Педагогика


Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету



Pdf көрінісі
бет59/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Педагогика

Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету. Бала
барлық 
ізгі 
құлықтарды 
ѳзі 
басынан 
кешіріп, 
яки
маңайыңдағы адамдардан кѳріп, біліп бітіре алмайды.
Алдағы ѳмірінде құлықтардың әлденеше түрлеріне
128


ұшырауға мүмкін. Ол уақытта мен мына құлықпен таныс
емеспін, сондықтан мұны ешнәрсе деп айта алмаймын деп
отыра алмайды ғой. Алда, болашақ ѳз істеріне һәм басқа
адамдар ісіне құлық кѳзінен баға бере алуы үшін оның құлық
туралы ерте күннен ой жүргізіп үйренуі тиіс қой. Сондықтан
тәрбиеші, балаға түрлі істерді құлық кѳзінен салыстырып,
сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе,
құлық туралы белгілі берік бір ұғымға ие болады. Ол уақытта
алдағы ѳмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен
қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады.
129


Б
Қ А Й Р А Т
із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерінен ақыл
һәм ішкі сезім кѳріністерін баяндадық. Енді жан
кѳріністерінің үшінші түрі қайратқа кѳшеміз.
Қайрат ұғымы. Біз ақыл кѳріністері арқылы сыртқы заттар
туралы, яғни олардың ѳзі, ісі һәм күші туралы білім аламыз.
Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын
білеміз, һәм ол күйді жағымды не жағымсыз деп бағалаймыз.
Ал енді жанымызда тағы бір күш, тағы бір кѳрініс бар. Жан бір
нәрсені істеуге, болдыруға ұмтылады, яки істемеске,
болдырмасқа ұмтылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу
емес, аңды, саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақсатқа жету үшін
жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине, жан құр
ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын болдыру үшін
денені іске қосады. Жанның қайрат күші арқылы істелетін іс
ерікті іс деп аталады. Ал енді адамның қайрат қатыспай,
еріксіз істейтін істері де болады. Мысалы:
1) 
Импульс ісі. Яғни кейбір істерді сырттан ешбір әсер
болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы, ұйқыдан
оянғанда адам керіледі, созылады.
2) 
Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы
130


қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, кѳзге бір затты
жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң, дірілдейсің.
3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет