ал тоғыз айдан былай таза сүттің ѳзін беріп отыру керек. Бір
ішкізгеннен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға
беретін сүттің жылылығы
адам денесінің жылылығындай
болуы керек.
Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір стакан
сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға берілетін сүт сау
сиырдың жаңа туылған сүті болсын. Әр сиырдың сүтін бір
бергеннен бір ғана сиырдың сүтін берген дұрыс. Сүт, ыдысы
таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті.
Емізік. Қолдан асырағанда балаға тамақ беру үшін
қолайлы әдіс – емізік. Ішіндегі сүтін
емізіп болған соң құр
емізікті балаға сорғызып қою тіпті дұрыс емес.
Біріншіден,
баланың іші желге толып аурулы болуға себеп болады.
Екіншіден, желімнен жасалған
емшек баланың денесіне зиян
келтіреді. Баласына
құр емізікті сорғызып қойып, ауыл
қыдырып ѳсек аңду анаға лайықты іс емес, баланы таба білсең,
ерінбей дұрыс баға біл.
Достарыңызбен бөлісу: