Педагогика


Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу



Pdf көрінісі
бет57/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Педагогика

Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамңың сұлулық
сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі
120


музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан.
Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын,
біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің
міндеті – балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар
екенін тауып, сол ынтасын, сол туғызатын сұлулық сезімдерін
ѳркендету. Ѳркендету жолдарынан тѳмендегі жолдарды
кѳрсетуге болады:
1) 
Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу.
Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың
былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын,
орманның 
күңіренгенін, 
теңіздің 
гүрілдегенін 
естісін;
жымыңдаған жұлдыздар себілген кѳк шатыр кѳкті, түрлі түсті
кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды кѳрсін.
Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында
болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші
жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара
білу керек.
2) 
Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза
болсын. Таза деген сѳзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде
қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы
нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші,
киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-
басы, денесі, беті-қолы – бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың
маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға
міндетті. Ұяда не кѳрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа
үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық
болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолымен мұрнын
сіңбіріп яки баланың нәжісін ұстап, қолын жѳндеп шаймастан
тағы асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің
былықтықты ырыс кѳруі надандықтың әбден асқынғандығы
ғой.
Баланың маңайындағы сѳйленетін сѳздер де әдепті, сұлу
болуға тиісті. Былық сѳздерді естіп ѳскен бала ѳмір бойы
былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала-шағаның
121


алдында былық-былапыт сѳздерді сапырып сѳйлеуіңді қой.
Қайдағы құдай атқан сѳздерді естіп ѳскен ұлыңда қандай әдеп
болады, қызыңда қандай қылық болады?!
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары
да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты кѳріп
ѳскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер
жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан
жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.
Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-
ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-
мыс! Семіз болып пысылдап отырса, айбынды «адам» болады-
мыс! Кейбір мырзалар сал боламын деп жүргенде қиқаңдай
ма керек, бұраңдай ма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып,
құсқың келеді. Осыларды кѳріп ѳскен қазақ баласының
денесінде не сұлулық болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын
десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып
ѳсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты
сүйсе, оған ауру үйір болмайды.
3) 
Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала
неше түрлі сұлу үндерді естісін. Неше түрлі сұлу түрлерді,
түстерді кѳрсін. Сұлу сѳздер, сұлу ѳлеңдер жаттасын. Түрлі
музыка құралдарының әуендерін тыңдасын, сурет салып
үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін. Міне,
осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері ѳркендейді. Білу
керек, топас адам – тірі ѳлік.
122


А
Қ Ұ Л Ы Қ
С Е З І М Д Е Р І
дам ѳзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп
отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады.
Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой
һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу
– 
адамның жаратылысының ѳзінде бар нәрсе.
Ойдың яки істің ізгі яки жауыз болуына қарап, сол ойға яки
іске іштен баға бергеңде, адамда болатын жағымды яки
жағымсыз сезімдер құлық сезімдері деп аталады. Құлық
сезімдері жасқа, дұрысын айтқанда білімге қарап, әр адамда әр
түрлі болады. Білім неғұрлым тѳмен болса, құлық сезімдері де
сонша тѳмен, тар болады. Мысалы, білімі кем адам бір ой яки
іс түбінде пайдалы болып шығар ма, жоқ па, оны байқай
алмай, сол уақытында жағымды, пайдалы болса, оны ізгі ой,
ізгі іс деп біледі. Ұрлық қылған надан адам «ұрлық түбі
қорлық» екеніне кѳз жібере алмай, уақытындағы пайдасын
ғана кѳреді. Бала барлық еркелігінің, барлық тілегінің
орындалып отырғанын ғана жақсы кѳреді. Еркеліктің
орыңдалуын ізгілік деп біледі, еркеліктің орыңдалмауын
жауыздық деп біледі. Ал енді адам есейген сайын, дұрысы,
білімі артқан сайын оның құлық сезімдері де жоғарылай,
123


тереңдей, кеңейе береді. Яғни адам ақылы тереңдеген сайын
дүниеде ол жалғыз ѳзі тұра алмайтындығын, басқа
адамдармен бірге тұруға мұқтаждығын, ѳзінің ойын һәм ісін
басқа адамдардың ойлары һәм істерімен қабыстырып отыруға
міндеттілігін, яғни ѳз басына келетін пайдаға ұмтылып, ѳз
басына келетін зияннан безбей, сол ѳзгемен бірге дүниеде
тұратын басқа адамдарға да пайда келіп, зиянның болмауын
тілеу тиістілігін, міне, адам білімі, ақылы тереңдеген сайын
осыларға ұмтылады. Яғни оның құлық сезімдері осылай
тереңдейді.
Мысалы, балада бір ауыздан анасын сүю сезімі оянады.
Ананы сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сѳз.
Біраз ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып
айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң
білім тереңдеңкіреген кезде адамда елін сүю сезімі оянады. Ѳз-
ѳзін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне
алып барады. Бұл сѳздердің кѳрінісі – ізгілік деген сѳздің
дұрыс, һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның ѳзін сүюі,
яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке үмтылуы, туысқандарын
сүюі, яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, ѳз елін сүюі,
яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп,
зиян келтірмеу, һәм басқаларға зиян келтірткізбеу, ең негізінде
біткен адамзатты дос, һәм бауыр кѳру екен. Міне, кімде-кім
ѳзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, ѳз елін сүйсе, әсіресе біткен
адам баласы бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз.
«
Әсіресе» деген сѳзді қосуымыздың мәнісі мынау: адамның
ѳзін-ѳзі сүюі, туысқандарын сүюі бұл ол адамның құлық-
мінездерінің тѳмен тұрғандығын кѳрсетеді. Ѳзін-ѳзі соқыр
сезіммен мал да сүйеді, пайдаға ұмтылады, зияннан безінеді.
Туысқандарын мал да сүйеді, бие құлынын қорғайды.
Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін ѳзін сүю,
жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі
шарт. Ѳзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей,
жалпы момын халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық
124


пайдасын ѳз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі
адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан
бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір
ѳлеңінде:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі кѳп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш,–
дейді. Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген адам
«
жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті.
Ѳз елін сүю дегеннен адам ѳз халқынан басқа халықтарды
мейлінше жек кѳрсін, басқа халықтарға қасқыр болып тисін
деген сѳз шықпайды. Бұлай болса жер қанға тұншығып,
бұзақылық белең алып, жауыздық ѳрлеп, жер жүзінде тыныш
тұрмыс болмас еді. Европа мемлекеттерінің мына 1914
жылдан бері қан тѳгіп жатқаны, одан бұрынғы да соғыстар
бұған айқын дәлел. Әрбір халық бір-біріне жау болсын деп ұғу
қате, адам ѳз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа
халықтардың адамдарын да сүюге міндетті. Міндетті ғана емес,
еріксіз сүймек. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл –
адамның жаратылысындағы негізгі мінез.
Осы жерде «дін сезімдері» деп аталатын сезімдер туралы
бір-екі сѳз айтып ѳтейік. Бірқатар адамдарда мынадай бір
пікір бар: адамның құлық сезімдері күшті болу үшін, яғни
адам ізгі болу үшін, жауыздықтан тыйылып, еркіндікке
ұмтылу үшін адамда дін сезімдері күшті болуы керек. Дін
сезімдерінің негізі – дүниені жаңартушы, дүниеде барлық
нәрсені істеп тұрушы бір тәңір бар деп сену һәм сол тәңірге
адам ѳзін пенде деп білу. Тәңірінің құдіреті алдында адам
ѳзінің әлсіздігін сезіп, тәңірге құлшылық қылу, яғни
жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық кемшіліктен
азат тәңірге жағу үшін барлық кемшіліктен безу.
Ізгілік істесе – тәңірінің кѳңілін табуға, разылығын алуға,
махаббатын тартуға яғни жұмаққа кіруге сену. Жауыздық
125


істесе – тәңірінің наразылығын алуға, ашуына, қаһарына
ұшырауға яғни тамұққа кіруге сену. Міне, дін сезімдерінің
негізі – осы. Осы дін сезімдері күшті адам яғни тәңірінің
барлығына, құдіретіне сиынып, онын махабатын алуға,
қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам ѳмір бойы ізгілікке
ұмтылып, жауыздықтан безбек.
Дін сезімдері туралы пікір осы. Бұл – баяғыдан бері келе
жатқан пікір. Бұл пікір туралы бұл күндегі үстем ой, ғылымға
сүйенген үстем ой мынадай: дін сезімдеріне мұнша артық баға
беру, адамды жауыздықтан бездіріп, ізгілікке ұмтылдыратын –
дін сезімдері ғана деп ұғу дұрыс емес. Құлық сезімдері, яғни
адамның жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылатын мінезі
адамның жаратылыстарында бар. Кісі ѳлтіру, ұрлық қылудың
жауыздық екенін білу үшін дінді білу шарт емес. Ізгілікті сезу
– 
адамның жаратылысына, табиғатына берік байланған нәрсе.
Дін ескі емес, адам ескі. Дін ескі емес, жаратылыс, табиғат ескі.
Ізгілікке ұмтылдыратын дін адамның жаратылысын жасаған
емес, ізгілікке ұмтылатын адамның мінезі дінді туғызған.
Сондықтан адамның кұлық-сезімдеріне дін сезімдерін негіз
қылып алу, адамның құлықты болуын дінді болуына байлау
дұрыстыққа келмейді. Бұл – бір.
Екінші, адамның бір нәрседен тыйылуы, бір нәрсеге
ұмтылуы екінші бір затты сыйлағаннан, сол затқа жағыну үшін
болмай, дұрыстық үшін болса, нағыз тынымды, тиянақты, игі
ұмтылу һәм тыйылу осы болмақ. Бір адамды сыйлап істелген
ізгілік рия болса, «тәңіріні» сыйлап істеген ізгілік те рия.
Рияның адамға пайдасы жоқ. Рия адамды түземек емес,
бұзбақ. Кемшіліксіз идеал бар: адам дүниеде ісін идеал үшін
істесін, идеал үшін тұрсын, және сол идеалдай түгел боламын,
кемшіліксіз боламын деп ұмтылсын.
126


Қ
Қ Ұ Л Ы Қ
С Е З І М Д Е Р І Н Ѳ Р К Е Н Д Е Т У
Ж О Л Д А Р Ы
ұлық сезімдерін ѳркендету үшін тѳмендегі жолдарды
кѳрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет