Қозғалуы. Адам денесі қозғалуды тілейді. Адам неғұрым
жас болса, солғұрлы қозғалуды кѳп тілейді. Екі жасар дені сау
бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау
28
білмей, ойнайды да жүгіреді. Бала жүре бастамаған күнде де
тек отырмай, аяқ-қолын шолтаңдатып отырады. Бірақ
бастапқы кездегі баланың қозғалуы оймен, тілеумен қозғалу
емес, «рефлекс» бойынша соқыр қозғалу. 5–6 айдан былай
бала маңайындағы нәрселерді ұстауға, қолына алып ойнауға
ѳзі тілей бастайды. Міне, бала қозғалуды ѳзі тілей бастаған
кезде ана оған түрлі жеңіл ойын кѳрсетіп, кѳмекші болу керек.
Бірақ кѳмекші боламын деп қозғалуға шамасы жоқ баланы
зорлықпен қозғалуға үйрету дұрыс емес. Жаңа туған бала
басын һәм барлық денесін билей алмайды, оның шамасының
келетіні – жату. Бала тѳрт ай толмай басын билей алмайды,
жеті-сегіз ай толмай еркін отыра алмайды. Сондықтан 4 айға
толмаған баланы жатқан орнынан кѳп қозғай беру
жарамайды.
Тегінде, баланы ѳзінің отыруға шамасы келмейтін кезде
еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып калуға ықтимал.
Жас баланы кѳтеру де дұрыс емес. Денесіне зиян келеді, бұл
–
бір. Екінші, кѳтеріп үйрету ата-анаға бір пәле ғой. Аяғы бар,
тілі бар дардай баланың «Апа, кѳтер, әке, кѳтер» деп мазаны
алуы ұнамды ма?.. Жас баланы арбаға салып сүйреу –
қазақтың бір қате жұмысы. Тақтай арбаның ішіне жаман
кѳрпеге оратқызып, баланы салып алып, 6–7 жасар балалар:
«
Мен ағамның қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны
дүрілдеткенде баланың не жаны қалады? Үлбіреген жас денеге
зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда? Баланы
еңбектеуден тыюға дұрыс емес. Еңбектесін, қозғалсын, жас
күшін жұмсай берсін. Бірақ бала еңбектейтін жер таза, тегіс
болсын, мүмкін болғанда тегіс жерге кілем тѳселген болсын.
Қазақтың еңбектеген баласының күні қараң ғой. Ол баланы
қараушы болмайды. Бала еңбектеп от орнына барып күйіп
қала ма, күл, кѳмір жей ме, нәжіске былғана ма, сызға, сазға
отыра ма, оны бақылаушы жоқ. Үсті-басы күл, топырақ,
үрпиіп ылғи сызда, сазда отырады. Баланың неше түрлі ауру
болатындығы осы сыз ѳтуден. Сызда, былық жерде асыралса,
29
мал баласы да оңбайды ғой. Адам баласы мал баласы емес,
баланы жақсылап бағу керек. Баланы қолынан ұстап тәй-тәй
қылуды дұрыс деуге болмайды. Денесінің бір жеріне зиян
келтіруге мүмкін. Кейбір ата-ана баланың тәй-тәй болғанын
қызық кѳріп, тәй-тәй болғысы келмей орнынан тұрмай
отырған баланы еріксіз тұрғызып тәй-тәй қылады. Бұл істері,
әрине, қате. Балаға итарба жасап беру дұрыс емес демейміз.
Бірақ итарбамен зорлап жүргізбе дейміз. Жағалағысы
келгенде үстелді бала ѳзі-ақ жағалайды ғой. Итарба да
баланың жанында жай тұрсын. Жүргісі келсе бала ѳзі де
жүреді. Шеше бірақ байқап отырып, баланы арбаға дұрыс
ұстатқызып жіберсін. Тоғыз ай мен он алты ай арасында бала
жүруге үйренеді. Есте болу керек, баланың мешел болуы тәй-
тәй кеш болғандықтан, итарбасы болмағандықтан емес,
аурулы болғандықтан. Балам мешел болмасын десең, балаңды
дұрыс күт...
Серуен. Ылғи үйде, нашар ауада бала құп-қу, нашар,
меңіреу болады. Сондықтан баланы күн сайын таза ауаға
серуенге шығарып тұру керек. Киіз үй ашық ауамен бірдей.
Киіз үйдегі баланы шығарсаң да бір, шығармасаң да бір. Ал
еңді қазақтың «қысқы үй» деп аталған үңгіріндегі баланы
әлсін-әлсін серуенге шығарып тұрмай болмайды.
Үй саулыққа дұрыс салынған болса да, баланы серуенге
шығарып тұру керек. Себебі үйдің ауасы бұзылып отырады.
Алты ай толмаған баланы қыстыгүні серуенге шығару
жарамайды. Баланың саулығы нашар болса, доқтырлар бір
жасқа толмай қыстыгүні шығаруға қоспайды. Күзгі, жазғы 2
градустық салқында бір жылдық баланы күн сайын 15–20
минут серуенге шығаруға болады. Ал енді 2 жастан былай
баланы күн сайын кем дегенде 15–20 минут серуенге шығарып
отыру керек. Жаңа оянған яки шомылдырылған баланы су
жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серуенге шығаруға
нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 сағат арасы.
Тісеу. Тісеу – баланың дене тұрмысында зор ѳзгеріс. Жас
30
иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады. Иекте
тамыр кѳп болғандықтан, тісей бастағанда бала әжептәуір
ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыстық болады. Аузынан
сілекей шұбырады. Бала әлсін-әлсін қолын аузына сала береді.
Мұндай уақытта баланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек.
Жылы суға жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі тѳмендегі
ретпен шығады. Тісі тѳрт түрге бѳлінеді.
Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай арасында
шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – тѳрт. 12–16 ай арасында
шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4, 17–20 ай арасында
шығады. Тѳртінші түр – түпкі азу. Саны – 4, 20–24 ай
арасында шығады. Міне, осымен баланың 20 сүт тісі болған
болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе бастап, 7–11 жас арасында
балаға дәйімгі тісі шығады. Яғни жаңағы айтылған – 20 тісі
түсіп қайта шығып, олардың үстіне тағы азу қосылады. 12
жаста тағы тѳрт азу шығады. Сѳйтіп, дәйімгі тістің саны 28-ге
толады. 22–25 жас арасында тѳрт азу шығады. Мұны ақыл
азуы дейді.
Баланың сүт тісі ѳте нәзік болады. Ыстық та, суық та
жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұзылымпаз
келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұстау керек. 3 жастан
былай тамақ берген сайын баланың аузын жуып отыру керек.
Тісті жаман бұзатын нәрсе – тәтті. Жас балаға тәтті беруге
жарамайды. Біраз ѳскен соң беруге мүмкін, бірақ аз һәм сирек
беру керек.
31
Б
Ж А Н
Т Ә Р Б И Е С І
астапқы кезде жѳпшенді білінбейтін баланың жан
тұрмысы бала ѳскен сайын бірте-бірте біліне бастайды.
Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар
алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала ѳскен сайын
тәрбиеші күшінің кѳбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай
беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат
нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол – жан. Қиын тәрбие тілейтін
де сол – жан. Жанды дұрыс тәрбие қыла білу үшін жанның
жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.
32
П
П С И Х О Л О Г И Я
Достарыңызбен бөлісу: |