шамасында,
нағыз сау, таза бала 10-11 қадақ шамасында
салмақты болады. Бастапқы 2-4 күн ішінде түрлі себептерден
баланың туғандағы салмағынан 1/2 - 3/4 - қадақ шамасында
кемиді. Мұнан соң бірте-бірте салмағы арта бастайды. 7-10
күнде туғандағы салмағына қайта түседі.
Айдың аяғында,
туғандағы салмағынан 1/3 артады. Мұнан соң салмақ арту
шабандай береді. Екінші жыл бойына бастапқы салмағының
1/5,
үшінші жыл бойына 1/10, ал енді тѳрт жастан онға шейін
жылына 4-5 қадақтан артып отырады.
Бала сау болып туды ма, ауру болып туды ма, сау болып
ѳсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма
- осыларды дұрыс біліп
отыру үшін жоғарғы мѳлшер бойынша баланы ѳлшеп отыру
керек. Бастапқы айда күн сайын, мұнан соң жыл толғанша
жетіде екі-үш рет, екінші жылда жетіде бір, үшінші жылда
айында бір ѳлшеп отыру мақұл.
“
Баламды безбенге сал” деп
айттың деп қазақтың ыршып
кетуінде сѳз бар ма?! Тәрбиенің басқа түрлерін ести келе,
адуын әжелер ыршымақ түгіл сѳгіп тастар. Әйткенменен, амал
қанша, кѳтерерміз. Мойнымыз жуан болғанмен, ѳзіміз
жуаспыз. Біздің
бар тілегіміз ыршыса ыршысын, ұрысса
ұрыссын, тек біздің айтқанымызды естісе екен. Қайткенмен де
біреу болмаса біреу, жүздерін
болмаса да мыңнан біреу осы
педагогика кѳрсеткен жолмен жүрер деп сенеміз. Біз ѳзімізді
ақынның:
Сѳзімді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар, –
деген сѳзімен жұбатамыз.
Достарыңызбен бөлісу: