Педагогика


Соқыр сезім (инстинкт) ісі



Pdf көрінісі
бет60/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Педагогика

Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра
бойынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері. Соқыр
сезім адамның ѳзінің һәм тұқымының аман болуына қызмет
қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей, емшек емеді. Яки құс
қыс жақындағанда жылы жаққа ұшып кетеді.
Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай
болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ойменен
қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар сықылды
басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат ісі. Қайраттың бет
алысы екі жақ: жан кѳріністері һәм сыртқы дүние. Мысалы,
мен қайрат жұмсап бір ойды еске түсіремін. Яки жерде
жатқан бір нәрсені кѳтеру үшін еңкейем.
Қайрат түрлері. Қайрат тѳмеңдегі түрлерге, дұрысырақ
айтқанда, басқыштарға бѳлінеді: тартылу, ұмтылу һәм тілеу.
Қайрат адамда ә дегеннен берік, ашық болмайды. Бастапқы
кезде бір әсер мен белгілі бір беталыс болмай, белгілі бір
мақсұт болмай, бір нәрсеге жан жай тартылады. Мысалы, бала
аштықтан жылайды, тыпырлайды, жаны жағымсыз күйде
болады. Жанында бір азап болады. Бірақ бала осы жағымсыз
күйдің, осы азаптың аштықтан екенін аңдап біле алмайды,
оған сүт керек екенін біле алмайды. Міне, жанның осындай
күйі тартылу деп аталады. Ал енді тартылуға аң қатысса, яғни
адам, не нәрсеге болса да ѳзінің мұқтаж екендігін аңдап, анық
білсе, бірақ сол мұқтаж нәрсенің не нәрсе екендігін анық біле
алмаса, жанында ұмтылу болады. Мысалы, біз ыстықта
сусаймыз, сусын тауып, сусынды қандыруға ұмтыламыз. Бірақ
бізге кез келетін сусынның қандай болатынын білмейміз.
Егерде біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу
тілеуге айналады.
Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы байлам. Бұл
үшеуінің арасында берік байлам бар. Суреттеу болмаған
нәрсені адам тілей алмайды. Мысалы, естімеген, білмеген
131


тамақты тілеуге мүмкін емес. Және адамның жағымсыз ішкі
сезімі беретін нәрсені де тілеуі мүмкін емес. Бір нәрсенің суреті
біздің жанымызда неғұрлым ашық болса һәм оның
жанымызда жағымды сезім туғызуы бізге белгілі болса, біз сол
нәрсені қатты тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет