Мағжан Жұмабаев
1922
жыл, 15 сентябрь, Қызылжар.
3
Ж А Л П Ы
П Е Д А Г О Г И К А
Жетекші сѳз
ТӘРБИЕ
ДЕГЕН НЕ?
Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан
иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс ѳсуіне кѳмек
кѳрсету деген сѳз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда,
адамның баласын, кәміл жасқа толып, ѳзіне-ѳзі қожа
болғанша, тиісті азық беріп, ѳсіру деген мағынада жүргізіледі.
(
Адамзат дене һәм жан аталған екі бѳлімнен тұрғандықтан,
бұл екі бѳлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі
болғандықтан, дұрысын айтқанда адамға шын мағынасымен
«
адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, адам баласын
тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының әсіресе, жанын
тәрбие қылу керек деп ұғу керек).
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам
баласы туғанда ѳте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың
тѳлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан
жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда
5
іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым
әлсіз. Ѳсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки адам баласы
осылай ѳте әлсіз боп туып, аса сараң ѳсетіндігінен, оның
денесіне, жанына азық беріп, ѳсуіне кѳмек кѳрсетпей, яғни оны
тәрбие қылмай болмайды.
6
Т
Т Ә Р Б И Е
Б Ѳ Л І М Д Е Р І
әрбие тѳрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы
тѳрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде
ол жѳпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық, сықылды
тұрмыста жиі ұшырайтын кѳріністерді елемейтін мықты,
берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл
табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сѳз, нәзік үн, әдемі түрден
ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан
жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты
болса, міне осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие
алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана
осы тѳрт тәрбиені дұрыс орындасын. Бала ауру не зағып болса,
баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала
кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала
білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші
жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші
кѳтерсін» деген иран елінің мәтелі - шын дұрыс мәтел.
7
Т
Т Ә Р Б И Е Д Е Н
М А Қ С Ұ Т
әрбиеден мақсұт адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса
барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі
әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.
Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсұт "адам" деген атты құр
жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып
шығару.
8
Б
П Е Д А Г О Г И К А
Қ А Н Д А Й П Ә Н ?
із жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екендігін,
оған қандай тәрбие беру керектігін, һәм ол тәрбиені не
үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ,
балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім)
тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқып-
білмей-ақ ѳз бетімен бере ала ма? Әркім ѳзі-ақ жол тауып
кеткендей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ.
Бұлай емес. Бала тәрбиесі бір ѳнер, ѳнер болғанда ауыр ѳнер,
жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін ѳнер. Баланы дұрыс
тәрбие қылу үшін әркімнің ѳз тәжірибесі жетпейді. Басқа
адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа
адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелерін кѳрсеткен
жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек.
Тәрбие пәні - педагогика деп аталады.
Педагогика грек елінің сѳзі. Пед – бала, агоги – жетектеу
деген екі сѳзден құралған. Баяғы Грецияда балаларды бағып,
мектепке алып келіп жүретін кәрі құлдар педагог деп аталған.
Педагог деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан
кѳрінеді. Бірақ соңғы заманда пән, ғылым ѳсіп адамзат
9
ѳнерленген сайын педагог деген есім қадірлі, қасиетті болып
барады.
10
Б
П Е Д А Г О Г И К А М Е Н
Ж А Қ С Ы Т А Н Ы С
Б О Л У Д Ы Ң
К Е Р Е К Т І Г І
алаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен
қолданатын жолы — ѳз тәжірибесі. Яғни бала күнде ѳзі
қандай тәрбие алған, һәм баланы бұрын ѳзі қалай тәрбие
қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті
қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие
туралы әрбір тәрбиешінің ѳз тәрбиесі - аса қымбат нәрсе.
Адамның ѳз тәжірибесі - жүріп кеткен жолы. Ол жолдың
жақсы-жаман жағы кѳз алдында сайрап тұр. Істегеннен кѳрген
анық. Кѳргеннен бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің ѳз
тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге
болмайды. Бір адамның тәжірибесі тым тар, тым бірбеткей
тәжірибе. Тәрбиешінің ѳзіне қолайлы болған жол тәрбие
қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден мақсұт
—
баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шығару емес.
Келешек ѳз заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды
ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма деп үйрет!» деген
Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық бар. Бұл – бір.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт
тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден
қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі
11
баяғыдан бері сыналып, кѳп буын қолданып келе жатқан
тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сѳз жоқ, ұлт
тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы ѳз
ұлтының арасында, ѳз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында
ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт
тәрбиесінің жақсылық жағы кѳп болған сықылды, жамандық
жағы да кѳп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі
ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде
ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың
біреуі - біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі,
керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола
бермейді.
Жоғарыда айтқаннан кѳрінеді, балаға шын дұрыс тәрбие
беру үшін, тәрбиешінің ѳз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен
таныс болуы жетпейді екен. Бұлар - бірбеткей шикі
тәжірибелер. Бұлар сыннан ѳткізіліп, пісірмеген күйде берік
негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-жаманын,
алтын мен мысын тізіп ала білу үшін тәрбие майданында
шабылып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі
ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының
ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін
шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс
болу керек.
12
П
П Е Д А Г О Г И К А Ғ А
Ж Ә Р Д Е М Ш І
П Ә Н Д Е Р
едагогика адамның денесін, һәм жанын дұрыс тәрбие
қылу
жолдарын
ізденетін
пән
болғандықтан,
педагогика пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі
айтқанда, адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның
денесі, һәм жанының жайын кеңес қылатын басқа пәндермен
таныс болуға тиісті. Бұл пәндер тѳмендегілер.
Достарыңызбен бөлісу: |