белгілі бір тәртіппен тамақтандыру керек. Баланы ана емізген
күнде емізу тәртібі былай: жаңа туған баланы күндіз 2-3
сағатта бір, түнде 3-4 сағатта бір емізу тиіс. Ал енді бала ѳскен
сайын емізуді сиректете беру керек. Былайша бірінші айда
тәулікте 8-9 рет, 4-айға шейін 7-8 рет, жарты жасқа шейін 7
рет, 9 айға шейін – 6 рет.
Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек
емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде бір
емізу
жетеді.
Баланы
қолдан
тамақтандырғанда
да
тамақтандыру тәртібі осы. Бірақ қолдан тамақтандырғанда
тамақ белгілі бір мѳлшермен беріліп отыруға тиісті. Бала
тамағының мѳлшері баланың асқазанының зорлығына
байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 3
қасық ас сыяды, екінші жетіде – 6 қасық, екінші айда – 9-10
қасық. Міне, осы асқазанның зораюына қарай балаға берілетін
тамақ мѳлшері де зорайып отыруға тиісті.
Балаға тамақты тәртіппен беру оның дұрыс ѳсуіне, аурулы
болмауына, мінезінің дұрыс болуына да кѳп пайдасы бар.
Балаға
тамақ тәртіпсіз, ретсіз, былапыт берілсе, бала аурулы
болады. Асқазаны бұзылады, ішкен-жеген тамағын сіңіре
алмайды. Жер жүзінде балаға
тәртіпсіз тамақ беретін әйел
екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да,
бір жері ауырып, яки тѳсегі тынышсыз болып жыласа да, оны
шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың аузына
сала қояды. Түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып
алады. Емшек – балада, ана – ұйқыда. Баланың аузынан
емшегін алса, баланың қолына басқа бір тамағын ұстатады.
Сорлы баланы бір минут тамақтан босату жоқ. Яки мынандай
іс те болады.
Шеше не бір жұмыспен, не жай қыдырып кезіп кетеді, мана
кеткен шеше әлі жоқ.
Ерте күн түс болды. Түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр.
Қарны ашады. Шырқырап, ішегі қатып, жылайды. Бишара
бала
жылап-жылап әлсіреп, талып барып ұйықтайды. Кешке
22
келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы кѳріп: «Құлынымның
тамақ іздемей, жыламай, тәтті ғана ұйықтап жатқанын
қарашы!» – дейтін шешеге не дерсің?
Қазақ қатыны! Ѳзіңде ѳзіңнің қастығың болмаса, баланың
аузын астан алмай,
аспен ұрып жығып, болмаса тамақ
бермей, аштан қатырып, талдырып ұйықтатып бала
асырауыңды қой. Тамақты беріп-беріп балаңды қарнын
қапақтай, бұтын таяқтай кѳк қарын, ши борбай қылма.
Балаңды аурулы қылма.
Асты мезгіл-мезгіл беріп, тәртіпке
үйрет. Тамақты тәртіппен берсең, балаңның дені сау болады.
Құр ас иесі қомағай болмайды. Аузынан ас түспейтін мешкей
болмайды. Тамақты тәртіппен ішіп үйренген баланың мінезі
де дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: