. Ѳзін- ѳзі
тексеріп, қаталарын кѳруге адамның менмендігі бѳгет болады.
Әйткенмен де, бұл адамның ѳзін-ѳзі тексеруі – оның жан
тұрмысының ѳркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт. Ѳз
қатасын кѳре білген адам келешекте сол қатаны істемеуге
ұмтылады Адамның ѳзін-ѳзі яғни ѳз қатасын ѳзі кѳре білуі
оның жанының идеалға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі
барлығын кѳрсетеді.
Міне, осы себептен зор жазушылардың ѳздері жазған
әсерлеріне кѳңілі толмайды. Қайта-қайта түзейді. Жазаласа,
ѳртеп, жыртып та жібереді. Жалба-жұлба киім киіп, аш-
жалаңаш жүретін бұзақылық, күнә деген нәрсені білмейтін
дуаналардың ѳз кеуделерін ѳзі жұдырықтап:
Кешіре гѳр, құдайым,
Кѳп қой менің күнәйім,–
деп зарлаулары ѳздерін тым тексеріп, кішкене қаталарын
тым зор кѳріп жіберулерінен, жандары ұмтылатын қияның
тым биік болуынан ғой. Дұрыс, адамның бәрі дуана
болмағанмен, ѳзін тексермесе, адам ілгері баса алмайды.
Ѳзінен ешбір кемшілік кѳрмей, қата таппай, ѳзіне-ѳзі риза
40
болып, мәз болып жүретін адам зор адам емес, шѳбір адам
болады. Жаны жабайы, ауданы тар болады.
Бақылау
Жан кѳріністерін үйренудің екінші жолы – бақылау, яғни
бір адамның ѳзінен басқа адамдардың жан кѳріністерін
бақылауы. Бірақ, біз жоғарыда айтып ѳткеміз, жан кѳріністерін
сыртқы сезімдермен бақылауға болмайды деп. Сондықтан
басқа адамның жан кѳріністерін бақылау дегенде оның жан
кѳріністерінің сыртқы белгілерін бақылау, тексеру керек деп
ұғу керек. Мысалы, біреудің пішініне, қозғалуына, сѳзіне,
жүріс-тұрысына қарап, бақылап, солар бойынша жан
кѳріністерін тексереміз.
Біз егер ѳзін бақылау жолымен басқа адамдардың жан
кѳріністерін бақыламасақ, біздің жан кѳріністері туралы
біліміміз толық болмас еді. Сондықтан байқауы кѳп адам бір
адамның пішінінен, жүріс-тұрысынан, бір-екі ісінен, біраз
сѳзінен ол адамның қандай мінезді екенін біліп ала қояды.
Мүмкін болғанша тәрбиешінің шыншыл «физиономист»
болуы керек.
41
Ж
Ж А Н
Т Ұ Р М Ы С Ы Н Ы Ң Т Ү З У Б О Л У
Ш А Р Т Т А Р Ы
ан тұрмысының, жан кѳріністерінің түзу, сау болуы
үшін нерв системасының сау болуы шарт.
Нерв системасы
Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене
арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне
байлайтын байлам-нерв системасы деп аталады. Нерв
системасы екі бѳлімнен тұрады: орда бѳлім (ми, жұлын) һәм
бұтақ бѳлім. Нерв системасының бәрінің түбі – бастағы ми.
Мидан 12 егіз нерв шығады. Бұл нервілер мидан шығысымен
бұтақтанады. Онан соң бір-біріне қосылады, бір-бірімен
топталады. Барып-барып тағы бұтақталып, денеге жайылады.
Бұлардың кейбіреулері теріге барып бітеді. Кейбіреулері
сыртына шығып, жат бір түрде шоғырмақталып бір құрал
болып, аппарат болып бітеді.
Нерв системасының қызметі
Нерв системасының ағасы, биі – ми. Ми – жанның құралы.
Жан ми арқылы сыртқы дүниеде һәм ѳз денесінде не болып
жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені қозғайды. Егер ми
зағып болса, яки зиянданса, адамның жан тұрмысы дұрыс
болмайды. Мидың белгілі бір жері зиянданса, адамның қол-
42
аяғы қозғалмай қалады, яғни «паралич» болады. Мұны біздің
қазақ «пері соққан» дейді. Яки тілі, кеңірдегі сау болып тұрса
да, сѳйлей алмай тілсіз болып қалады. Яғни афазия ауруы
пайда болады.
Ал енді мидан шығатын нервілер телеграмның сымы
сықылды мидан денеге, денеден миға бұйрық тасиды. Бұл
нервілер қызметтеріне қарап екіге бѳлінеді. Біреулері әсерді
сыртқы дүниеден, яки денеден ордаға, яғни миға алып барады.
Бұл нервілер сезу нервілері, яки ордаға ұмтылатын нервілер
деп аталады.
Бұл нервілер арқылы біз салқын, жылымық, жарық, дауыс
сықылды сыртқы дүние кѳріністерін білеміз. Ал енді біреулері
әсерді ордадан нервінің ұшына алып барады. Бұлар қозғау
нервілері, яғни ордадан қашатын нервілер деп аталады. Бұл
нервілер арқылы біз қол-аяқ һәм бар денемізді қозғаймыз.
Егерде бір мүшенің сезу нервілері кесілсе, мысалы, саусақтың,
ол уақытта саусақ еш нәрсені сезбейтін болады. Егерде,
мысалы, саусақтың қозғау нервілері кесілсе, ол уақытта саусақ
тіпті қозғалмайтын болады.
Нерв системасының саулығын сақтау
Жоғарыда айтылғаннан нерв системасының қандай нәзік
һәм қандай қымбат екендігі ашық кѳрініп тұр. Олай болса,
жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау қылып ұстап, оған
зиян келтірмеске керек... Мысалы, балаға миға зақым
келтіретін ойын ойнауға жарамайды. Және баланы басқа ұру
жарамайды.
Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жарамайды.
Біздің қазақтың кейбір атқа мінгендерінің жап-жас баласына
шылым тартқызып, «қарағымның аузынан түтінді пәлен
тѳредей шығаруын қарашы» деп қарқ-қарқ күліп мәз
болатындары бар. Мұның надандық, есерлік екендігінде не сѳз
бар? Балаға алкоголь, яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені
ішкізудің дұрыс еместігі ѳз-ѳзінен белгілі тұр.
Нерв системасын ѳсіру һәм берік қылу
43
Нерв системасының сау болуы керек болған сықылды, оның
дұрыс ѳсуі һәм берік болуы да керек. Бар дененің жақсы
ѳсуінің шарты денені тек жатқызбай жұмыс қылдыру болса,
нерв системасының жақсы ѳсуінің һәм берік болуының да
шарты сол. Нерв системасына әсіресе миға істететін жұмысы
сол мидың ѳсу дәуірлеріне тура келетін болсын. Есте болсын,
адамның бар денесі бастапқы кезде ѳсуді ғана біледі. Біраздан
қозғалымпаз һәм сезімпаз болады. Ұлғая келе ғана адамда есті
тұрмыс басталады. Сондықтан балаға бастапқы кезде оның
сыртқы сезімдерін ұлғайтатын һәм дене мүшелерін кѳп
қозғалтатын жұмыстар істету керек. Сурет салдыру,
жабыстыру (балшықтан түрлі заттар жасау), қол еңбегі һәм
гимнастика сықылды. Мұнан соң бала ұлғая, ѳсе келе оның
істейтін жұмыстары да тереңдей беру керек. Қысқасы, нерв
системасының тәрбиесі дененің ѳсуіне қабысып отыруға тиісті.
Белгілі жолдармен басқыштап тәрбие қылынған ми сау, ѳткір
һәм талмайтын берік болады. Миын іскер қылып үйренген
адам қартайып, бар денесі қаусап іске жарамай отырған күнде
де сау милы, дұрыс ойлы болады. Ал енді «жасыңда қылжың
болсаң, ѳскенде мылжың боларсың» деген мақал ып-ырас.
Достарыңызбен бөлісу: |